28.05.2019

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 25

2. Магистратура – 125

3. PhD докторантура – 10

 

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.

Құжаттарды тапсыру бойынша қадамдық нұсқаулық.

Қазақстан бойынша гид.

– Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.

– Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз:

 

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша:

1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2. алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда транскриптімен).

3. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе.

4. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыныс хат.

5. денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (ЖҚТБ, флюорография).

6. сотталмағандығы туралы анықтама.

7. қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (егер бар болса).

Бакалавриат стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі

 

Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:

1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2. алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда транскриптімен).

3. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе.

4. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыныс хат.

5. денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (ЖҚТБ, флюорография).

6. сотталмағандығы туралы анықтама.

7. қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (егер бар болса).

Магистратура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі

 

PhD докторантура:

1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2. алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда транскриптімен).

3. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе.

4. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыныс хат.

5. денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (ЖҚТБ, флюорография).

6. сотталмағандығы туралы анықтама.

7. қазақстандық ЖОО-нан шақыру хаты (егер бар болса).

8. қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздеме.

9. шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат:

 

ағылшын тілі:

1. Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm -Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг бағдарламасы (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – 460 балдан кем емес),

2. Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), өту балы – 87 балдан кем емес), (TOEFL (ТОЙФЛ) өту балы – 560 балдан кем емес),

3. International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), өту балы – 5.5 кем емес);

 

неміс тілі:

1. Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/C1 деңгейі),

2. TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/ C1 деңгейі);

 

француз тілі:

1. Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес),

2. Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі),

3. Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),

4. Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – 400 балдан кем емес).

PhD докторантура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz

 


2019-02-26

2019-2020 жж. Перпиньян Университеті (Франция)  «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасы

Құрметті оқытушылар, магистратура және бакалавриат білім алушылары!

Сізді 2019-2020 оқу жылының 1-қыркүйек – 31 мамыр аралығында Перпиньян Университеті (Франция) «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.  

Қатысуға өтініштер 29.03.2019 жылға дейін қабылданады. 

Толық мәлімет үшін осы сілтемені ашыңыз Қосымша 1, Қосымша 2 немесе  https://www.univperp.fr/EMIC

 

 


2019-02-12

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамы!

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир Университеті (Түркия) арасындағы келісім-шарт негізінде сіздерді 2019-2020 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз (Қосымша 1).

 

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі:

өтініштерді 2019 жылдың 12-ақпаннан 20-ақпан аралығында қабылдайды.

 

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Студенттер, магистранттар және докторанттар:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 2)

4) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

5)  Паспорт көшірмесі

6) Транскрипт (ағылшын тілінде)

Білім алушыларға арналған талаптар:

  • Бакалавриат – 0 балл бойынша GPA 2.5
  • Магистратура – 0 балл бойынша GPA 3.0

 

Профессор-оқытушылар құрамы:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 3)

2) Түйіндеме (ағылшын тілінде)

3) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

4) Паспорт көшірмесі

5) Академиялық портфолио (орындалған, орындалып жатқан және жоспарланған жобалар тізімі, мақалалар туралы мәдіметтер)

 

Іріктеу критерийлері:

  • жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің деңгейін растайтын құжат болу міндетті).

 

2019-2020 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасы (Қосымша 4) туралы толық ақпарат http://www.ohu.edu.tr/mevlanaexchange/announcement/13906

 

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  хабарласыңыз: Омарова Гульнур, тел. 233-89-08/ 45-50, каб.128

 

 


Құрметті студенттер және магистранттар! 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Mugla Sitki Kocman University (Түркия) арасындағы келісім-шарт негізінде сіздерді 2019-2020 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз (Қосымша 1).

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі:

өтініштерді 2019 жылдың 5-ақпаннан 25-ақпан аралығында қабылдайды.

 

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

 

Студенттер және магистранттар:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 2)

4) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

5)  Паспорт көшірмесі

6) Транскрипт (ағылшын тілінде)

Білім алушыларға арналған талаптар:

  • Бакалавриат – 0 балл бойынша GPA 2.5
  • Магистратура – 0 балл бойынша GPA 3.0

 

Іріктеу критерийлері:

  • жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің деңгейін растайтын құжат болу міндетті).

 

2019-2020 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасы туралы толық ақпарат Қосымша 3.  

 

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  хабарласыңыз: Омарова Гульнур, тел. 233-89-08/ 45-50, каб.128

 


 

2019 жылғы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Құрметті студенттер! Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2019 жылға сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражат бөлінгенін хабарлаймыз.

Еуропалық Одақ елдеріне 10 орын және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 5 орын, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарына 2 орын бөлінді.

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

– Паспорт көшірмесі;

– Медициналық анықтама № 082/у;

– Ағымдық транскрипт;

– Тіл деңгейін растайтын құжат (IELTS, TOEFL, HSK).

 Қазіргі кезде, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі АҚШ, Еуропалық Одақ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің  серіктес ЖОО-мен келіссөз жүргізуде.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  хабарласыңыз, тел. 233 89 08, 128 бөлме

 


 

2018-2019 жж. Перпиньян Университеті (Франция)  «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасы

Құрметті оқытушылар, магистратура және бакалавриат білім алушылары!

Сізді 2018-2019 оқу жылының 15-қаңтар – 31 май аралығында Перпиньян Университеті (Франция) «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.  

Қатысуға өтініштер 19.11.2018 жылға дейін қабылданады. 

