ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫ

          Жемқорлыққа қарсы тұру комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 24 тамыз 2009 жылғы №858 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлығына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына, Еңбек кодексінің 11-бабы, 6 тармағы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 26 – жарғысына сәйкес, қасақана құқық бұзыушылықты болдырмау мақсатында университет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі бойынша және тәртіптік жауаптылыққа заң жүзінде алдын алу мақсатында құрылған.
         Комиссия құрамы:

приказ комиссия сыбайлас жемқорлық

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар есебі:

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІНІҢ 

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

  2013 жылы 26 қыркүйекте №1 хаттамасымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми Кеңесінде бекітілген және ұжымның жалпы отырысында мақұлданған

 

КІРІСПЕ

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жастарға Үндеуінде: «Біз Еуразия кеңістігінде ғылыми-инновациялық саланың көшбасшысы болуымыз керек. Бүгінде Қазақстан әлемге ашық… Өз Отаның – бұл дүниедегі жаннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар. Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сендер де әулетті, әлеметті боласыңдар», – деген. Сондықтан жастардың толыққанды білім алуына, олардың кәсіби біліктілігін арттыруына, бә-секеге қабілетті азамат болып қалыптасуында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің алатын орны зор.

           Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзіндік тарихы бар, бірегей жоғары оқу орны болғандықтан, қазақ қыздарының имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып, жоғары санатты және адамгершілігі жоғары, саламатты өмір салтын ұстанған мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асыруда аса зор жауапкершілік көрсетуге міндетті.

           Университет студенті – жоғары кәсіби білім (бакалавриат) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім (магистратура, PhD докторантура) бағдарламалары бойынша жоғары деңгейде оқып жатқан тұлға болып табылады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері оқытушылар, студенттер мен әкімшілік арасындағы шынайы сыйластық қарым-қатынас құруға тырысуда, кәсіби және мәдени бейімделген тұлға сапасын арттыруға, дүниетанымдық күш-жігермен, креативті ойлау қабілетімен, мамандығы бойынша тұрақты құзырлылықпен қаруланған тұлғаны анықтауға және бірлескен басқару ұстанымдарының дамуы мен басқаруын өз парызым деп санап, бар жауапкершілікпен берілген Кодекс қағидаларын қабылдап, оны қалтқысыз орындауға міндетті.

 

I. Жалпы ережелер

  • Университеттің басты миссиясы – еліміздің адами капиталын дамытуға кәсіби үлес қосатын жоғары білікті педагог мамандар даярлау.
  • Ар-намыс Кодексі – білім саласындағы кепілдіктердің барлық түріне сенімділік пен құрметке негізделген ерекше Ережелер жинағы, және оны университетте оқитын (мамандығы мен оқу түріне қарамастан) барлық студенттер басшылыққа алады.
  • Осы Кодекстің мақсаты – бәсекеге қабілетті жоғары білікті маман болу және адамзаттық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы студенттің қандай болу керек екендігін анықтау.
  • Ар-намыс Кодексін дайындауда басшылыққа алынған критерийлер:
  • Ар-намыс Кодексі жастар саясаты қабылдаған негізгі талаптарға сай болуы тиіс;
  • Ар-намыс Кодексі заманауи қоғамдық жағдайда университет студенттерінің өзіне тән этикалық мәселелерін ескеруі тиіс;
  • Ар-намыс Кодексі білім алу және кәсіби өзара қарым-қатынас кезінде дау-дамай болдырмаудың алдын алу және этикалық мәселелерді шешудің тиімді жолын табуға  ықпал жасау керек.
  • Ар-намыс Кодексі студенттің тек этикалық мәселелерін ғана шешіп қоймай, сонымен қатар екі маңызды компонентті қамтиды:
  • студенттің университеттегі ішкі тәртіпті сақтау Ережесі:
  • университеттен тыс жердегі студент тәртібі, кәсіби мамандыққа баулу кезіндегі кәсіби этикасының ережесі.

