Қазақстандық жоғары мектеп дамуының халықаралық білім беру кеңістігіне кірігудегі аса маңызды бағыттарының бірі –  Қосдипломды білім беру.

Біздің Университет қысқа мерзім ішінде қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті (MVSU, АҚШ) және Нийде Өмер Халисдемир университетімен (Түркия) келісім-шартқа отырды.

Шетелдік жоғары оқу орындармен екі жақты Меморандумның негізінде МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) және шетелдік серіктестердің мамандықтарын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу пәндерімен жеке оқу жоспары әзірленеді. Сонымен қатар, шетелдік серіктес ЖОО-ның пәндері Қазақстандық білім беру стандартының пәндерімен үйлестіріліп, университеттің студенттеріне шетелдік ЖОО-да 4-курс (бакалавриат) немесе 2 курс (магистратура) студенттеріне білім алуына мүмкіндік береді.

Қосдипломды білім беру бағдарламасын сәтті аяқтаған білім алушылар Қазақстандық және шетелдік серіктес ЖОО-ның дипломын (ҚазМемҚызПУ + серіктес университет) алуға мүмкіндігі бар.

Мамандық атауы Серіктес ЖОО Білім алу схемасы
1.

2.

3.

4.

5.

 

6.

 

7.

8.

5В050100  – Әлеуметтану

5В090500  – Әлеуметтік жұмыс

5В011300  – Биология

5В060800  – Экология

5В010200  – Бастауышта оқыту         педагогикасы мен әдістемесі

5В010100  – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В011900  – Шетел тілі: екі шетел тілі

5В010300 – Педагогика және психология

 

Mississippi Valley State University

 

Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті

 (MVSU, АҚШ)

3+1

3 жыл ҚазМемҚызПУ

+ 

1 жыл MVSU

=

Қосдиплом

9.

10.

11.

 

12.

 

13.

 

14.

15.

 

6М090500 – Әлеуметтік жұмыс

6М011300 – Биология

6М010300 – Педагогика және психология

6M010200  – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6M010100  – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6М010100 – Математика

6М060200 – Информатика

 

 

Mississippi Valley State University

 

Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті

 (MVSU, АҚШ)

1+1

1 жыл ҚазМемҚызПУ

+

 1 MVSU 1 жыл

 =

Қосдиплом

16.

17.

18.

19.

20.

6М020300 – Тарих

6М010600 – Музыкалық білім

6М060600 – Химия

6M050100  – Әлеуметтану

6М060700 – Биология

 

Nigde  Omer Halisdemir University

 

Нийде Өмер Халисдемир университеті (Түркия)

1+1

1 жыл ҚазМемҚызПУ

 +

 1 жыл Nigde

=

 Қосдиплом

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті қосдипломды білім беру бағдарламаларының санын арттыру мақсатында шетелдік серіктестерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде.

 

 

 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.