Жалпы ақпарат

Шығармашылық бөлімнің құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– «Ұлар» этно-фольклорлық ансамблі;

– «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблі;

– «Томирис» би ансамблі.

 

Шығармашылық бөлімнің негізгі міндеттері

1. Шығармашылық бөлім – Университет имиджі үшін қызмет жасайтын, жоғарғы оқу орындары арасындағы бәсекеге қабілетті жаңа идеялар мен шығармашылық ізденістер орталығы болып табылады. Жоғарғы оқу орнының шығармашылық тұрғыдан қарқынды дамуы және заманауи жоғарғы оқу орындары деңгейіне ие болатын жетекші бағыттарының бірі:

– Шығармашылық ұжымдардың, университеттік іс-шаралардың жұмысын белсенді насихаттайды.

– Университеттік іс-шараларда АКТ залымен, сахналық киімдермен, кәсіби және сапалы музыкалық аппаратурамен қамтамасыз етеді.

2. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын насихаттау:

– Университет негізінде әрекет ететін шығармашылық ұжымдар – «Ұлар» этно-фольклорлық ансамблінің, «Айгүл» вокалды-аспапты ансамблінің, «Томирис» би ансамблінің, «Тек қана қыздар» КТК командасының қызметтерін университет, қала,  мемлекет деңгейіндегі іс-шараларға ұсыну. Университет деңгейінде өтетін концерт-театрландырылған іс-шараларды ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жүйесін жасау.

– Мәдениет және өнер саласындағы  жоғары білім беру мекемелері арасындағы мәдени байланыстарды нығайту. Таяу және алыс шетелдердегі оқу орындарымен шығармашылық қарым-қатынас жасау бағдарламасын әзірлеу.

– Ынтымақтастық туралы келісім бойынша университеттер мен орта арнайы оқу орындарының арасындағы қатынастарды дамыту. Университеттің шығармашылық ұжымдарының шетелдік турларын ұйымдастыру. Университетті жарнамалау мақсатында аймақтық, бүкіләлемдік, халықаралық байқаулар мен фестивальдар, студенттер мен оқытушыларға мастер-кластар ұйымдастыру.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.