 

II. Негізгі бөлім

  1. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студентінің этикасы: 
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, университеттің Жарғысына, ішкі  тәртіп Ережесіне, жатақханада тұру Ережесіне және басқа да нормативтік актілеріге бағыну;
  • Мемлекеттік рәміздерді, ұлттық мәдениет пен Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихын білу және оларды қастерлеу, университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтау және оларды құрметтеу;
  • Басқа студенттермен, оқытушылармен және әкімшілік өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық таныту;
  • Кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарау;
  • Мемлекеттік жоғары оқу орнының білім стандартымен жүктелген оқу бағдарламаларын толық орындау;
  • Білімге құштарлық, бәсекеге қабілетті маман болып шығу мақсатында өз білімін жетілдіруде заманауи ақпараттық технологияларды оқып-үйрену, барлық жаңашылдықты білуге ұмтылу;
  • Университеттің қоғамдық жұмысына белсене араласу;
  • Университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасау және университет аумағында жағымсыз көріністердің орын алуына жол бермеу;
  • Университеттің кітапхана – ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарау және бұл ресурстарға қатысты салғырттық пен нұсқан келтірушілікті болдырмау;
  • Студент сырт келбетінің этикалық және эстетикалық талаптарға сай келуі.
  • Университеттің «Ұлпан» асханасында тәртіпті сақтау.
  • Университеттен тыс жерде болашақ мұғалім екенін ұмытпау, өзін педагогикалық университет студенті ретінде көрсету, оқу орнының атына кір келтірмеу;
  • Саламатты өмір салтын ұстану, мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылу, университеттің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене ат салысу;
  • Тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеу, сондай-ақ Заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспау;
  • Университет мүддесіне қайшы келетін және қыздар университетінің имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекетке қатысудан бас тарту;
  • Ар-намыс Кодексі ережелерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысу, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы жастар саясаты жөніндегі бөліміне немесе Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті әкімшілігіне хабарлау;
  • Университет имиджін сақтау, университет беделін көтеруге ат салысу.

 

  1. Қыздар университеті кәсіби, жеке қабілеттері жоғары, іскер студентті қажет етеді:
  • Жоғары кәсіби дайындық, үнемі өз білімін көтеру, кәсіби әдебиеттерді оқу, ғылыммен шұғылдану;
  • Адамдармен қарым-қатынастың жаңа формалары мен әдістерін жақсы білу;
  • Перспективаны алдын ала білу, өз ісіне анализ жасау және қорытындылау;
  • Керек ақпаратты дер кезінде шұғыл және кәсіби жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
  • Мамандыққа дайындалу барысында инновациялық жаңа технологияларды пайдалану;
  • Тіл мәдениетін дамыту, ана тілінінің беделін көтеру;
  • Қазіргі сәндік киім үлгілерін талғаммен үйлестіре білу;
  • Жеке ұйымдастырушылық, орындаушылық қабілеті және жауапкершілігі мол болу;
  • Өзінің және мамандығының намысы мен абыройын қорғау.

 

  1. Заманауи талаптарға сай Студент имиджі:
  • Университет Жарғысын орындайды және оны басқаларға бұзуға жол бермеуге ықпал етеді;
  • Оқу үдерісінің бірқалыпты жүргізілуіне ықпал етеді;
  • Білімін кеңейтеді және кәсіби деңгейін жетілдіруде барлық мүмкіншілікті пайдаланады;
  • Сабақтан кешікпейді, себепсіз сабақтан қалмайды;
  • Білімді бақылау мен тексерудің барлық деңгейлері мен түрлерін өту барысында көшіруге жол бермейді;
  • Оқу үдерісінде өз білімін көтеру мақсатында академиялық ұтқырлықты тиімді пайдаланады;
  • Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымын одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосады.

 

 ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

          Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – студенттер, оқытушылар мен әкімшіліктің нақты белгіленген және міндетті түрде орындалатын тәртіп ережелері мен нормалары бар үлкен қауымдастық болып табылады.

           Ар-намыс Кодексі этикалық тәртіп ережелерін белгілейді.

           Университетте оқу үдерісін жетілдіру және бүкіл ұжым жұмысын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік-психологиялық ахуал  құруға негіз болады.

           Университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтау және оларды құрметтеуге тәрбиелейді.

           Жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті, білімді, іскер жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасайды.

           Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасындағы өзіндік ерекшелігі бар, бірегей жоғары оқу орны екенін ескере отырып, Ар-намыс  Кодексі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді міндеттейді.

           Университетте оқитын  барлық студент (оқу түрі мен мамандығына қарамастан) Ар-намыс Кодексімен танысуға және оны орындауға міндетті.

 

5. Ар-намыс Кодексін бұзған студентке әкімшілік тарапынан жаза қолданылады (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, оқудан шығару).

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ  ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ!

               Миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастар.

              Клубтың мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

          Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің kazmkpu.kz сайты  және оқу ғимараттары мен жатақханаларда ішкі ережелер мен баннерлер ілініп, «Сенім» телефоны, «Сенім» жәшігі қойылған. «Серт» ПКСО полицияның көмекшісі студенттік отрядының ұйымдастыруымен акциялар, Әлеуметтік-тәрбие және жастар саясаты бөлімі, Жатақхана жұмысын үйлестіру бөлімінің ұйымдастырумен жатақханаларда, асханада ішкі ережелерді түсіндіру шаралары, студенттердің ар-намыс кодексін кітапша ретінде шығарып тарату жұмыстары жүргізілді. Студенттік омбудсменнің ұйымдастыруымен «Әділ сессия», «Парасыз сессия»  акциялары әр семестр сайын өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, құқық және экономика негіздері кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибелері» тақырыбында ашық сабақ, «Жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері» атты тақырыпта дөңгелек үстел, «Саналы ұрпақ» клубы құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол»  атты тақырыпта марафон өткізілді. 

 

           Сыбайлас – жемқорлыққа қарсы міндеттемелер

  1. Жұмысшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еңбек келісім-шарты бойынша өз міндеттерін орындай отырып, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы келесідей құқық бұзушылық жүзеге асырылмасын:

А.   Заңсыз материалды сыйақыны өзі немесе делдеал арқылы алуына және соған     жағдай жасауына болмайды.

Б.   Заңсыз материалды сыйақыны алуда делдал болмау керек.

В.  ҚР « Сыбайлас-жемқорлық туралы»  заң аймағына қатысты сыбайлас-жемқорлыққа тең келетін басқа да коммерциялық сатуға қатыспау керек.

  1. 2. Жұмысшы Ректорға немесе қауіпсіздік Басқармасына жылдам хабарлауға  міндетті:

А.  Сыбайлас-жемқорлықпен құқық бұзушылыққа әкелетін жағдайда.

В. Университеттің ережелері мен нұсқамаларын бұзумен оқу процесінде қалыптасқан мәселелерді шешуде студенттер мен олардың  өкілдерінің  үндеуі жағдайында.

  1. Жұмысшы ҚР заңнамасын бұзу мүддесімен кез-келген шиеленіс тудыру мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шара қолдануға міндетті және Ректорға немесе қауіпсіздік  Басқармасына  мүдделердің  кез-келген шиеленістің пайда болуы немесе оның пайда болу мүмкіндігі туралы белгілі болғаннан  кейін жылдам хабарлауы тиіс.
  2. Сыбайлас-жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы жұмысшы хабарлағанда Жұмыс беруші оны ешқандай жазаға тартпайтындығынан жұмысшы хабардар.
  3. ҚР заңнамасымен қарастырылғандай сыбайлас-жемқорлықтың талаптарын бұзғаны үшін тәртіп, әкімшілік, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі туралы жұмысшы ескертілген.
  4. Аталған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы міндеттерді орындамаған жағдайда жұмысшы тәртіп жазасына тартылады, тіпті ҚР  заңнамасына сәйкес қызметінен босатылуға дейін де.

Мен,____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(қызметі, бөлім атауы)

 

оқығанымды растаймын және РМК «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»  сыбайлас-жемқорлыққа қарсы міндеттерді орындауға міндеттімін.

                                                                                   Жеке қолы __________

                                                                                               Мерзімі «___»   ______ж.       

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.