Мақсаты: Университет жатақханаларының тәрбие жұмысын үйлестіре отырып, студенттердің тұрмыс тіршілігін бақылау, сонымен қатар, санитарлық тазалықтарын тексеру.

 

МІНДЕТТЕРІ:

• Университет жатақханаларында тұратын білім алушы жастармен тәрбие жұмысын жүргізу;

• Студенттердің жатақхананың ішкі ережесін қатаң сақтауын қадағалау; 

• Жатақханаларда санитарлық-гигиеналық тазалықты тиісті талапқа сай ұстауын қадағалау;

• Тәрбие жұмысы және жастар саясаты шеңберінде жатақханаларда өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне баға беру;

• Жатақханаларда денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау бойынша бұқаралық-спорттық шараларды ұйымдастыруын бақылау;

• Жатақханалардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы сондай-ақ, жатақханалар арасында байқау, конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

• Жатақханалардың жылдық жоспарын және жылдық есебін, жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың ақпаратын жинақтау.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.