2007 жылдың 1 қыркүйек жұлдызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің құрамында «Ақпараттық жүйелерді оқыту» кафедрасы құрылды. 2016 жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызында «Ақпараттық технологиялар» деп кафедраның атауы өзгертілді. Кафедраның алғашқы меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлы 2007-2012 жылдарында аралығында болса, 2012-2016 жылдар аралығында физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қожамқұлова Жазира Жұмағұлқызы кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ал 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD доктор, ХАА академигі Досжанова Алия Амантайқызы атқаруда.

     2009-2010 оқу жылынан бастап 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерде мамандар даярлайды. Кафедра негізінен жалпы университет бойынша барлық мамандықтардың 1 курс студенттеріне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін үш тілде оқытуда.

     Бүгінгі күнде «Ақпараттық технологиялар» кафедрасы құрамында тех.ғ.к.,  доцент К.С. Бертаева, ф.-м.ғ.к., қауым.проф. Ж.Ж.Қожамқұлова, п.ғ.к., аға оқытушы, РЖА профессоры М.Ж.Балабекова, ф.-м.ғ.к., аға оқытушы Б.Ягалиева, тех.ғ.к., аға оқытушы Г.С.Набиева, доктор PhD, аға оқытушылар А.А.Досжанова, Ф.У.Маликова, А.Х. Козбакова, магистр, аға оқытушылар А.Ж.Молдакалыкова, Б.А.Пазилова, А.Нүсіпбекова, М.Чанбаева, Н.Оспанбекова; магистр, оқытушылар: Н. Аманкелдіқызы, Сабит Б., Елешқызы С., Оразов С.К., Толыбаев Ш.Д. қызмет етеді. Олар кафедра, факультет, университет деңгейіндегі қоғамдық және мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.

     Кафедрада  ғылыми-зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылып,  «Білім беру жүйесінде ақпаратты қорғау» бағыты бойынша, ғылыми-ізденіс жұмыстарын жасайды. Кафедраның профессор-оқытушылары Ж.Ж.Қожамқұлова, М.Балабекова, С.Нугманова, А.А.Досжанова, Маликова Ф.У., Набиева Г.С. , Б.Е.Яғалиева, Б.А. Пазилованың  еңбектері АҚШ, Чехия, Болгария, Шри-Ланка, Оңтүстік-Сахалинск, Түркия, Ресей, Жапония, Европа мемлекеттерінде, өткізілген халықаралық конференцияларда ғылыми басылымдарда жарық көріп, семинарларға қатысып сертификаттарға ие болған.

     2016 жылдан бастап Польша мемлекетінің Люблин политехникалық университетімен Меморандумға қол қойлып, бірлескен ғылыми–ізденіс жұмыстар қолға алынып, жасалуда. Сонымен қатар, Киев қаласындағы Ұлттық авиациялық университетінің техникалық ғылымдарының докторы, профессоры Александр Григорьевич Корченкомен  ғылыми-ізденіс жұмыстар бойынша тығыз байланыста. 2016 жылдың желтоқсан айында физика-математика факультетіндегі профессор-оқытушылар құрамына, магистранттарына және студенттеріне «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша семинар өткізді.

     Соңғы уақыттары кафедрада студенттермен бірнеше ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша жұмыс жасалынып жатыр. Атап айтар болсақ, «Электрондық оқулық, видео сабақтармен виртуалды электрондық зертханалық практикумдар кірістірілген пәннің ЭОӘК-ін қашықтықтан оқыту технологиясын ендіру» (жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы, профессор РЖА М.Ж.Балабекова), «Биометриялық технологияларды қолданатын тұлғалардың биометриялық аутентификациялау жүйесін зерттеу және әзірлеу» (жетекші: магистр, оқытушы Ш.Толыбаев), «Қазақстанда ақпаратты қауіпсіздік мәселелерін зерттеу» (жетекші:  PhD докторы А.А.Досжанова).

     Кафедраның профессор-оқытушылары кредиттік оқыту жүйесі негізінде білім беруде қазіргі заманғы ғылым жетістіктері мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдану мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта кафедра оқытушылары үнемі білім жетілдіру курстарына барып өз білім-біліктерін жетілдіріп оны оқу үрдісіне ендіруде. Сондай-ақ, кафедрада магистр, оқытушы Ш.Д.Толыбаевтың жетекшілік етуімен «Ақпараттық жүйелерді құрастырушы» атты үйірмесі жұмыс жасайды, үйірмеге 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері қатысады. Үйірме мақсаты – Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, оқытатын пәндер бойынша алынған теориялық білімдерімен іскерлік дағдыларын тереңдетіп кеңейту; оқытудың кәсіптік бағдарын күшейтетін практикалық дайындықты қамту; студенттердің ақпараттық және функционалдық дағдыларын қалыптастыру; компьютерлік технологияны толық меңгеріп, оны өмірде қолдана білуге үйрету; студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, терең білім алуға және ғылыммен айналасуға жетелеу. Үйірме жұмысының қорытындысы бойынша, студенттер Республикалық конференцияларға, олимпиадаларға белсенділікпен қатысады.

     2012 жылдан бастап, кафедра Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, студенттерді білім алмастыруда. Нақты тоқталсақ, 2012-2013 оқу жылында студенттер Лондон менеджмент академиясында (Ұлыбритания) 1 семестр көлемінде білім алмасса,  2016-2017 оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5В070300- «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Қыздар университетіне келіп, өз мамандығы бойынша білім алып қайтты.

     Кафедра оқытушылары мен студенттері электронды кітапхана, Университеттің ақпараттық базасымен белсенді жұмыс жасайды. Сонымен қатар, кафедраға қарасты 15 компьютерлік сыныптарында студенттер мен оқытушылардың сапалы білім алып, дербес компьютерлерде зертханалық, практикалық жұмыстарын өткізуіне жағдай жасалынған.

     Қазіргі таңда ғылыми-ізденіс және оқу-әдістемелік тәжірибелері мол білім-біліктілігі жоғары, үштілді меңгерген оқытушы-профессорлар құрамынан тұратын кафедра болашағы зор, бәсекеге қабілетті, сапалы мамандар даярлауда аянбай еңбек етуде.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.