Кафедра туралы ақпарат


Кафедра тарихы

1987 жылы музыкалық білім факультеті жанынан хореография мамандарын даярлайтын бөлім ашылды. Оның басында қазақтың алғашқы кәсіби балетмейстері, ҚР халық артисі, профессор Д.Т.Әбіров тұрды.

1992 жылдан бастап өз алдына жеке «Хореография» кафедрасы болып құрылды. 2006 жылға дейін аталған кафедраны ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Г.Ж.Қарамолдаева басқарып келді.Қазіргі уақытта кафедраны басқарып отырған ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы  Сабдалиева Роза Болысқызы.

    

Кафедрада 2000 жылдың 5 қаңтарында құрылған «Томирис» ән-би ансамблі талантты жастардың шынайы шығармашылықпен, би өнерімен айналысуына университет барлық жағдай жасалынғанын көрсетеді. «Томирис» ансамблінің би жетекшілері Р.Б. Сабдалиева, Б.Д. Тұрғымбаева. Студенттер 5 би залдарымен, жатақхана, асхана, демалыс орындарымен қамтамасыз етілген.

Бұл мамандықты жетік меңгерген ұстаздар, әсіресе қазір қайта түлеуге бел алған ауыл мектептері мен мәдениет орындары үшін өте қажет. Кафедра ұжымы осы мақсат-мүдде биігінен көрінуге барынша күш салуда.

Хореография кафедрасының кадр мәселесі ғылымның, өнердің әр саласынан жоғарғы кәсіптегі мамандармен қамтамасыз етілген.

Кафедрада

Хореография кафедрасына белгіленген штат – 10,25

Негізгі–8,75

Қосымша–1,5

Оның ішінде:

ЖАҚ профессоры-1

ҚР халық артисі, академиялық профессор–1

П.ғ.к., аға оқытушы – 1

ҚР мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы–1

ҚР мәдениет қайреткері, аға оқытушы-1

Хореография магистрі-1

Аға оқытушы – 1 аға оқытушы

Оқытушы – 4 жұмыс істейді.

Жоғарғы  кадегорядағы концертмейстерлар-8

Кафедра мемлекеттік стандарт талабына сай «5В040900-Хореография» мамандығы бойынша жоғары кәсіби мамандарды дайындайды.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.