Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің

«Ақтұмар»  тарихи-этнографиялық музейі

Сипаттама

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унверситетінің « Ақтұмар» музейі Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сай дәстүрлі – мәдени рухани құндылықтар арқылы студент жастарға тәрбие беру, өз  мемлекетінің тарихын, тілін және көп ұлтты Казақстан ұлттарының тарихын құрметтеу қасиеттерін студент жастардың бойына сіңіру мақсатында жұмыстар жүргізіп, университеттің шежірелі тарихын насихаттайды.

 Құрылу тарихы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унверситетінің «Ақтұмар» музейі 2002 жылдың  қараша айының 8 жұлдызында № 174 бұйрық негізінде ұйымдастырылды.

 

Құрылымы

 Музей экспозициясы қазақ қыздарының жарқын болашағына жол ашқан мемлекет қайраткерлерінің еңбегін және университеттің  даму тарихын баяндайды. Университет тарихын баяндайтын деректі құжаттар студенттерді отаншылдық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.

Экспозиция 5 бөлімді құрайды:

      1.Аналар ұлағаты –  елге аманат  

      2.Университет тарихы    

      3.Әйел әлемі

      4.Әйелдер шығармашылығы            

  1. Әйелдердің қоғамдағы ролі

Музей бағыты 

Музей қорында университет түлектерінің  өмір-деректері, университет тарихынан сирек кездесетін суреттер, деректі кино, бейнематериалдар жинақталған. Келушілердің әртүрлі топтарына арналған  тақырыптық лекция-экскурсиялар  өткізіліп, деректі-танымдық кино  көрсетіледі. Университеттің «Ақтұмар»  музейі Мемлекеттік «Мәдени мұра»  бағдарламасына сай этно-мәдени құндылықтарды ұстана отырып:

-қазақ қыздарының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру 

-елі мен жерін сүю                

-университет тарихын насихаттау,  т.б. ұлт мүддесіне қызмет ететін педагогикалық және тәрбиелік мақсатта жұмыстар жүргізеді.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.