Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде халықаралық ынтымақтастықтық аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама білім алушылардың  шетелдік серіктес ЖОО-да білім алуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бір академиялық мерзімге арналады, яғни бір семестр немесе бір академиялық жыл. 

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық дегеніміз білім алушылардың шетелдік ЖОО-да білім алуы, сонымен бірге оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің шетелде білім беруі және ғылыми мекемелердегі жұмыс істеуі.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – Қазақстандық ЖОО-дың білім сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестігін  қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушыларға берілетін  мүмкіндіктер:

  • ғылым мен білім беру саласында халықаралық тәжірибе жинау;
  • кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын дамыту;
  • шетел тілін меңгеру дәрежесін көтеру;
  • халықаралық мәдениетаралық топта оқып, қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.

 

Құжаттарды өткізу ережелері

 

  • Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманынан кеңес алу – бас оқу ғимараты, 128 бөлме
  • Қажетті құжаттар жинау:
  • Студенттің өтініш нысанын толтыру (2 дана),
  • Оқу келісімін толтыру (2 дана),
  • Ағымдық транскрипт (университеттің куәландырылған ресми мөрі),
  • Жеке оқу жоспары (университеттің куәландырылған ресми мөрі),
  • сертификат, IELTS, TOEFL, HSK және т.б. (шет тілін меңгеру туралы);
  • ұсыныс хат (магистранттар үшін).

 

Талапкерлерге қойылатын шарттар:

  • Өтініш беру кезінде студент  (бакалавр немесе магистратура) 1 семестрді бітіруі тиіс;
  • Тиісті тілдік (ағылшын, орыс, неміс, француз, түрік және т.б.) деңгейінің болуы;
  •  GPA балл кем дегенде 3,0.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.