КАФЕДРА ТАРИХЫ

Хорды дирижерлау және ән кафедрасы алғаш рет 1962 жылы ашылды . «Өнер және мәдениет» факультетінің жетекші кафедраларының бірі болып табылады. Музыкалық білім бойынша мамандарды даярлаумен айналысады. 1998 жылдан бастап дәстүрлі музыка өнері бойынша мамандарды даярлап келеді. Қазіргі таңда кафедрада 2 профессор, 1 ғылым кандидаты, 1 ҚР еңбек сіңірген әртісі, педагогика және өнертану ғылымдарының 4 магистрі жұмыс істейді. Жоғары білікті оқытушылық құрамы студенттерге іргелі білім алуда көмектесіп келеді. Кафедра оқытушыларының ат салысуымен көптеген оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстары әзірленді. Кафедра жыл сайын ұлттық консерваторияның хор ұжымымен шығармашылық кездесулер өткізеді. Хорды дирижерлау және ән кафедрасының хоры көптеген байқауларға (республикалық, халықаралық), университет пен қала бойынша концерттік шараларға қатысады.

КАФЕДРА ПОҚ-ның ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ

Кафедра ғылыми-зерттеу жұмысына көп көңіл бөледі. Оқытушылық құрамның ғылыми тақырыптағы мақалалары университеттің «Хабаршы» журналында жыл сайын жарияланады. Ғылыми жұмыстар халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда жарияланып отырады.

 

КАФЕДРА МАМАНДЫҚТАРЫНА СИПАТТАМА

Қазіргі таңда кафедра екі мамандық бойынша дайындық жүргізеді:

-5В010600 – «Музыкалық білім»

-5В040400 – «Дәрстүрлі музыка өнері»

 

Кәсіби қызмет саласы:

концерттік мекемелерде орындаушылық жұмыс;

– жалпы білім беру мектептеріндегі оқу-педагогикалық жұмыс;

-БАҚ жұмыс;

-концерттік-филармониялық мекемелерде;

-ұйымдастырушы-басқару құрылымы;

-мәдениет саласындағы менеджмент;

– шығармашылық одақтарда, қорларда.

                                              

КАФЕДРАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Кафедраның оқу үдерісінде 5В040400 «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы әзірленді.

 

КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАДАҚТАУЛАРЫ

Кафедраның студенттің хоры әр түрлі республикалық және халықаралық фестивальдардың лауреаты. Кафедра студенттері әртүрлі республикалық және халықаралық байқаулардың, республикалық пәндік олимпиадалардың 1-2-3 дәрежелі жүлдегерлері болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мамандық бойынша студенттеріне жоғары білікті маман болулары үшін терең білім беруде зор үлес қосып келеді.

– 2009 жылы доцент М.М. Бурунчин «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды;

-2013 жылы доцент М.М. Бурунчин «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды;

-2014 жылы п.ғ.к.,доцент  А.Ш Кожахметова , пед.ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылар Р.Ю.Балтиева, Ш.А.Умирханова, Н.Т.Айнабекова,аға оқытушы  Ж.Н.Айтжанова білім беру саласындағы ерен еңбегі және жоғары білікті мамандарды даярлауда қосқан үлесі үшін Университеттің төс белгісімен марапатталды.

 

Байланыс:        

Алматы қ., Гоголя 161 көшесі, корпус №2, каб.205

Байланыс телефондары: 8 (727)278-47-26

Электрондық пошта: burunchin.murat@mail.ru

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.