КАФЕДРА ТУРАЛЫ

Дене тәрбиесі кафедрасы 1949 жылы жеке кафедра ретінде ұйымдастырылды. Оның алғашқы меңгерушісі Мұзафар Рахымұлы Рахымқұлов болды. Кафедрада Г.Т.Изьящева,Т.П.Городецкая, Н.И.Воинова-көркем және спорттық гимнастикадан; Г.Т.Суслова-фехтованиядан; Б.Д Жангожин, И.Елесина-басткетболдан; М.Симанюк-гандболдан; В.А.Бакряшов-жеңіл атлетикадан ; С.И. Корчагина волейболдан және басқа да спортқа еңбегі сіңген атақты спорт  шеберлері сабақ берді, осы педгогтардың талмай еңбек етуінің арқасында талай атақты   қазақстанның чемпион қыздары  университет қабырғасынан түлеп шықты. Осы ұстаздардың еңбегінің нәтиежесін келесідей жетістіктерден байқауға болады. Мысалы: Қазақстан баскетболында аты аңызға айналған Ольга Апатаева – кітапхана факультетінің 1966-1970 жылдардағы студенті, ол –КСРО спорт шебері атағына ие болған тұңғыш қазақ қызы. Оның есімі қазақ совет энциклопедиясына (1972ж.) енген. Студенттер М. Рымбаева Қазақ ССР-ның ат спортынан, Б. Жексенбаева– вело спорттан, Қ. Жұмалиева  оқ атудан, Ж. Аблохатова жорға жарыстан чемпион атағына ие болды.

 1957 жылы Ыстықкөл жағасында қырғыз қыздар педагогикалық институтының базасында қазақ қыздар педагогикалық институтының құрама командасы үшін жазғы спорт лагерін ашылды. Бұл лагерь 1974 жылға дейін жұмыс істеді. 1958 жылы кафедрада  туризм бөлімшесі ашылып, студенттер тиісті дәрістерді өткен соң Ыстықкөл жағасындағы базалық лагерьге тұрақты түрде жаяу жорықтар ұйымдастырып тұрды.     

Сабақтан тыс уақытта денешынықтыру сабақтарымен айналысу үшін спорттық клубтар мен секциялар, атап айтқанда, жеңіл атлетика, дзюдо, самбо, баскетбол, волейбол, футбол, ауыр атлетика, үстел теннисі, аэробика, тоғызқұмалақ, бадминтон, шахмат, у-шу, аэрофитнес секциялары жұмыс істейді.

 

* * *

Миссия мен стратегия 

Кафедра миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында қабілетті, білімді  мамандарды дайындау және  кәсіби  спортқа баулу, салауатты өмір салтын  насихаттау  арқылы келешек жас ұрпақтарға  көшбасшы болу.

 

 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

«Денешынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылар құрамы 24 штаттық бірлікті құрайды. Оның ішінде:     1- профессор, 2-доцент, магистр-4         аға оқытушылар-16, оқытушы-2.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы штаттық кестені 100 %  игереді. Оқытушылардың барлығының дерлік базалық білімі бар, 85 пайызы мемлекеттік тілде дәріс жүргізеді.

«Денешынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы:

  • СССР спорт шебері -2;
  • СССР спорт шеберіне үміткер-1;
  • Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 1;
  • ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы – 3;
  • ҚР спорт шебері –7;
  • Спорт шеберлігіне үміткерлер – 3;
  • ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері – 3;
  • Ы.Алтынсарин медалінің иегері – 1.

 

* * *

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде жастардың дене дайындығын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық шарттары».  Ғылыми жетекшілері: п.ғ.к., профессор Д.Р.Абдыкадырова., т.ғ.к., С.М. Шыңғысбаев ,  кафедра меңгерушісі А.К. Есельбаева.  Ғылыми-зерттеу жұмысының мүшелері зерттеу тақырыбы бойынша жоспарға сай ізденіс жұмыстарын жүргізуде.

Біздің мекен жайымыз: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Байланыс телефоны: +7(727)2794900

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.