Толық мәлімет үшін осы сілтемені ашыңыз: https://erasmus.univperp.fr/fr/

 


 

Құрметты студенттер!

1. Венгрия Республикасының Сыртқы экономика және Сыртқы істер министрлігімен шетел азаматтарнына10 айлық венгр тілін оқыту мақсатымен грантық орындар бөлінді. Венгр тіліне және салт-дәстүріне қызығушылық танытқан шетелдік азаматтарды шақырады.

Грант бағдарламасының шарттары мен ережелері:

Стипендия 18 жасқа толған және 35 жастан асқан, бірақ Венгрия мәдениетіне қызығушылық танытып, осы салада ғылыми зерттеулер жүргізетін шетелдік азаматтарға арналған.

Стипендия 55 000 тенге көлемінде, оның ішіне оқу, жатақхана, оқу құралдар шығындары кіреді. 40 грантық орын бөлінген.

Қосымша ақпарат алу үшін PDF жүктеңіз немесе Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз, 128 бөлме.

2. «Абай-Верн» бағдарламасының Франция университеттеріне грант орындары бөлінді:

1. 100 орын, оның ішінде 90 орын 2 курс магистранттарына, 10 орын докторанттарға бөлінді.

2. Оқу мерзімі: магистранттар үшін – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың маусым айына дейін; докторанттарға – 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін.

3. Тегін оқу + Франция әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады. Қазақстан Республикасы  магистранттардың тұру шығындарын айына 800 еуро мөлшерінде төлеп береді және докторанттардың тұру шығындарын айына 1200 евро төлеп береді. Басқа шығындар білім алушының өз қаражатынан төленеді.

4. Қажетті құжаттар:

– Франция университетінен шақыру-хаты;

– мотивациялық хат;

– 2 түйіндеме (1 француз немесе ағылшын тілінде және 1 қазақ немесе орыс тілінде);

– төлқұжат көшірмесі;

– Нотариалды куәландырылған диплом көшірмелері;

– шет тілін білетіндігін растайтын сертификаттар (француз тілі B1-ден төмен емес, ағылшын тілі B2-ден төмен емес);

– докторанттарға 2 бетке арналған proposal, жетекшінің пікірі, банктік деректемелері.

5. Қазақстан-француз бағдарламалары бойынша білім алған және француз жоғары оқу орындарымен серіктестік байланысқа ие болған үміткерлерге басымдық беріледі.

6. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 10 маусым

Қосымша ақпарат алу үшін cілтемені басыңыз http://www.culturefrance.kz/Usloviya-uchastiya-v-programme-mobil-nosti-Abaj-Vern немесе Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз, 128 бөлме.

 

 


 

Құрметті студенттер!

Негізгі талаптар:

– 2 немесе 3 курс студенттері (Қосымша 1);

– IELTS, TOEFL-дың 5,5 деңгейі;

– GPA балл 3,0-ден жоғары.

Өтініштеріңіз 2018 жылдың 12-мамырына дейін қабылданады. 
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  хабарласыңыз: тел. 233-89-08, 128 бөлме

 


2018-2019 оқу жылының академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Құрметті білім алушылар! Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2018-2019 оқу жылына арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бюджеттік қаражат бөлінгенін хабарлаймыз.

Еуропалық Одақ елдеріне 15 орын, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 6 орын бөлінді.

Қазіргі кезде, Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Еуропалық Одақ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің  серіктес ЖОО-мен келіссөз жүргізуде.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  хабарласыңыз: тел. 233 89 08, 128 бөлме

 


Құрметті білім алушылар!

Біз Сіздердің назарыңызға 2018 жылғы «Мен өзгерткім келетін нәрсе» атты Халықаралық эссе байқауын ұсынамыз (Жапония), бағдарлама ЮНЕСКО-ның Тұрақты дамудың білім беру саласындағы ғаламдық іс-қимыл бағдарламасы (ESD).

Эссенің тақырыбы: Сіздің мектебіңізді немесе университетіңізді, жұмыс орныңызды, қоғамды, елді немесе әлемді жақсарту үшін өзгерткіңіз келетін жалғыз нәрсе? Мұндай өзгерістерге қалай жетуге болады? Өзіңіздің нақты ойларыңызбен бөлісіңіз.

Байқаудың шарттары:

  • эссені 25 жасқа дейінгі білім алушылар ұсына алады;
  • ағылшын, француз, испан немесе неміс тілдерінде 700 сөзден артық болмауы қажет;
  • эссені пошта немесе интернет арқылы жіберуге болады (*МАҢЫЗДЫ интернет арқылы эссенізді жібергіңіз келсе, онлайн тіркеліп және қажетті нұсқауды орындаңыз);
  • өтініштеріңіз 2018 жылдың 15-маусымына дейін қабылданады.

 

Жеңімпаздар:

1-орын: Сертификат, 100 000 иенмен марапатталады (2018 жылғы ақпанның доллар бағамы бойынша 900 АҚШ доллары) және сыйлық беріледі (1 қатысушы);

2-орын: Сертификат, 50 000 иенмен марапатталады (2018 жылғы ақпанның доллар бағамы бойынша 450 АҚШ доллары) және сыйлық беріледі (2 қатысушы);

3-орын: Сертификат және сыйлық (5 қатысушы);

25 қатысушыны құрметпен атап өтіп, сертификат және сыйлық беріледі.

2018 жылғы Халықаралық эссе байқауы туралы толық ақпарат немесе https://www.goipeace.or.jp/en/work/essay-contest/ 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.