Тарихы

70 жылдары Қазақстанда мектептерді жоғары білімді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жеткіліксіз болды. Осыған орай 1971 жылы «Педагогика және психология (мектепке дейінгі)» мамандығының ашылуына байланысты филология факультетінің ішінен мектепке дейінгі педагогика кафедрасы құрылды.

1990 жылы факультетте педагогика және бастауыш білім әдістемесі мамандығы ашылды. «Мектепке дейінгі тәрбие әдістемесі» кафедрасы құрамында бастауыш  білім және мектепке дейінгі тәрбие кадрларын даярлау ісінің негізін қалаушылардың қатарында ғалымдар Қ.А.Аймағамбетова, Б.Ж.Жаришева, А.К.Меңжанова, К.М.Меңдаяқова, О.П.Кереева, И.Б.Исламқұлова, Ж.Ы.Ыдырысова, Т.А.Левченко, М.Т.Тұрыскелдина, Д.Ы.Ыдырысова, С.Н.Сартбаева т.б. бар. Олар болашақ мамандарға теориялық біліммен қатар өз салалары бойынша педагогикалық шеберлікке үйретіп, ұстаздық іскерлікке баулыды.

Қазақстан Республикасы көлеміндегі мектепке дейінгі тәрбиенің әртүрлі салалары бойынша зерттеу жүргізген кафедра ғалымдары: А.К.Менжанова, Б.Б.Баймұратова, Ж.А.Исмаилова, М.Т.Турскельдина, Қ.М.Меңдаяхова, М.С.Сәтімбекова, Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева, Н.Сайлауова, К.Метербаева, Ғ.З.Таубаева т.б.

2012-2013 оқу жылынан бастап 40 жылдық тарихы бар кафедраны п.ғ.к. Т.Б.Байназарова басқарады. Ұлттық рейтинг көрсеткіші және Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің жүргізген зерттеулері бойынша 5В010100     – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары бірінші орынды иеленіп рейтинг бойынша көш басында тұр. Бұл көрсеткіштер жоғары білімді педагог мамандар дайындау кеңістігінде ұзақ жылдар жемісті қызмет етіп отырған ұжым еңбегіне берілген үлкен баға.


 

Миссия мен стратегия

Кафедра миссиясы – мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, университеттің даму мақсаттарына орай оқу үрдісін білім берудің әлемдік үздік тәжірибелеріне сай инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету.


Профессор-оқытушылар құрамы

Қазіргі таңда «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасында 24 оқытушы қызмет етуде: 3 – педагогика ғылымдарының докторы, профессор; 1- ҚазМемҚызПУ профессоры; 5- педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; 7- п.ғ.к., аға оқытушы, 5 – п.ғ.магистрі, оқытушы; 1 – п.ғ.магистрі, аға оқытушы; 2 – оқытушы қызмет атқарады. Кафедраның профессор-оқытушылыр құрамының ғылыми дәрежесі мен атағы барларының үлес салмағы 78% .


Халықаралық байланыс

Оқытушылар, магистранттар мен студенттер халықаралық конференцияларға қатысып, халықаралық басылымдарда ғылыми мақалалар жариялайды және университетте халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда.            Кафедра студенттер мен магистранттарға өздерінің кәсіби білімін жақсартуға, халықаралық конференцияларға, семинарларға және тәжірибелерге қатысуға мүмкіндік беретін шетелдік ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде.            Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімдердің аясында студенттер, магистранттар мен оқытушылар үшін шетел университеттерінің дәрістері ұйымдастырылады.            Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы келесі шарттар мен келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады:

  1. Қ.Қарасаев атындағы Бішкек гуманитарлық университеті (Қырғызстан)
  2. И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғызстан)
  3. Нигер университеті (Түркия)
  4. Миссисипи мемлекеттік университеті (АҚШ, Миссисипи)
  5. Халықаралық педагогикалық білім академиясы (Ресей, Мәскеу)
  6. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)
  7. Борис Гринченко атындағы Киев университеті (Киев, Украина)           

 

Магистратура бағдарламаларын жүзеге асыру жетекші шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асырылады.           

Магистранттарға шақырылған шетелдік профессорлар жыл сайын университеттің ауқымды халықаралық байланыстары арқасында дәріс оқиды, магистранттар шетелдік оқу орындарына және ғылыми орталықтарға оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.


       

«Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім» кафедрасы

  • 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • 5В010100-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары бойынша білім бакалаврын;
  • 6М010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу магистрін дайындайды.

«5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының түлектері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеші-әдіскер біліктілігін алып, мектепке дейінгі ұйымның түрлі типтерінде шағын және дамытушы орталықтарда, отбасылық балабақша, мектепалды дайындық сыныптарында, мектеп-балабақшаларда тәрбиеші-педагог қызметін атқарады.

«5В010200-Бастауыш білім педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітірушілер мектепте бастауыш сынып мұғалімі біліктілігіне ие болып, бітірушілер жалпы білім беретін мектептер, шағын жинақталған мектептер, гимназиялар, лицейлерде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады. Қосымша білім алу бағдарламасы негізінде мектепалды дайындық сынып мұғалімі, бастауыш мектептегі бейнелеу өнері мұғалімі деген біліктілікті қоса алу мүмкіндігі бар. 

«6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» магистрін дайындайды. Магистратураны бітірушілер мектепке дейінгі білім беру мәселесімен айналысатын ғылыми қызметкер, жоғары оқу орны оқытушысы қызметін атқара алады.

Біздің мекенжайымыз:

Алматы қаласы, Гоголь көшесі 161,

№2 оқу ғимараты,3-қабат, 307 кабинет.

 

Байланыс телефоны: +7 (727) 393-09-83; +7 (727)393-07-15; +7 701 614 88 99. kafedradoshkolnoeipmno@mail.ru

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.