Кешенді химия-биологиялық ғылыми зерттеу орталығы

Химия және биология кафедраларының базасында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, химия, биология саласындағы оқу үрдістерін  жүргізу мақсатында құрылған университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын кешенді химия-биология ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. ҚР БжҒМ-нің  қаржыландыруымен орталық заманауи қондырғылармен жабдықталды: рентген фазалық  дифрактометр Rigaku, Miniflex 300/600 (Жапония), атомдық-абсорбциялық спектрометр PinAAcle 900T, Perkin Elmer  (Сингапур), ИҚ-спектрометр ALPHA, Bruker (Германия), хромо масс-спектрометр Trace 1310  (АҚШ), ПТР жүйесі– модель 7300/7500 Applied Biosystems.

Орталық ғылыми, қоғамдық және басқа да ғылыммен айналысатын ұйымдармен бірлесе отырып ғылыми жобаларды дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына қатысады. Орталықтың жұмыс істеу бағыты бойынша қызметкерлерге, Университеттің  білім алушыларына, заңды тұлғаларға қызмет көрсету жоспарланған.

Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстары химия және биология кафедраларының ғылыми бағыттарына сәйкес жүргізіледі:

– Өсімдік шикізаттарынан бөлінетін биологиялық белсенді заттар мен табиғи полифенолдар, эфир майлары, илегіш заттар, каратиноидтар негізінде биологиялық белсенділіктерін анықтау, құрылысын нақтылап, синтездеу жолдарын қарастыру.

– BiМеI FexOy құрамдағы жаңа материалдардың кристаллохимиялық сипаттамаларын зерттеу және синтездеу. Синтезделген поликристалдық фазалардың құрамы мен құрылысын оқып үйрену, фазалық өзгерулерді рентгенографиялық және электроннографиялық әдістермен нақтылау (ҚР БжҒм гранттық қаржыландыруы №192 келісімшарт негізінде 12.02.2015).

– Окси-, аминофосфонаттардың және N-амидофосфонаттардың алифатты, алициклді және гетероциклді қатарын синтездеу және олардан пайдалы қасиеттері бар заттар алу мақсатында химиялық модификациялау;

– Қарастырылып отырған қосылыстардың реакцияға қабілеттілігін, құрылымдық ерекшеліктерін оқып үйреніп, оларды практика жүзінде медицина мен ауыл шаруашылығында қолдану жөнінен ұсыныс беру;

– Өсімдіктердің өсуі, дамуы, өнімділігі жөнінде жүйелі білімді қалыптастыру:

– Гидрофильді полимерлердің негізіндегі интергельдік жүйелердің сорбциялық қасиеттерін оқып үйрену.

БОЛАТ ЖАЗКЕНҰЛЫ ДЖИЕМБАЕВ

Химия ғылымдарының докторы

Білімі: 1965-1971 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу химиялық технология институты, мамандығы  – биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы.   

Еңбек өтілі:

1971-1975 – ҚазССР ХҒИ ҒА ацетиленді химия зертханасының инженері

1975-1985 ҚазССР ХҒИ ҒА ацетиленді химия зертханасының кіші ғылыми

қызметкері

1985-1991 А.Б.Бектұров атындағы ҚазССР ХҒИ ҒА ацетиленді химия

зертханасының аға ғылыми қызметкері

1991-1994 А.Б.Бектұров атындағы ҚазССР ХҒИ ҒА ғалым хатшы

1994-2009 табиғи қосылыстар химиясы зертханасының меңгерушісі және (2006-2008) А.Б.Бектұров атындағы ҚазССР ХҒИ ҒА директордың

орынбасары

2009-2010 А.Б.Бектұров атындағы ҚазССР ХҒИ ҒА табиғи қосылыстар

химиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкер

2011 қазіргі уақытта Қазмемқызпу, Химия кафедрасының профессоры

Ғылыми еңбектері: 9 монография, 400-ден астам халықаралық және республикалық ғылыми журналдар мен конференцияларда мақалалар мен тезистер жарық көрген, 35 авторлық куәлік және патенттер мен 1 оқу құралының авторы.

        Жетістіктері:

– «ҚазССР өнертапқышы»

– «Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттікғ сыйақының лауреаты», 2003жыл

– «Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің ғылымға зор еңбегін қосқаны үшін мемлекеттік шәкірақы иегері», 2006 жыл

– Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі» үшін төсбелгісі, 2006 жыл.

Байланыс телефоны: 8 705 180 23 54

e-mail: bulat.dzhiembaev@gmail.com

Аты-жөні Қызметі Электронды адрес Дәрежесі
1 Джиембаев Болат Жазкенович Орталық жетекшісі bulat.dzhiembaev@gmail.com Х.ғ.д.,профессор
2 Байматова Насиба Хикматуллаевна Бас ғылыми қызметкер baimatova.nassiba@gmail.com PhD доктор
3 Соколов Александр Юрьевич Ғылыми қызметкер sarik.sokolov@gmail.com PhD доктор
4 Суюндукова Гульнур Сериккалиевна Ғылыми қызметкер gulnura_87_05@mail.ru Техника ғылымдарының магистрі (физика)
5 Мазқират Шынар Ғылыми қызметкер shynarbek.mazkirat@gmail.com Жаратылыстану магистрі (биология)
6 Қуандықова Ақбота Бостандыққызы инженер bota_17_02@mail.ru Жаратылыстану ғылымдарының магистрі (химия)

Рентген фазалық дифрактометр Rigaku, Miniflex 300/600 (Жапония)


 

Атомдық- абсорбциялық спектрометр  PinAAcle 900T, (Сингапур)


Хромо масс-спектрометр Trace 1310, Thermo Scientific (АҚШ)


ИҚ-Фурье спектрометрі ALPHA, Bruker(Германия) 


Спектрофотометр UviLine 9100, SI Analytics (Ұлыбритания)


Система ПЦР в реальном времени Модель 7300/7500 AppliedBiosystems

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.