КАФЕДРА ТУРАЛЫ

Теориялық және практикалық психология кафедрасы дербес кафедра ретінде 1973 жылы құрылған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында кафедра ашылғанға дейін әр жылдары психологиядан: доценттер – Қ.Р.Рақымбеков, С.М.Мусин, А.Х.Темірбековтер дәріс берген. Бір кездерде академик Т.Тәжібаев та дәріс оқыған. Кафедра 5В010300 – Педагогика және психология, 5В050300 – Психология мамандықтары бойынша білім бакалаврларын, 6М050300 – Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрын даярлайды.

 

* * *

Миссия мен стратегия

Кафедраның миссиясы психология саласындағы қазақстандық қоғамның  кәсіби мамандарын қалыптастыру және дамыту бағытында жүзеге асырылады. Бұндай мәртебенің тұрақтылығы ең алдымен, еліміздегі тұрғындардың әлеуметтік кеңістігіндегі психолог мамандардың кәсібилігін жоғары бағалау, сұраныстың болуы сынды бағыттармен, кәсіби психологтардың Қазақстан Республикасының кез келген мекемесінде нәтижелі әрі тиімді жұмыс жасауымен, әлемдік психологиялық қоғамдастықтағы тәжірибелік ғылыми зерттеулердің шеңберінде жүзеге асырылған құнды психологиялық жаңалықтардың танымалдығымен  қамтамасыз етіледі.

 

* * *

Профессор-оқытушылар құрамы

Факультетте психология ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол профессор-оқытушылар, оның ішінде тәжірибесі  мол 2 – ғылым докторы, 6 – ғылым кандидаты, доценттер, 4 – ғылым кандидаты, аға оқытушы, 11 – ғылым кандидаты, 1- қауымдастырылған профессор міндетін атықарушы,  1 – Phd докторы, 10 – ғылым магистры, аға оқытушы, 2 – ғылым магистры, оқытушы,  3 – аға оқытушы қызмет атқарады.

 

* * *

Халықаралық байланыс

Кафедраның халықаралық қызметінің даму бағдарламасының негізгі фмақсаты: кафедраның білім беру қызметін көрсету нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету үшін оның халықаралық ынтымақтастығын арттыру, кафедраның жоғары кәсіби білім беру мен ғылыми орталық ретіндегі халықаралық беделін арттыру, кафедрадағы білім беру мен ғылыми қызметінің қазіргі заманғы әлемдік талаптар деңгейіндегі сапасын қамтамасыз ету.

Кафедра халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында шет елдердегі жоғары оқу орындарымен халықаралық байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, екі жақты келісім-шарттар жасау жұмыстары нығайып, әлемдік білім беру кеңестігіне шығуды көздеп отыр.

Кафедра Ресей федерациясымен (Санкт-Петербург, Ярославль) тығыз байланыс орнатқан. Пс.ғ.к., доцент Х.Т.Шерьязданова, М.К.Бапаева, Қ.Ү.Шайжанова Туркияда, Болгарияда  өткен конференцияларға қатысып, баяндама жасаған.

Сонымен қатар, факультеттің оқытушылары жыл сайын Қазақстанда және  шетелдерде өтетін халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысады.

Кафедраның профессор-оқытушылары ғылыми жұмыстарын шетел Турция, Чехия, АҚШ, Әзірбайжан, Тәжікстан, Жапония, Германия басылымдарында жариялап отырады.

Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 161, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің №2 оқу ғимараты, 313 кабинет.

Байланыс телефоны:  +7(727)2536963

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.