Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасы 2005 жылғы №195 Үкімет қаулысының №37 бабындағы ережелеріне сәйкес, 2006 жылдың 1 қыркүйегінде өз алдына жеке кафедра болып қайта құрылды.

Жалпы кафедра  тыныс-тіршілігі 1987 жылдан бастау алды десек қателеспейміз. Өйткені, факультет жанынан хореография мамандарын даярлайтын бөлім ашылып, қазақтың алғашқы кәсіби балетмейстері, ҚР халық әртісі, профессор Д.Т.Әбіров басқарып, бос уақытты ұйымдастырудың алғашқы негіздерін қалыптастыруда өз үлесін қосты. Г.Ж.Қарамолдаева өзі басшылық еткен жылдардан бастап (1991) «Бос уақыттың мәдениеттілігі  ісі»,  «Мәдени дем алу жұмысы» мамандықтарының ашылуына белсене атсалысты.

Кафедра тарихы осылай 1991-1992 оқу жылынан қалыптасып, ҚР Мемлекеттік білім беру стандартына сай, 061640- «Бос уақыттың мәдениеттілігі  ісі», 050906-«Мәдени дем алу жұмысы» мамандықтары бойынша (мамандандырулар) мамандар дайындауды өз алдына мақсат етіп қойды және сол бойынша мамандар дайындап келеді.

Қаншама  жылын  кафедра жемісі мен болашағына арнаған Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, профессор Г.Ж.Қарамолдаева зейнетке шығып, 2008 жылы кафедра тізгінін п.ғ.к., доцент Ж.Ж.Еңсеповке тапсырды.

2008-2009 оқу жылы, доцент міндетін атқарушы, ҚР Мәдениет қайраткері Г.Ш.Өмірбаева кафедра меңгерушісі міндетін атқарды.

2009-2011 оқу жылынан бастап  кафедра меңгерушісі қызметін  п.ғ.д., профессор м.а., ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің  құрметті қызметкері М.И.Джексембекова атқарды.

2011-2012 оқу жылынан бастап Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушілігі қызметін п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева атқарып келеді.


 

Кафедраның профессор оқытушылар құрамы:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – 3;

Өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент  – 1;

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі – 2;

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – 1;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – 1;

ҚР Мәдениет қайраткері, профессор м.а. – 1;

Аға оқытушы, магистр – 7;

Оқытушы – 2

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.