АЛМАГҮЛ ЖАБАТАЙҚЫЗЫ ҚҰЛТУМАНОВА

Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітірген. Оқытушылық қызметін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, орта мектеп директорының орынбасары болып бастады.

2002-2005жж. – педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі «Білім саласындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы.

2005-2011жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2009-2010 жж. – ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, Дьюк Университеті (АҚШ) Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінде 3 айлық тәжірибеден өтті.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру статистикасы және бағалау ұлттық орталығын басқарды.

2015 жылдан 2017 жылдың қазан айына дейін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ вице-президенті болып қызмет атқарды.

«Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері» белгісімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапатымен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылы – Қазақстандық жобаларды басқару қауымдастығының IPMA-ның С дәрежесі талап етілетін біліктілік деңгейін растады және де сертификатталған жобалық менеджері ретінде танылды.

Байланыс телефоны: +7 (727) 233-18-53

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.