Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы университеттің 2001 ж. 18 қыркүйектегі бұйрығымен Тарих-филология факультететіндегі “Жалпы тарих” кафедрасынан  жалпы университеттік “Қазақстан тарихы және құқық” деген атпен кафедра бөлініп шығып, 2005 жылдан «Қазақстан тарихы» кафедрасы болып жұмыс жасап келеді. Университеттің  Ғылыми  Кеңесінің 2011 жылы 4 қазандағы  №154 бұйрығы бойынша Қазақстан тарихы кафедрасы әлеуметтік-гуманитарлық факультет құрамына енгізілді. Аталған кафедра кредиттік оқыту жүйесі бойынша университеттің 6 факультетінде Қазақстан тарихы пәнінен дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді.

Кафедраның қалыптасуына атсалысқан ардагер, ұстаз, ғалымдар; т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА акедемигі К.Нұрпейіс, т.ғ.д., профессор К.Аманжолов, т.ғ.д., профессор А.Бегалиева.

Бұл күнде кафедрада аға ұрпақтың өнегелі істерін жаңа серпінмен жалғастырып келе жатқан білікт мамандар қызмет жасайды. Олар: кафедра меңгерушісі, т.ғ.к, қауымдастырылған профессор А.Т. Қаипбаева, т.ғ.к., профессор м.а С.М. Түменова, т.ғ.д., профессор Г.А. Сармурзина, т.ғ.к., доцент Е.Т. Берлібаев, т.ғ.к., аға оқытушы Ә.Қ.Шашаев, философия докторы, (PhD) аға оқытушы А.Нұрмұхамбетов, аға оқытушылар Т.Т.Тленова, М.Д.Рахымжанова, Д.Бекова, ғылым магистрі, оқытушылар Ж.К.Тойшыбекова, Р.А.Төреханова аға лаборант С.Б. Өмірбекова.

Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ-тың) ғылыми-теориялық, әдістемелік деңгейі  жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес келеді және Қазақстан тарихы кафедрасы пәндерін оқытудың негізгі мақсаттарын орындайды. Әсіресе:

– Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері туралы, этногенездің жалғастығы мен сабақтастығы, қазақ мемлекеттілігі мен әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи және әлеуметтік-саяси негіздері туралы объективті тарихи білім беру;

– халықтың тарихи жадын жаңғырту;

– ұлттық бірлік пен ұлттық сананы қалыптастыру;

– қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және т.б назар аударуды қажет ететін басты басымдықтар болып табылады.

 

Кафедра жұмысында ғылыми-педагогикалық кадрлардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, монография, республикалық, РИНЦ және Tomson Reuters, Scopus, халықаралық ғылыми басылымдардағы ғылыми жарияланымдарға ғылыми мақалалар, республикалық және халықаралық конференцияларға ғылыми баяндамалар т.б. даярлау ісі де жолға қойылған. Ғылыми ізденістер мен зерттеулер нәтижелері оқу үдерісіне енгізілген. Атап айтсақ, кафедра ұжымының «Қазақстан тарихы» –Алматы, 2012;  Б.Сайлан. «Кеңестік биліктегі Қазақстанның жастар саясаты: тарихы мен тағлымы (1917-1991жж.)» . –Алматы: «ҚазМемҚызПУ», 2011; Г.Қозғамбаева, А.Қаипбаева. Қазақстан тарихынан семинар сабағына арналған оқу-әдістемелік құрал. –Алматы: «ҚазМемҚызПУ», 2011; Е.Т.Берлібаев. «Көші-қон процестері» –Алматы: «ҚазМемҚызПУ», 2011;  С.М.Түменова «История Казахстана» оқу құралы. –Алматы, 2011; А.Т.Қаипбаева, Е.Т.Берлібаев. «Отандық тарихтың іргелі мәселелеріне қазіргі кезеңдегі теориялық-әдістемелік көзқарас» –Алматы, 2016; Авторлық ұжым. «Қазақ хандығына 550 жыл: тарихы мен тағлымы» оқулық. -Алматы, 2016; А.Т.Қаипбаева «Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы» оқу құралы. -Алматы, 2015; Е.Т.Берлібаев. «Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі» оқу құралы. -Алматы, 2017. т.б. 

Кафедрада студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу және оларды патриоттық бағытта тәрбиелеу ісі басты назарға алынған. Студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында кафедра жанынан «Менің Отаным -Қазақстан» үйірмесі жұмыс жасайды. Мақсаты: ұлттық сананы қалыптастыру, азаматтық тәрбие, Қазақстан қоғамы дамуының басымдылықтарын жүзеге асыру. Үйірме жұмысы аясында жыл сайын Ұлы дала тарихы пәні бойынша студенттер арасында дәстүрлі интелектуалдық олимпиада өткізіледі.

2011-2013 жылдары Түркиядағы М.Синан атындағы Стамбул университеті, Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті сынды ЖОО-лармен халықаралық келісімшарт жасалып, ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз қатынас орнатқан. 2014 жылдың наурыз айында Ә.Қара қазақ зиялыларының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне қатысты студенттерге дәріс оқуға, ұлттық тарихты зерделеу аясында ой бөлісуге шақырылды.

Сондайақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және ҚР мемлекеттік орталықтарының мұрағаты, «Қазақ тарихы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакциясымен, т.б Қазақстандағы жоғары оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған.

Кафедраның профессор-оқытушылары білім саласын жүзеге асыру жолында табанды еңбегімен қызмет жасап, жас ұрпаққа  тарихы тағлымды тәлім беруде.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.