Мақсаты: Әлеуметтік және азаматтық даму негізінде, қазіргі қоғамдық ортада заманауи ұстанымдары бар, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін қыздарды тәрбиелеу.

 

МІНДЕТТЕРІ:

  • Студенттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау және дамыту;
  • Университет студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру және мәдени-көпшілік шараларға қатыстыру;
  • Әлеуметтік және тәрбие мәселелерін ұйымдастыру, бақылау және реттеу, университет факультеттерінің әлеуметтік жұмыстарына жалпы басшылық жасау;
  • Әлеуметтік және азаматтық даму негізінде патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие беру;
  • Студенттерге (университетте білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен: ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасынан шыққан студенттер) әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Жас таланттарды қолдауға және дамытуға, студенттердің маңызды қасиеттері мен коммуникативті мәдениетін қалыптастыруға бағыттау.

 

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент құрамына келесі бөлімдер кіреді:

  • Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі;

Жатақхана жұмысын үйлестіру бөлімі.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.