ҒЫЛЫМИ-БАСПАЛЫҚ БӨЛІМ

Міндеттер

  1. Университеттің ғылыми басылымдарды дайындау және жариялау мәселелері бойынша бірыңғай саясатын жүргізу.
  2. Университет ғылыми басылымдарының сапасын арттыру, оқу және оқу-әдістемелік басылымдарының мазмұны мен полиграфиялық орындалуына қойылатын нормативтік талаптарды профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару қызметкерлерінің сақтауы.
  3. Факультет, университет басылымдарының жылдық жоспарына сәйкес ПОҚ-тың ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік басылымдарын уақытында басып шығару.
  4. Университет және оның қызметкерлерінің  зияткерлік меншік құқықтарын қорғау.

 

Қызметтер

  1. Профессор-оқытушылық құрам мен білім алушыларды ғылыми басылымдар: мақалалар, монографиялар, ғылыми-әдістемелік, оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындау мәселесі бойынша оқыту және консультация беру.
  2. Күнтізбелік (оқу) жылға Университеттің ғылыми жарияланымдарын басып шығару жоспарын жасау, ол бойынша есеп дайындау.
  3. «Монографияларды дайындау» Ережесінің талаптарына сәйкес Университет ПОҚ монографияларының қолжазбаларын қарастыру.
  4. «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы» журналын шығару.
  5. Халықаралық ғылыми метрикалық деректер базасына (Scopus, Web of Science) енгізілген басылымдарда, импакт-факторлы журналдарда ғылыми жұмыстарды дайындауға профессорлық-оқытушылық құрамға көмек жасау.
  6. Академиялық адалдық, плагиаттың болмауы, Университеттің және оның қызметкерлерінің зияткерлік меншік құқықтарының сақталуы тұрғысынан ғылыми басылымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыру.

 

Байланыс ақпараты

050000 Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99

Бас оқу ғимараты, 122 кабинет

Телефон: +7 (727) 237 00 18, ішкі 4019

E-mail: s.shakirova@kazmkpu.kz

Қызметкерлер

Бөлім бастығы – Шакирова Светлана Махмутовна, филос.ғ.к.

Маман-корректор – Жакибаева Қалипа Аманбайқызы