КӘСІПТІК БІЛІМ КАФЕДРАСЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 1992 жылы,  Жаратылыстану факультетінің «Физика және еңбек кафедрасына» қарасты «Еңбек және киім үлгілерін сәндеу» мамандығы ашылды. Мамандық ашылуына факультет деканы С.Мұқтаров кафедра меңгерушісі Ә.Ж. Жамалов ұлағатты ұстаздар Т.Ж. Шилібаева, Ш.А.Абдуалиева, Дарменова Р.А., Н.Б. Рахметова, Қ. К.Алтынбековалар үлес  қосты.  2004 жылы «Кәсіптік оқыту және еңбек» кафедрасы болып жеке бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. доцент Ж.Аскарова болып тағайындалды. 2008 жылы кафедраның аты  «Кәсіптік білім» болып ауысып,  Кафедра меңгерушісі қызметін профессор м.а. Р.А.Дарменова басқарып келеді. Кафедраның оқытушылары мен студент, магистрлердің шығармашылық жұмыстары бірнеше халықаралық, республикалық көрмелерге, олимпиадаларға қатысып Ι,IΙ,IΙI жүлделі орындарға ие болды.

Кафедрада өнертабыс патентін профессор м.а. Р.А.Дарменова, т.ғ.магистрі У.Н. Алашабаева ҚР мемлекеттік тізіміне тіркеліп, куәліктер алды. Кәсіптік оқыту, Бейнелеу өнері және сызу мамандықтары бойынша «Өнер» орталығында  «Киім дизайны» шығармашылық курсы «Қыл қалам шеберлері», «Шебердің қолы ортақ» үйірме жұмыстары бар. Онда білім алушыларды шығармашылыққа, өнерге деген үйретіп, қызығушылықтарын арттырады. 2018жылы Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен  Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында  Алматы музейінде өткен «Мәңгілік елдің ордасы» атты көрмеге  Кәсіптік білім кафедрасының профессор оқытушылары мен студенттерінің  шығармашылық жұмыстары жұртшылық назарына  ұсынылды.

 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

Кафедрада ғылым докторлары, кандидаттар, профессорлар, доценттер мен тәжірибелі магистр аға оқытушылар, ҚР суретшілер және еуразия дизайнерлер одағының мүшелері қызмет атқарады. Кафедрада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» иегерлері бар, олар Р.А.Дарменова., Н.Б.Рахметова.,  Қрықбаева С.М. ҚР Суретшілер одағының мүшелері: М.Е.Тұрғымбай, С.М.Қрықбаева, Г.А.Қалдыбаева, А.Өмірзақ. Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшелері: Н.Б.Рахметова, С.М.Қрықбаева, Г.А.Абдурахманова, К.А.Шагирова, У.Н. Алашабаева, Д.М.Тастанбек. ҚР мәдениет саласының үздігі С.М.Қрықбаева, М.Тұрғымбай.  Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен Ж.Асқарова, Н.Рахметова, ал Р.А. Дарменова Білім беру ісінің үздігі, «А.Байтұрсынов» атындағы саңлақ төс белгілерімен,  М.Е.Тұрғымбай «Үздік қызметкер» төс белгісімен  марапатталған. 

Армения, Ресей, Қазақстан Республикаларының  суретшілер Одағының мүшесі аға оқытушы М.Тұрғымбай Армения, Венгрия халықаралық пленэрге қатысып, алғыс хат алып келді. Қауымдастырылған профессор м.а. С.Қрықбаева Чех, Словакия мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтіп келді. Р.А.Дарменова, У.Н.Алашабаева,

С.М. Қрықбаева жыл сайын өтетін Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы бойынша Түркия,  Азербайджан мемлекеттерінде болып қайтты. 

 

КАФЕДРАҒА ҚАРАСТЫ МАМАНДЫҚТАРҒА СИПАТТАМА

«Кәсіптік білім» кафедрасы Кәсіптік оқыту, Бейнелеу өнері және сызу мамандықтары бойынша мамандықтар дайындайды.

5В012000 – «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) мамандығы мамандығын бітірушілерге екі бағыт бойынша бакалавр академиялық дәрежесі беріледі:

–  мамандануы –  қызмет көрсету өндірісі, біліктілігі- тігін бұйымдарын құрастыру және модельдеу кәсіптік білім мұғалімі;

– мамандануы – сәндік – қолданбалы және көркемдік өндірісі, біліктілігі- кәсіптік білім мұғалімі;

6М012000- «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистратураны бітірушіге “кәсіптік оқу магистрі” деген  академиялық дәрежесі беріледі. Магистратура түлектерінің кәсіби қызмет обьектілері болып:

кәсіптендіру даярлауда:

– жалпы білім беру кәсіптік мектептері;

– мамандарды оқытуға, дайындауға және қайта дайындауға қатысты кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер, педагогикалық кәсіптік ғылыми-зерттеу мекемелері.

ғылыми – педагогикалық даярлауда;

– жалпы білім беру кәсіптік және мемлекеттік емес мектептері;

– орта және жоғары кәсіби оқу орындары;

 білім беру кәсіптік ғылыми-зерттеу, жобалау мекемелері.

5В010700- Бейнелеу өнері және сызу мамандығы да бітірушілерге:

– біліктілігі – сәндік өнер және тоқымаға мамандырылған бейнелеу өнері және сызу мұғалімі;

 

Кәсіби қызмет саласы:  

– мемлекеттік органдар;

– барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар;

–шығармашылық,  ғылыми зерттеу мекемелері.

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАРАПАТТАР

Мамандық студенттерінің терең білім алып, білікті маман болуына өз үлестерін қосып жүрген кафедра профессор-оқытушылар құрамының жетістіктері жеткілікті. Олардың ішінде:

– 2018 жылы ақпан айында Ресей федерациясы Санкт-Петербург қаласында дизайнерлердің XIX халықаралық байқауы “Поколение NEXT” 51 жеңіл және тоқыма өндірісінің халықаралық көрмесі “Индустрия Моды” жобасында Алашабаева Улжан  жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

– ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге  Өмірзақ Айнұр шығармашылық туындыларымен қатысып, Елбасының алғысына ие болды. 

– 2017 ж наурыз айында «Сымбат» сән академиясында аға-оқытушы Г.М.Маханова  ІҮ халық аралық байқауында қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. 

 

Байланыс үшін

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, Бас оқу ғимараты, 2-қабат, 208 кабинет.

Байланыс телефондары: 8(727)233-18-38,

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.