ЖАНАР КАБДЫЛӘШІМҚЫЗЫ ҚИЫНОВА

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы

филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.

Қиынова Жанар Қабдыләшімқызы 1995 ж. ұлттық мектептердегі «орыс тілі мен әдебиеті»  мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, жалпы тіл білім кафедрасындағы аспирантураны, А.С. Пушкин атындағы орыс тілінің мемлекеттік институтындағы (Мәскеу қаласы) докторантураны тамамдады.

2002 ж. 10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі мамандығы бойынша «Көркем аудармадағы славянизмдердің семантика-стилистикалық ерекшеліктері» тақырыпта кандидаттық дисеертацияны қорғады.

 2008 ж. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен  «Тіл білімі» мамандығы бойынша ғылыми атақ берілді.

 2014 ж. 10.02.01 – орыс тілі мамандығы бойынша «Орыс тіліндегі славянизмдер: тарихи-мәдени және семантика-стилистикалық ерекшеліктері» тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады.

Еңбек жолын 1995 ж. І. Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

2002 г. 2018 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, доцент м.а., доцент, профессор м.а., кафедра меңгерушусінің  орынбасыр қызметтерін атқарды.

2018 ж. қыркүйек айынан Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар университетінің

қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің деканы қызметін атқарады.

Қиынова Жанар Қабдыләшімқызы – 100 ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, олардың ішінде ҚР БҒМ РОӘК грифімен басып шығарылған «Көркем аударма контекстісіндегі қазақстандық Пушкиниана» (Алматы, 2016. – 110 б.); «Көркем мәтіннің интерпретациясы: лингвистическалық аспект» (Алматы, 2017. – 132 б.); «Pushkiniana of Kazakhstan»: educational manual (Аlmaty: Qazaq University, 2018. – 96 б.)  оқу құралдары; «Славянизмдер тарихи-мәдени феномен ретінде: синхрония vs. диахрония» (Мәскеу қаласы, 2014. – 232 б.); «Орыс тіліндегі славянизмдер: тарихи-мәдени және семантика-стилистикалық ерекшеліктері»  (Алматы, 2016. – 313 б.) монографиялары; ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарында және  РИНЦ пен  Scopus халықаралық ғылымиметрикалық қорларында индекстелетін журналдарында орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ғылыми мақалалар жарияланды. Аударма мен мәдениаралық қатысым, славистика мен русистика мәселелері бойынша ұйымдастырылған беделді ғылыми форумдар жұмысына белсене қатысады.

Қиынова Жанар Қабдыләшімқызы – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, «Филологические науки» халықаралық ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі, типтік оқу бағдарламаларынң авторы мен әзірлеушісі, ҚР БҒМ РОӘК эксперты. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы құрметіне мерейтойлық медалімен марапатталды, ҚР БҒМ министр тарапынан алғыс хаттарына ие.

 


 

ЖАНАТ БАКЫТХАНОВНА АХМЕТОВА

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

2002 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институттың «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»  мамандығын бітірді.

2014 жылы «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»  мамандығы бойынша магистратура бітірді.

2002-2003 жж. – орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға лаборанты;

2007 жылдан бастап – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы;

2014 жылдан бастап – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Авторлық бірлестікте жазылған 2 оқу-әдістемелік құралдың және 20 астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.

 

Байланыс телефоны: 8 727 2 794 202

e-mail: zhanat_ab@mail.ru


 

АЛИЯ УАЛИҚЫЗЫ ДЖАМАМБЕТОВА

Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары

Педагогика ғылымдарының магистрі

Білімі: 2013 жылы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті, 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бакалавриат академиялық дәрежесін алды.  2015 жылы- педагогикалық ғылымдар бағытында «6М012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратура бітірген.

Еңбек өтілі:

Маусым – желтоқсан 2014ж. –  Алматы қаласының АЖО, Алатау әкімдігі аппаратында «Қазақ-орыс тілі» аудармашысы.

2015 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасында қызмет етеді.

Ғылыми еңбектері: 2015 жылы магистрлік диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. 15 астам ғылыми мақалалардың авторы.

Жетістіктері: 20 астам кәсіби шеберлікті жетілдіру курстарына қатысып, сертификаттармен марапатталған.


Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.