Кафедра жайлы

«Математика» кафедрасы математика мен математиканы оқыту бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедра жұмысының негізгі мақсаты математика саласында өздерінің кәсіби жұмысына қажетті білім мен біліктілікке ие жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау болып табылады.

Математика кафедрасы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты 1944 жылы ашылған күннен бастап жұмыс жасауда.

Қазіргі таңда кафедрада 4 ғылым докторы, профессор; 9 ғылым кандидаттары, доценттер; 1 PhD доктор, 9 ғылым магистрлері, 4 аға оқытушылар қызмет атқарады. Олардың ішінде ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар.

Өткен 74 жыл ішінде «Математика» мамандығы бойынша мыңдаған жоғары білімді кәсіби мамандар даярланып  шығарылды. Қазмемқызпу қабырғасында басқа елдердіңде (Туркия, Қытай, Монғолия, Тәжікстан) қыздары математика мамандығын алып шықты. Қазіргі таңда біздің түлектер ЖОО-да, колледждерде, гимназияларда, лицейлерде білім беруде. Жыл сайын бітіруші түлектердің 95 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

Кафедраның мамандықтары:

Кафедра факультеттің келесі мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды:

бакалавриат:

5B010900 –Математика (білім беру бағыты); 

магистратура:

6M010900 –Математика (білім беру бағыты);

Кафедраның профессор-оқытушыларының мақсат-міндеттері: бiлiм берудiң инновациялық әдiс-тәсiлдерiн, ғылыми жетiстiктерін пайдаланып, бiлiктi мамандар даярлау, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын шығару, егемендi елiмiзде ғылымның, бiлiмнiң дамуына үлес қосу.

Кафедраның ғалымдары Қазақстан Республикасының деңгейінде белсенді гранттық зерттеулер жүргізеді. Кафедрада жүргізілген зерттеулер негізінен теориялық және іргелі болып табылады, олар ғылыми маңызы терең, қазіргі заманғы математикалық нәтижелерді қолдану мен талдаудың әдістерін құра отырып, ғылымға өз үлестерін қосуда.

Кафедра Республикамыздағы, ТМД мемлекеттеріндегі және алыс шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, институттарымен және университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан:  Берлин университеті (профессор Г.Бегер), Стамбул мәдениет университеті (профессор Хасан Атик), Жанпонияның Тамагава университеті (профессор Сейджи Мурио), Польшаның Радом экономикалық академиясы (профессор Антонио Пардала),  Латвияның Рига технологиялық университеті (профессор Гайда Петере), Ресей Халықтар достастығы университеті (профессор С.А.Розанова), Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (В.А.Далингер), Өзбекстандағы Ташкент мемлекеттік университеті және т.б.

Профессорлық-оқытушылар құрамының берген білімдерінің нәтижесінде студенттер өз білімдерін академиялық ұтқырлық және екі дипломдық білім алу бағдарламалары арқылы шетел университеттерінде жалғастыра алады.

Біздің магистранттар мен студенттер ғылыми, қоғамдық, спорттық іс-шараларға белсене ат салысады. Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жұмыстарға қатысып, ғылымға айтарлықтай үлестерін қосуда. Студенттер арасындағы халықаралық, республикалық, қалалық дебаттарда өз ойларын ортаға салып, шыңдалуда. Спорттық жарыстарда да студенттеріміз алдыңғы қатарда, салауатты өмір салтын ұстанып, өз қатарларына үлгі көрсетіп жүр. 

2017-2018 оқу жылында 5B010900-Математика мамандығы бойынша Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткен Х Республикалық пәндік олимпиадасына математика кафедрасының аға оқытушысы Шияпов Қадыржан Мауленжанұлының жетекшілігімен қатысып, 4-курс студенті Хасантаева Нодира жүлделі ІІІ орын алды.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.