КАФЕДРА ТУРАЛЫ

ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1944 жылы 15 тамыздағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар институтын құру жөніндегі қаулысына сәйкес, Тарих факультетінде Педагогика кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып Ш.Қоқымбаев тағайындалды. 1950-70 жж. кафедрада республикаға танымал ғалым-педагогтар: Қ.Б.Бержанов, Ә.Р.Жұмаханов, А.Б.Мұқановалар қызмет етті. 1980-90 жылдары кафедраны И.Б.Мадин, Д.С.Сейдуалиев және п.ғ.д., профессор К.Қ.Құнантаева басқарды. 1995-2005 жж. кафедраға п.ғ.к., доцент Б.Ю.Юсупов, п.ғ.д., профессор Л.К.Керімов, п.ғ.к., доцент Ж.А.Асқарова басшылық етті. 2005-2012 жылға дейін кафедраны п.ғ.д., профессор А.Қ.Құсайынов басқарды.

  2012 жылдан кафедраны п.ғ.д, доцент  Г.А.Мұратбаева  басқарады. Жалпы педагогика кафедрасы – еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында ғылыми әлеуеті жоғары кафедралардың бірі. Кафедрада Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей, Грузия білім академияларының академигі, п.ғ.д., профессор К.Қ.Құнантаева, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшелері, п.ғ.д., профессор С.Қ.Қалиев, А.Қ.Құсайынов, п.ғ.д., С.Т.Иманбаева, Р.Р.Масырова, А.Е.Манкеш және Б.Ю.Юсупов профессор-оқытушылар қызмет етті, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі п.ғ.д., профессор Г.Т.Алдамбергенова, п.ғ.д, доцент Г.А.Мұратбаева, корреспондент-мүшелері:  п.ғ.к., доценттер Ш.М.Майғаранова, А.Е.Дайрабаева, Т.Б.Машенбаев, М.К. Бұлақбаева, М.Т. Есеева, С.С. Қоңырбаева, К.Т. Медеубаева, Л.Т. Сайдахметова, т.б. профессор-оқытушылар қызмет етуде.

2012 жылдан кафедраны п.ғ.д., проф.м.а. Г.А. Мұратбаева басқарады.

Кафедра 6М010300 – «Педагогика және психология», 6М012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандықтары бойынша магистранттар даярлайды.

Кафедра 6М012400; 6D012400 – «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жұмысын атқарады. Жыл сайын өткізілетін Кеңес жұмысына «Педагогикалық өлшемдер» мамандығы аясында ғылыми-теориялық, әдіснамалық мәселелердің шешімдерін іздестіру ортақ іс ретінде қарастырылады. 

 

* * *

Миссия мен стратегия

Кафедра миссиясы – педагогика ғылымының озық жетістіктері мен тәжірибесі негізінде кәсіби  құзыретті, бәсекеге қабілетті маман даярлау.

 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедрада педагогика ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол профессор-оқытушылар, оның ішінде тәжірибесі  мол 6 – ғылым докторы, 10 – ғылым кандидаты, доценттер, 7 – аға оқытушы, 4 – оқытушылар қызмет атқарады.

 

* * *

Халықаралық байланыс

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей білім академиясының Білім беруді дамыту стратегиясы институтымен, Литва университетімен өзара жасалған келісім-шарттар негізінде ғылыми еңбектер жазылып, мамандар даярлау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылып келеді.  

      Университеттің білім беру жүйесінде  білім сапасын арттыру, маман даярлау мәселелерін жан-жақты қарастыру мақсатында академиялық ұтқырлық  бойынша  соңғы жылдары  шет ел ғалымдары дәріс оқып, тәжірибе алмасу, шебер сыныптарын өткізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Ресей Федерациясы  «Білім беру теориясы мен стратегия институты Ресей білім беру академиясының»  доценті, педагогика ғылымының кандидаты, «Педагогикалық өлшемдер әдіснамасы» зертхнана меңгерушісі Наталья Николаевна Найденова  білім жетілдіру курсына университеттің педагогтары мен магистранттары қатысты.

«Педагогикалық өлшем» бойынша, квалиметрия әдісі, тест жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік көмек, білім тұжырымдамасын жетілдіру, тестілеудің әдіснамасы  және халықаралық салыстырмалы зерттеулер, оның ішінде  халықаралық ПИЗА, ТИМСС, ПИРЛС зерттеулері бойынша ұлттық  тест талаптары мен білім сапасын бағалаудың мультиплекс  бағдарламасының авторы ретінде бақылау-өлшем материалдарын құрастыру және мультиплекс нәтижесіне білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, құзыреттілік өлшемдерін  үлгі ретінде берілді.

Вильнюс университетінен шақырылған ғалым Римантас Желвис бүгінгі таңда білім беру саалсындағы менеджмент теориясы мен тәжірибесінен дәріс оқып, шет елдердегі оқу орындарының ерекше тұстарына тоқталды.

Шет еле ғалымдарымен ақпарат тәжірибе алмасу, нәтижесінде профессор-оқытушылар мен магистранттар ғылыми  жұмыстарындағы жаңашылдық  тұстарын зерделеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кафедраның оқытушылары жыл сайын Қазақстанда және шетелдерде өтетін халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысады.  Мұратбаева Г.А. п.ғ.д., Қоңырбаева С.С. п.ғ.к., қауымд. проф.м.а.    Туркия, Ресей, Монғолия, Қырғызстан және Әзірбайджанда өткен конференцияларға қатысып, баяндама жасаған. Ресейде өткен халықаралық конференцияларға қатысып, баяндама жасап, ғылыми мақалалары шетел басылымдарында жарық көрген. Факультеттің профессор-оқытушылары ғылыми жұмыстарын шетел (Чехия, Ресей, Польша, Қырғызстан және Түркменстан) басылымдарында жариялап отырады.

 

Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас оқу ғимараты, 202 кабинет.

Байланыс телефоны: +7(727)2 33-18-27

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.