Ғылыми кеңес

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі сайланбалы өкілетті  орган ретінде университетте жалпы басшылық атқарып, жоғары оқу орнын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жарғысын, сондай-ақ, жоғары оқу орны Ғылыми кеңесі қызметінің типтік ережелерін                (ҚР Білім және ғылым министрінің 22.11.07 жылғы № 574 бұйрығы) басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің мәжілістері тиісті оқу жылында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары: университетті дамытудың басымдықтары мен принциптерін жасау; қазіргі заманғы талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында университет басшылығының, оқытушы-профессорлар құрамының, әкімшілік-басқару қызметкерлерінің, оқу-көмекші қызметкерлері мен қызмет көрсету қызметкерлерінің күш-жігерін біріктіру; кәсіптік білім беру бағдарламалары мен университеттің білім алушылары мен оқытушы – профессорлар  материалды ресурстар мен жұмыскерлердің біліктілігін, ұжымның нәтижелі қызметін сақтау және ұлғайту; университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту.

 

Ғылыми кеңестің құзыретіне:

  • университет құрылымын бекітеді;
  • университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • университеттің даму стратегиясы мен тұжырымдамасын белгілейді;
  • университет құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
  • университетің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
  • университет ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің жыл сайынғы оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпараттық, қаржы-шаруашылық пен әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы есептерін тындайды;
  • монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік әзірлемелерді қарастыру және баспаға ұсыну;
  • студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына және экстернат формасында білім алуға ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
  • доцент (қауым. профессор) және профессор ғылыми атағын беруге ұсынады;
  • диссертациялық зерттеулер бойынша магистранттар мен PhD докторанттардың тақырыбы және ғылыми жетекшілері – кеңесшілерін бекіту;
  • университеттің бюджеттен тыс қаржыны қолдану тәртібін, сондай-ақ ақылы білім беру қызметін көрсету мен шығарылатын өнімді сату арқылы алынатын табыстарды қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
  • университет қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға және құрметті атақтарға ұсыну туралы мәселелерді қарастырады;
  • алқалы шешімді қажет ететін университет қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.