Тарихы

ҚазКСР-інің Халық комиссарлар Кеңесінің арнаулы қаулысы бойынша 1944 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының алғашқы факультеттерінің бірі болып физика-математика факультеті ашылды. Оған 25 студент оқуға қабылданған.  Студенттерге 4 оқытушы сабақ берген, оның екеуі ғылым кандидаты еді. 1948 жылы алғаш оқу бітірген 113 қыздың 17-сі физика-математика факультетінің студенттері болатын. Олар: А.Көшкінбева, У.Аманова, Х.Омарова, А.Дусвалиева, Б.Муклаева, Л.Хасенова, К.Сұлтанова, Б.Қазиева, М.Сүлейменова, Б.Ыдрысова, Г.Барадосова, М.Дінасылова, Ермигияева, А.Есенқұлова, Е.Сәдуақасова, А.Өтеғалиева, Ф.Ысқақова. 

Алғашқы факультет құрамында физика және математика кафедралары болды. Студенттерге профессор К.П.Персидский, доценттер Б.М.Оразбаев, О.А.Жәутіков, О.Т.Матусина, А.Д.Ершов, Ш.М.Еникеев, М.Маркович, Ш.Қоқымбаев, М.Қ.Матбаев, Г.Багаутдинов, М.З.Жылқыбаев және т.б. сабақ берді.

Тарихи деректер бойынша физика-математика факультетінің деканы қызметін атқарғандар:

  • 1947-1957 жылдары аға оқытушы М.О.Амирбаев;
  • 1957-1964 жылдары х.ғ.к., доцент А.Н.Жаналинова;
  • 1965-1966 жылдары аға оқытушы М.Саламатин;
  • 1966-1968 жылдары ф.-м.ғ.к., доцент С.Қ.Қаниев;
  • 1968-1971 жылдары х.ғ.к., доцент А.Н.Жаналинова;
  • 1971-1982 жылдары ф.-м.ғ.к., доцент Ұ.Ж.Жадраев;
  • 1982-1985 жылдары ф.-м.ғ.д., профессор Д.Ү.Үмбетжанов;
  • 1985-1995 жылдары ф.-м.ғ.к., доцент С.М.Мұхтаров;
  • 1995-1996 жылдары ф.-м.ғ.к., доцент А.Ақылбеков.
  • 2006-2008 жылдары п.ғ.д., профессор С.М.Кеңесбаев

2008 жылдың 20 мамырынан бастап осы уақытқа дейін факультетті профессор Исаев Сапар Әуезбекұлы басқарып келеді. Оқу-ісі жөніндегі деканның орынбасары қызметін «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының аға оқытушысы Ақжолова Ақмарал Әлімақынқызы, тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары қызметін «Физика» кафедрасының оқытушысы Байсапарова Айжан Қорғанбекқызы атқаруда. Факультеттің офис-тіркеуші қызметін Қыдырбаева Сандуғаш Қияшқызы атқарса, деканат әдіскері болып Салимбаева Гүлнар Серікбайқызы еңбек етеді.

Факультетте қазіргі заманауи талапқа сай құралдармен және жаңа ақпараттық техникамен жабдықталған 30-ға жуық оқу және зерттеу зертханалары бар. Студенттер өздерінің ғылыми жұмыстарын, дипломдық жұмыстарын орындау үшін факультеттегі приборлар мен қондырғылардың қайсысын болса да кеңінен пайдалануына толық мүмкіншіліктері бар.

 

* * *

Миссия мен стратегия

Факультет миссиясы – ақпараттық технологиялар және заманауи білім берудің озық ғылыми жетістіктері негізінде физика-математикалық білім беру, информатика, ақпараттық технологиялар аумағында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

Факультетте физика-математика, техника, педагогика ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол 90 профессор-оқытушылар, оның ішінде тәжірибесі  мол 8 – ғылым докторы, 34 – ғылым кандидаты, доценттер, 7 – Phd докторы, 23 – аға оқытушы, 18 – оқытушылар қызмет атқарады.

