Жобалық кеңсе туралы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі саяси реформалар мен экономикалық жаңартулардың логикалық жалғасы іспетті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Қазақстан халқының қызу қолдауына ие болған маңызы ерекше жоба. “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты  Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру  мақсатында біздің университетімізде жобалық кеңсе ашылды (17.05.2017 Бұйрық № 180). Жобалық кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алты бағыты бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері мен атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді:

  • «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» бойынша жұмыс тобының мүшесі – Қазақ тіл білімінің теориясы мен оқыту әдістемесі қафедрасының профессоры Т.Н.Ермекова;
  • «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасы бойынша  жұмыс тобының мүшесі – Қоғамдық–гуманитарлық пәндер кафдрасының доценті С.И.Оспанов;
  • «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі – «Қыздар университеті» баспасының бас редакторы С.А.Андруцкий;
  • «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі  – Жалпы педагогика кафедрасының профессоры Г.Ә. Мұратбаева;
  • «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі  – қазақ тіл білімінің теориясы мен оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры – Ж.Н.Сүлейменова;
  • «Туған жер» бағ­дар­ла­масы бойынша жұмыс тобының мүшесі – тарих кафедрасының оқытушысы – Б. Т.Жұбанышев;

Кеңсе штабының жауапты үйлестірушісі болып Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Тыныштық Ермекова Нұрдәулетқызы тағайындалды.


 

Тыныштық Ермекова Нұрдәулетқызы

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Білімі:

1988 жылы Қазақ  мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, аспирантураны 1994 жылы бітірген.

Еңбек өтілі:

1988 – 1990 жж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Байғанин ауд. Ақтөбе облысы

09.1990 -10. 1990жж. Ленин атындағы  Политехникалық институт.

Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.  Алматы қаласы

  1. 1990 жылдан қазірге дейін. Аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор ҚазМемҚызПУ

Ғылыми еңбектері:

200-ге жуық еңбектің авторы, оның ішінде 6 монография, 18 оқулық,  69 – оқу және оқу-әдістемелік құрал, БАҚ-тағы мақала -33, конференция жинақтарында -104,   шетелдік басылымдарда – 38, оның ішінде   Скопус, Томсен Рейтерс базасына енетін журналдарда 4 мақаласы жарық көрген

Жетістіктері:

ҚР БжҒМ Алғыс хаты, 2002, еңбек кітапшасына жазылған.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2008»,

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2014»,

ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы, 2017, еңбек кітапшасына жазылған.

Жобалық кеңсенің хатшы-референті болып Нсанбаева Жанар Полатовна тағайындалды.

Байланыс: №1 оқу ғимараты 324 кабинет

                     Тел: 45-58

                     237-01-38

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.