Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің өнер және мәдениет факультетіне қарастымузыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасы ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырушы әрі бітіртуші   кафедра болып табылады. 1963 жылы факультет құрылған кезден бастап кафедраның атауы «Музыка тарихы мен теориясы», «Қазақ музыкасы», «Музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» болып өзгеріп отырған.

Кафедраның алғашқы меңгерушісі –  композитор Б.Байқадамов. Өткен ғасырдың 70-80-жылдары кафедра басшысы болып композитор Ө.Байділдаев, Д.Ботбаевтар қызмет атқарған. 90-жылдары кафедраны Т.Қоңыратбай басқарып, 1997 жылы қазақ музыкасы мен музыканы оқыту әдістемесі  кафедралары біріккен кезде Р.Р.Жәрдемалиева жетекшілік жасады.  2008- 2011 жылдары кафедра атауы музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесі болып өзгеріп, Ш.Б.Құлманова басқарды. 2011 жылдан Т.Ә.Қоңыратбай жетекшілік жасап келеді.

Кафедраның негізгі бағыты – болашақ мамандарға музыка тарихы мен теориясынан базалық білім беріп, музыка пәнін оқыту әдістемесін игерту. Онда есімдері елге танымал бірқатар  ғалымдар мен композиторлар қызмет атқарды.  Б.Байқадамов, Ө.Байділдаев, Тен Чу, Д.Ботбаевтар музыкалық көркем шығармаларымен белгілі болса, Ө.Байділдаевтың «Қанатты өнер» (1968), Б.Жүсібәлиевтің «Сольфеджио»,  доцент  Ә.Әбдікәрімовтің«Музыка теориясының негіздері» (1996), Т.Қоңыратбайдың «Әлем музыкасының тарихы» (2010),  «Қазақ музыкасының тарихы» (2011) атты оқулықтары   республика көлемінде қолданылуда. Әр жылдары кафедрада ұстаздық қызмет атқарған ғалымдар Ә.Нұғыманова, Р.Р.Жәрдемәлиева, М.Х.Балтабаев, Ш.Б.Құлманова, Б.М.Бекмұхамедов, Т.Ө.Оспановалардың  педагогика саласындағы ізденістері музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытуға қосылған үлес болып табылады.

Бүгінгі күні  кафедра құрамында 2 ғылым докторы, профессор (Қоңыратбай Т.Ә., Құлманова Ш.Б.),1 профессор (Раева Б.Р.), 1 академиялық профессор, филос. ғ.к. (Сұлтанғалиева Э.С.), 3 профессор м. а., п.ғ.к. (Бегалиева Г.К., Сұлтанова М.С., Оразалиева М.А.), 5 аға оқытушылар (Мұқанова А.Б., Ахметжанова Д.С., Исаметова К.И., Байжанова С.М.,Бурамбаева М.Н.), 1 магистр-аға оқытушы (Дәркембаева Ә.Б.), 1 оқытушы-магистр (Ахметжанова Д.М.).

Кафедраның ғылыми-педагогикалық бағыты – бакалавр және магистратура сатылары бойынша  мамандар даярлау. Музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы өзінің ғылыми құрамы жағынан республикамыздағы жоғары оқу орындары үшін ғылыми және оқу-әдістемелік база болып табылады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің өнер және мәдениет факультеті жанында Республикалық Оқу-әдістемелік (РОӘБ) бірлестік жұмысжасайды. Оның ұйымдастыру жұмыстарын кафедра атқарады. РОӘБ бастамасымен халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, оқытушылардың кәсіби біліктілігін көтеру курстары,  «Үздік музыка мұғалімі» кәсіби-шеберлік  конкурстары мен олимпиадалар өткізіліп тұрады.

Республикалық «Үздік музыка мұғалімі» кәсіби-шеберлік конкурстарында түлектеріміз әрқашан жүлделі орындарға ие  болып келеді.  Мысалы, 2018 жылы сәуірдің бас кезінде Астана қаласындағы Ұлттық өнер университетінде өткен халықаралық пианистер конкурсында 2 курс студенті Мырзаханова Диана 2-орынды иеленсе, 18-23 сәуір аралығында Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда өткен  республикалық конкурстың «Музыкалық ағартушылық» конимациясы бойынша 4 курс студенті Құрақбай Мерует 2-орынға ие болды. 

Кафедрада алыс шетелдегі Нийде (Түркия), Миссисиппи (АҚШ) университеттерімен тығыз  байланыс орнатылып, академиялық ұтқырлық жүйесі жолға қойылған.  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.