Кафедра тарихы

Кафедра Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2004 жылдың 28 тамызындағы №168 бұйрығымен “Құқық және экономикалық теория” атауымен құрылды. Алғашқыда кафедра 5В011500 – “Құқық және экономика негіздері” мамандығы бойынша кадрлар дайындау үшін және университеттің барлық мамандықтарына “Құқық негіздері” мен “Экономикалық теория негіздері” пәндерін өткізу үшін ашылды. 2005-2006 оқу жылынан бастап кафедра 5В051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша кадрларды дайындай бастады.

2009-2010 оқу жылының басында кафедраға 5В050700 – Менеджмент мамандығын беруге байланысты университеттің 2009 жылдың 25 тамызындағы №29 бұйрығына сәйкес кафедра атауы “Құқық және басқару негіздері” болып өзгертілді.

Қазіргі уақытта “Құқық және басқару негіздері” кафедрасы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің құрамында бола отырып, келесі екі мамандық бойынша кадрлар дайындығын жүзеге асырумен айналысады:

5В011500 – “Құқық және экономика негіздері”;

5В051000 – “Мемлекеттік және жергілікті басқару”;

Сонымен бірге жалпы университет бойынша барлық мамандықтарда “Кәсіпкерлік іс-әрекетті ұйымдастыру” пәнінен дәріс береді.

Кафедра мамандықтарының қысқаша сипаттамасы. Құқық және басқару негіздері кафедрасы келесі мамандықтар бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асырады:

5В011500 – Құқық және экономика негіздері,

5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.

5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалавры: орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде  және басқа да орта арнайы оқу орындарында экономика және құқық негіздерінің маманы ретінде және Ішкі Істер органдарында кіші жасөспірім істері бойынша инспекторы қызметіне жұмысқа алынатын маман ретінде танылады. Сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті жоғарлату институттарында, арнайы мекемелерде, кеңселерде) кеңес беруші; фирмаларда; кабинет меңгерушісі, кеңесші, менеджер және т.б. жұмыстарда қызмет атқарады.

5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының бакалавры: жергілікті басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында; Президент Аппараты; Премьер-Министр Кеңесінде; Министрліктер мен ведомостволарда; барлық деңгейдегі әкімшіліктерде; экономиканың мемлекеттік  секторлары (ұлттық компаниялар және мемлекеттік кәсіпорындар; мемлекеттік бюджетпен оның орындалуын бақылауды басқару құрылымдары; мемлекеттік сатып алу; Ұлттық Банк және онық құрылымдары, басқарманың жоспарлау-қаржылық бөлімдерінде) фирмалар мен корпорацияларда  экономист немесе менеджер және халыққа қызмет ету орталықтарында лауазымды жұмыстар істей алады.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы.

Кафедраның жинақталымы 100% құрайды. Барлық оқытушылардың сәйкес базалық білімі бар. Мемлекеттік тілде сабақ беретін ПОҚ үлесі 100% құрайды.

Кафедрада 15 оқытушы педагогикалық қызметін жүзеге асырады, соның ішінде, 1 ғылым докторы, доцент, 1 ғылым кандидаты, профессор, 3 ғылым кандидаты, доценттер, 1 ғылым кандидаты, қауым профессор м.а., 4 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 4 магистр, 1 аға оқытушы. Кафедраның ғылыми дәрежелігі 66,6%.

Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты Ыбышова Салтанат Тұрғынбекқызы.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Мамандарды дайындау мамандықтардың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының, оқытудың күндізгі, қашықтықтан оқыту түрлеріне арналып құрастырылған типтік және жұмыс оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады. Жұмыс оқу жоспары бойынша сағат саны типтік оқу жоспарындағы сағат санымен сәйкес келеді.

5В011500-Құқық және экономика негіздері мен 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының таңдау пәндер каталогтары қазақ және орыс тілдерінде құрастырылған.

Кафедраның қоғамдық-тәрбие жұмысы.

Құқық және басқару негіздері кафедрасы университет көлеміндегі, қала көлеміндегі, республикалық деңгейдегі іс-шараларға ұдайы қатысып отырады. Атап айтқанда:

«Ата Заң – рухани жаңғыру тірегі» атты Құқық және басқару негіздері кафедрасының т.ғ.к., доценті Акмарал Дабыртайқызы Кожабекованың ұйымдастырумен дөңгелек үстел өткізілді (29.08.2017ж);

«Құқықтық мәдениет пен құқықтық тәрбие өзектері» атты Алмалы аудандық ішкі істер органының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуде Заңгер-құқықтанушылар, профессор-оқытушылар құрамы, 1-4 курс студенттері қатысты. (22 қараша 2017ж);

«Жалпы Діни сенім бостандығы туралы» Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқарма, бас маманы, Алматы қаласы, Дін істер басқармасы зерттеу және сараптау орталығының ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен кездесу болып өтті. (03.2018ж)

Кафедраның Профессор-оқытушыларының негізгі ғылыми еңбектері, оқулық және оқу құралдары, халықаралық конференциялардағы мақалары үздіксіз уақытылы жарық көріп тұрады.

Кафедраның жетістіктері.

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА) коммерциялық емес мекемесінің халықаралық және ұлттық деңгейде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мен академиялық саралау көрсеткіштері бойынша 2016 жылы және 2017 жылдары екі жыл қатарынан 5В01500 – Құқық және экономика негіздері мамандығы 3 орынға ие болды.

Білім беру сапасының қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі (IQAA) Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 5В011500 – Құқық және экономика негіздері мамандығы 4 орынға ие болды.

«ХХІ ғасыр педагогы» атты Халықаралық педагогикалық байқауда т.ғ.к., доцент Қожабекова А.Д. және п.ғ.к., аға оқытушы Ыбышова С.Т. ІІІ орын алды.

Кафедрада “Құрмет” орденінің, “Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері” кеуде белгісінің иегері экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Баданов Арзабек Исабекұлы қызмет атқарады.

Сонымен қатар кафедраның профессор-оқытушылар құрамының бірнеше оқытушылары шет елдерде біліктілігін көтеріп келді:

т.ғ.к., доцент Кожабекова А.Д. «Международная Академия менеджмента и технологий»Дюссельдорф.Германия.2014ж

э.ғ.к., аға оқытушы Изеев С.Н., Франция мемлекеті, Перпиньян қаласы, Перпиньян университеті қазан 2016.

аға оқытушы Кесимова А.Қ., Литва Республикасы, Вильнус  қаласы, Литва эдукологиялық университеті, Қараша 2016 жыл

э.ғ.к., аға оқытушы Изеев С.Н., Германия мемлекетті, Висмар қаласы, Висмар университеті 2018

 

Студенттердің жетістіктері

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары басты назарда тұрады. Жыл сайын кафедра студенттері, студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін алуан түрлі ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ, пәндік олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысады. Осылайша:

  – 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығы қорытындысы бойынша 3 курс «5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару» Тулегенова Жұлдыз Президенттік шәкіртақы иегері атанса;

–  2018 жылдың сәуір айының 13-14 аралығында Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша Х-Республикалық пәндік олимпиадада Қазмемқызпу командасы командалық есеп бойынша  2-орынды иеленді.

 

Кафедраның байланыс мәліметтері (мекен-жайы, e-mail, байланыс тедефондары).

Айтеке би к., 99

Кабинет №213

kykyk74@mail.ru

8/727/2781032

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.