Қазіргі таңда факультетте мамандандырылған 4 кафедра жұмыс істейді. Атап айтқанда: Математика, Физика, Информатика және қолданбалы математика, Ақпараттық технологиялар кафедрасы. Аталған кафедралар төмендегідей мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне және магистратураға білім береді:

Бакалавриат:

– 5В010900-Математика

– 5В011000-Физика

– 5В011100-Информатика

– 5В060200-Информатика

– 5В070300-Ақпараттық жүйелер

Магистратура:

– 6М010900-Математика

– 6М011000-Физика

– 6М011100-Информатика

– 6М060200-Информатика

Оқу мерзімі:

– Орта біліммен – 4 жыл (күндізгі)

– Орта кәсіптік біліммен – 3 жыл

– Жоғары кәсіби біліммен –2 жыл

Факультетте физика-математика, техника, педагогика ғылымдарының құрметті ұстаз-ғалымдары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері атанған жоғары дәрежелі және әр салада тәжірибесі мол 90 профессор-оқытушылар, оның ішінде 8 – ғылым докторы, 34 – ғылым кандидаты, доценттер, 7 – Phd докторы, 23 – аға оқытушы, 18 – оқытушылар қызмет атқарады.

 

Қазіргі кезде факультетке қарасты мамандықтарда 913 студент білім алуда, оның 680 студенті күндізгі бөлімде, оның 428-і мемлекеттік грант негізінде, 3-і ректорлық грант және 249-і ақылы негізде, ал қалған 118 студент сыртқы бөлімде, ақылы негізде оқыса, магистратура бөлімінде 115 магистрант білім алуда. Факультет бойынша 2 студент Қазақстан Республикасының Президенттік шәкіртақы иегері.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.