ГҮЛНҰР ШАКЕНҚЫЗЫ ӨМІРБАЕВА

Өнер және мәдениет факультеті деканы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ҚР Мәдениет қайраткері

Өмірбаева Гүлнұр Шәкенқызы 1975 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Калинин ауылында (қазіргі Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылы) дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Музыка педагогика факультетін тәмәмдаған.

Еңбек жолы:

     1997 жылы осы институттың  Музыкалық оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының ізденуші – стажеры болып қабылданды.

     1998 жылы өндірістен қол үзіп, аспирантураға қабылданды.

     2002 жылдан бастап еңбек жолын Вокал және хор дирижерлау кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.

     2009 жылы осы кафедраның уақытша кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

     2009 жылдан бастап Өнер және мәдениет факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.

     2010 жылы ғылыми диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.

Ғылыми еңбектері:

«Ән салу өнері» оқу құралы (2007 ж.), «Мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы патриоттық құндылықтарын қалыптастыру» оқу құралы (2010 ж.), «Патриоттық әндер» хрестоматиясы.(2015ж)

Жетістіктері:

2000 жылы Республикалық «Жаңа ғасырға – жаңа ән» әндер байқауының лауреаты.

2002 жылы халықаралық «Азия даусы» фестивалі аясында өткен Қазақстан әндері байқауында Елбасы тағайындаған «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері.

2007 жылы «Арман» продюсерлік орталығынан «Ән еркесі» және «Қыздар, қыздар…» атты әндер жинағын шығарды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.

2010 жылы Республикалық «Елім менің!» патриоттық әндер байқауының лауреаты

2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрілігі тағайындаған «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Байланыс телефоны: 8 727 237 0172

e-mail: omirbaeva_gulnur@mail.ru


 

Ләйлә Әбдрейімқызы Аманқұлова

Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Аға оқытушы, магистр

Білімі:19941998 жж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты «Музыка-педагогика»  мамандығын;

2000-2002 жж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша  үздік бітірген.

2014-2016 жж Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистрі атанды.

Еңбек өтілі:

1998-жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында еңбек етуде.

2005-2006 жылдарда А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2017 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінде деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Ғылыми еңбектері: 50-ға жуық ғылыми мақалалар мен 1 оқу әдістемелік еңбектің авторы.

Жетістіктері: «Құрмет белгісі» медалі,университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Алғыс хат» пен марапатталған.

Байланыс телефоны: 8778 387 74 21

e-mail: layla.amankulova@mail.ru


 

Эльмира Дүйсембайқызы Қонысбаева

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Білімі: 

19931997жж Қызылорда музыкалық училищесінің «Халық аспаптар» бөлімін;

1998-2001 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «031740-Музыка және ән айту» мамандығы бойынша бітірген.

2012-2014 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «6М010600-Музыкалық білім» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

Еңбек өтілі:

2002-2012 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы;

2014 жылы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Музыкалық аспаптар кафедрасында концертмейстер, 2015 жылдан бастап Өнер және мәдениет факультетінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері: 20-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы.


 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.