КАФЕДРА ТУРАЛЫ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде (одан әрі – Қазмемқызпу) 2008 жылы (11.09.2008 ж. бұйрықпен) дефектология мамандығы бойынша білікті кадрларды даярлау мақсатында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы құрылды. 2009 және 2010 жылдарда магистратура бөлімі 6М010500 – «Дефектология» және 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша бакалавриат бөлімі ашылды.

 

* * *

Миссия және стратегия

        Білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтаудағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту, түзету, оқыту және тәрбиелеу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін аспаптық, тұлға аралық, жүйелік және пәндік құзыреттерге ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті қызметкерлерді дайындау.

 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра құрамында штаттық бірлікте 26 оқытушы, оның ішінде: 6 доцент дәрежесі бар: ғылым кандидаты, ағаоқытушы – 2, дефектология мамандығы бойынша педагогика ғылымыныңмагистрінемесе психология ғылымыныңмагистрі – 14.

Сонымен қатар, дәрістерді оқуға мамандық бойынша ғылыми дәрежесі мен басылымдары бар, тәжірибелі қызметкерлер, шетелдік және қазақстандық жоғары білікті мамандар мен ғылыми қызметкерлер арнайы шақыртылады.

Оқытудың бағдарламасы арнайы және әлеуметтік білім беру саласында педагогикалық және психология ғылымы мен тәжірибенің озық жетістіктеріне, жоғары білікті мамандардың қазіргі таңдағы мектептің барлық талаптарына сайкеледі. Кафедра оқытушылары ҚР МЖМБС ұсынылған, студенттер, магистранттар, тәжірибе жүргізетін мамандар белсенді қолданатын оқулықтар, оқу құралдар, монографиялар құрастырылып, баспаға шығарылды, оның ішінде: «Невропатология негіздері», «Әлеуметтік педагогика», «Білім беру саласындағы психологиялық қызмет: әдіснама, технология, практика», «Логопедия бойынша практикум», «Арнайы мектеп оқушыларын кәсіби-еңбекке оқыту», «Қарым-қатынас психологиясы», «Әлеуметтік психология», «Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесі», «Дефектология негіздері», «Коррекционная работа в школе для детей с нарушениями зрения», «Арнайы педагогика», «Әлеуметтік педагогика», «Білім беру саласындағып сихологиялық қызмет: әдіснама, технология, практика», «Логопедия» және т.б. 2002 жылдан бастап университетте «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізілді. Жоба аясында профессор-оқытушылар құрамы «Бөбек» орталығының қарамағындағы Адамның үйлесімді даму Институтымен бірлесіп «Өзін-өзі тану» курсы бойынша бағдарлама мен әдістемелік кешен құрастырды. 2002-2010 жыл аралығында университете қалалардың жоғарғы білім беру мекемелеріне «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу бойынша әдістемелік орталық жұмыс жасады. Жұмыстың нәтижесі ҚР МЖМБС «Білім беру» мамандық тобына «Өзін-өзітану» пәні енгізілді. 2009 жылдың шілде айынның 15-сі РГКП «Ы.Алтынсарин атындағы білім берудің ұлттық академиясы» тапсырысы бойынша Білім және ғылым министрлігінің №235 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» бұйрығын егізінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» /бакалавриат, магистратура, докторантура/ мамандығы бойынша Қазмемқызпу-нің арнайы және әлеуметтік педагогика кафедра базасында МЖМБС құрастырылды.

2018 жылы Алматы қаласының білім беру басқармасымен бірге «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының базасының негізінде арнайы педагогтарды практикалық–бағдарланған тәсілінде окытуға мүмкіндік беретін психологиялық- педагогиялық кабинет ашылды.

 

* * *

Халықаралық байланыс

Кафедраның халықаралық қызметін дамыту бағдарламасының негізгі мақсаты білім беру нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Кафедра халықаралық қатынастарды нығайту, тәжірибе алмасу, конференциялар мен семинарларға қатысу үшін шетел жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстарды нығайтады. Кафедра Польша, Болгария, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан сияқты шетел мемлекеттерімен байланыс орнатқан.

Қазіргі таңда «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы педагогика және психология факультетінің құрамында қызмет атқаруда және өз қызметтерінде төмендегідей нормативті құқықтық құжаттарды басшылыққа алады: «Білім беру заңы», «ҚРмемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау көрсету туралы» заңы. Мамандарды даярлау ҚР-ның кәсіби жоғары білім беру мамандығының классификаторына сәйкес. Лицензия сериясы 17.04.2009 ж. АБ №0064057.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.