Жалпы ақпарат

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– Баспасөз қызметі;

– «Qyzdar Ýniversiteti» газеті;

– «Қыз-ғұмыр» журналы;

– kazmkpu.kz ресми интернет ресурсы;

– «Qyzdar Ýniversiteti» интернет телеарнасы;

– Фото және бейне студия.

 

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің негізгі міндеттері

1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету:

– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету; шараларды республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;

– Отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыру;

– Спичрайтинг;

– Университеттің жағымды беделін қалыптастыруға бағытталған  PR-кампанияларды әзірлеу және жүзеге асыру;

– Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің мекеме туралы қызметтік сұрақтарына мазмұнды әрі нақты жауап беру;

– Университет басшыларының БАҚ-та сұхбаттары мен авторлық мақалаларын ұйымдастыру;

– Іс-шараларды кәсіби және сапалы фото, бейне түсіріліммен қамтамасыз ету.

2. Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау:

– Университет ректорының  ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;

– Университет ректорының қызметі, оның ішінде ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;

– Бұқаралық ақпараттық құралдарында университет пен ректордың жағымды, оң имиджін жүйелі, үздіксіз түрде қалыптастыру.

3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау:

– Университеттің www.kazmkpu.kz ресми интернет ресурсына танымдық ақпараттарды, жаңалықтарды, хабарландыруды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру, SMM;

 

– Университетте өтетін  іс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын баспасөз хабарламасымен қамтамасыз ету;

– Университет газеті мен журналының шығармашылық жұмысын үйлестіру және уақтылы шығуын қамтамасыз ету;

– Университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жаңалықтарды, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;

– Жалпыуниверситеттік шығармашылық конкурстардың қоғамдық комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыру.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.