 

* * *

Халықаралық байланыс

Факультет халықаралық қызметінің даму бағдарламасының негізгі мақсаты: университеттің білім беру қызметін көрсету нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету үшін оның халықаралық ынтымақтастығын арттыру, факультеттің жоғары кәсіби білім беру мен ғылыми орталық ретіндегі халықаралық беделін арттыру, факультетті білім беру мен ғылыми қызметінің қазіргі заманғы әлемдік талаптар деңгейіндегі сапасын қамтамасыз ету.

Факультет халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында шет елдердегі жоғары оқу орындарымен халықаралық байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, екі жақты келісім-шарттар жасау жұмыстары нығайып, әлемдік білім беру кеңестігіне шығуды көздеп отыр.

Факультет шет елдермен Плоцк, Краков (Польша), Хаммамет (Тунис), Ереван (Армения), Мәскеу, Сочи, Саратов (Ресей), Киев (Украина), Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Болгария (Солнечной берег), Жапония, АҚШ, Португалия, Сингапур, Англия, Лондон, т.б.тығыз байланыс орнатылған.

Факультеттің проефссор-оқытушылары жыл сайын Қазақстанда және шетелдерде өтетін халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысады. Тех.ғ.д., профессор Р.Б.Баймахан Жапония, Сингапур, Канада, Қырғызстанда өткен конференцияларға қатысып, баяндама жасаған. Профессор С.Ә.Исаев Франция, АҚШ, Жапония, Болгария, Польша, Ресейде өткен халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасап, ғылыми мақалалары шетел басылымдарында жарық көрген.

Сонымен қатар, «Математика» кафедрасының профессор м.а., п.ғ.д. Б.Р.Қасқатаева   – Польша, Ресей, Латвия, «Математика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.  А.У.Даулеткулова – Түркия, Польша, Германия, «Физика» кафедрасының профессоры, тех.ғ.д. А.Ж.Жамалов – Қырғызстан, Өзбекстан, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.Ж.Балабекова – Ресей, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының Phd докторлары А.А.Досжанова, Т.С.Картбаев және «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының профессор м.а, ф.-м.ғ.к. Э.А.Бакирова – Украина, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының PhD докторы А.Х.Козбакова – Польша, «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының доценті, п.ғ.к., К.З.Халикова – Жапония, Франция, Англия, ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Н.Құрманбекқызы – Малайзия елдерімен тығыз қарым-қатынаста болып, ғылым мен білімнің дамуына үлестерін қосуда. Факультеттің профессор-оқытушылары ғылыми жұмыстарын шетел (Португалия, Ресей, Польша, Қырғызстан және Түркменстан және т.б) басылымдарында жариялап отырады.

Жыл сайын факультетке тәжірибе алмасу мақсатымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдерден белгілі ғалымдар шақыртылып отырады. Олар: Қырғызстан мемлекеті Бишкек қаласындағы И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің академигі, тех.ғ.д., профессор Обозов Алайбек, Жапонияның Токио қаласындағы Тамагава университетінің профессоры Мория Сейджи, Польшаның Краков педагогикалық университетінің профессоры, пед.ғ.д. Клякля Мачей, Латвияның Рига қаласындағы Рига техникалық университетінің профессоры Гаида Петерс, Канада мемлекетінің Альберто университетінің профессоры Дэйв Чан, Украина Ұлттық Ғылым Академиясының жанындағы Техникалық жылу физикасы институтының профессоры Басок Борис Иванович, Түркияның Нииде университетінің профессоры Мурат Алп, Түркияның Мәдениет университетінің Phd профессоры Хасан Атик, Түркияның Кастамон университетінің профессоры Гүлтепе Неждет және т.б. арнайы шақыртумен келіп, факультет студенттері мен магистранттарына дәріс оқып, шебер-сыныптар өткізді.

 

Біздің мекен – жайымыз:

Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты, 413 кабинет.

Байланыс телефоны: +7(727)233-18-20

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.