Кафедра тарихы

5В091000- «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша маман даярлау Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 1956-1957 оқу жылынан бастап жүргізілуде. «Кітапханатану және библиография» кафедрасы «Өнер  және мәдениет» факультетінің құрамында. Кітапханатану және библиография мамандарын даярлаудың күндізгі және сырттай оқыту бөлімдері бар. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылуда.

5В091000- «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша маман даярлау ҚР МЖМБС 3.08.300-2006 (23.12.2005ж.№ 779 бұйрық) сәйкес жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің мемлекеттік лицензиясына: АБ № 0064057. 17 сәуір 2009ж.  сәйкес оқу жалпы орта білім базасында күндізгі (4ж) және сырттай оқу бөлімінде орта кәсіби білім негізінде (3ж) және жоғары білім негізінде (2ж) жүргізіледі.

 «5В091000-Кітапхана ісі» мамандығы бойынша мамандар даярлау ҚР Жоғары кәсіптік білім беру классификаторының талаптарына сай келеді.


 

* * *

Оқытушылар құрамы

Кафедрада барлығы 10 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Оның ішінде: 5-ғылым кандидаты, 4- доцент, 1-доц.м.а., 3-аға оқытушы, 1-оқытушы. Кафедра бойынша профессор-оқытушылардың ғылыми дәрежесі- 54,5%.

Бакалавр мамандығы

  • жалпы білім беру орта мектебін бітірушілер ҰБТ немесе кешенді тестінің нәтижесінде (оқу мерзімі: күндізгі — 4 жыл);
  • осы бағыт бойынша орта кәсіптік оқу орнының (колледж) бітірушілері (оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес);
  • Жоғары оқу орнын бітірушілері (оқу мерзімі: 2 жылдан кем емес) түсе алады.

 

* * *

мамандандыру

Біліктілігі:
5В091000 – «Кітапхана ісі» мамандығының толық курсынан өткен соң “Кітапхана ісі бакалавры” деген біліктілік пен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Бітірушілердің жұмыс орны:
–  орта мектепте, лицейде, гимназияда, колледжде және басқа да Қазақстан Республикасының ірі кітапханаларында қызметтерін жүзеге асыру.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.