Кафедра жайлы

Физика кафедрасы 1944 жылы университет құрылғаннан бастап физика-математика факультетінің құрамында өз саласы бойынша үздіксіз маман дайындау жолында жемісті қызмет етуде. Физика кафедрасының алғашқы меңгерушісі М.З.Жылқыбаев 1945 жылдан қызмет істеді. Сондай-ақ, кафедра меңгерушілері қызметін: Ф.П.Полатбеков, С.М. Мұхтаров, Ә.Н.Жаналинова, Ұ.Ж.Жадраев, Ғ.Е.Егізбаева, Ә.Т.Ақылбеков, А.Ж.Жамалов және А.Қ.Ершина, Ө.Парманбеков атқарды.

1992-2007 ж.ж. –  т.ғ.д., профессор А.Жамалов кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2007-2011 ж.ж. – ф.-м.ғ.д. профессор А.К.Ершина кафедрада басшылық қызметін атқарды.

2011-2015 ж.ж. – ф.-м.ғ.к., доцент Ө. Парманбеков кафедра меңгерушісі болды.

Кафедраға 2015 жылдан бастап физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Тасболат  жетекшілік етуде.

Физика кафедрасында білікті мамандар жеткілікті. Бүгінгі таңда кафедрада 2 физика-математика ғылымдарының докторы, 1 техника ғылымдарының докторы, 5 ғылым кандидаттары, 8 физика ғылымының магистрі және аға оқытушылар қызмет етуде. Олар физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 2 рет «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері А.Қ.Ершина, «ЖОО үздік оқытушысы» грантының, «Құрмет» орденінің иегері профессор, т.ғ.д., А.Ж.Жамалов, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, п.ғ.к., доцент Н.И.Ильясов және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері х.ғ.к., доцент Г.Түгелбаева, Ресей Академиясының профессоры, п.ғ.к., доцент Н.Ә.Сәндібаева және т.б.

Физика кафедрасында: жалпы физика, теориялық физика, радиоэлектроника, физиканы оқыту әдістемесі зертханалары оқу процесінде қарқынды қолданылады. Мұнымен қоса интерактивті тақтамен, компьютерлермен жабдықталған кабинеттер бар. Олар қажетті құрал-жабдықтармен және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қамтылған.

Кафедра оқытушылары физиканы оқыту әдістемесінің әдіснамалық идеяларын пайдаланудың қажеттілігін тағайындау және оны жүзеге асырудың теориялық негіздерін айқындау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Атап айтсақ, т.ғ.д., профессор А.Жамалов «Автономды тұтынушылар үшін бивалентті микрогидроэлектрстанциялар жасау» тақырыбында ғылыми-зерттеу жобаларын ұтып алды.

Ф-м.ғ.д., профессор А.Қ.Ершина «Техника – экономикалық көрсеткіші жоғары карусель типті жел қондырғысының өндірістік түрін жасап шығару» атты ғылыми жобада (2012-2014жж.) және «Баламалы энергия көздері» аясында 01.09.2011 – 1.09.2012жж. жауапты қызметкер қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы бойынша 1-жылдық тәлімнаманы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі емес энергия көздері» атты зертханасында өтіп келді.

Кафедра 21.01.2011 жылы «Золотая кафедра России» дипломымен (№00745) марапатталды. Кафедрада шетелмен жақсы байланыс орнатылған. Кафедра оқытушылары  Плоцк, Краков (Польша), Хаммамет (Тунис), Ереван (Армения), Москва, Сочи, Саратов (Ресей), Киев (Украина), Бішкек (Қырғыз Республикасы), Болгария (Солнечной берег) т.б. қалаларында халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасап, ғылыми еңбектерін жариялаған.

Кафедра И.Разаков атындағы Қырғыз Мемлекеттік Техникалық Университетімен, Латвия мемлекеттік қатты денелер институтымен, Өзбекстандағы «Күн энергиясы» институтымен ғылыми келісім шарт жасалған.

2012 жылдың 11 сәуірінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.И.Ильясовтың 70 жылдық мерейтойына орай университет көлемінде физика пәнінен студенттер арасында олимпиада өтті. Олимпиада жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

2012 жылдың 02-16 сәуір күндері физика кафедрасының т.ғ.д., профессор А.Ж.Жамаловтың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жаңарып тұратын энергия көздері» тақырыбында, И.Разаков атындағы Қырғыз Мемлекеттік Техникалық Университетінің кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Обозов Алайбек 5В011000-физика мамандығының 1-4 курс студенттері мен 6М011000-физика мамандығының магистранттарына мастер-класс өткізді.

2014 жылы Украина Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Басок Борис Иванович студенттерге дәріс өткізді. 

2015 жылдың қазан айында ф.-м.ғ.к., доцент, Ө.Парманбеков «Ы.Алтынсарин» медалімен, техника ғылымдарының докторы, профессор            А. Жамалов «Құрмет» орденімен марапатталды.

2017 жылы мамыр айының 15-ші жұлдызында педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Низан Ильясовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Жаратылыстану пәндерін оқытудың әдістемелік мәселелері және қазіргі педагогикалық инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Низан Ильясұлының 1975 жылғы түлегі Г.Әлімбекова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары, ғылым докторлары З.Жаңабаев, Қ.Мұқашев өз ізгі лебіздерін білдірді.

Кафедраның профессор-оқытушыларының мақсат-міндеттері: сапалы оқыту, бiлiм берудiң инновациялық әдiс-тәсiлдерiн, ғылыми жетiстiктерін пайдаланып, бiлiктi, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын шығару, егемендi елiмiзде ғылымның, бiлiмнiң дамуына үлес қосу.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.