Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Сапаны қамтамасыз ету саясаты

      Сапаны қамтамасыз ету саясаты Университеттің Даму стратегиясының негізгі құраушысы болып табылады. Саясат Университеттің кәсібилік пен академиялық адалдық, ашықтық және көшбасшылық, төзімділік пен патриотизм, қоғам және мемлекет алдындағы есеп беруге міндеттілігі сияқты құндылықтар негізінде іске асырылады.

Саясатты жүзеге асыру үшін Университет:

– білім алу мен оқытудың ыңғайлы кәсіби ортасының жағдайын туғызады;

– білім беру бағдарламаларының мазмұнын және білім алушылардың білімін және құзыреттілігін бағалау өлшемшарттарын жетілдіреді;

– оқу үдерісі және ғылыми зерттеулерді үйлестіруді қамтамасыз етеді;

 – ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті дамытады;

– педагогикалық ғылым мен практиканың бірігуін қамтамасыз етеді;

– іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелілігін арттырады;

– ұлттық және халықаралық жобаларға және зерттеулерге қатысады;

– барлық мүдделі тараптармен және шетелдік жоғары оқу орындарымен кәсіби өзара іс-қимыл жасауды қалыптастырады;

– ғылыми-педагогикалық және зерттеу қызметтеріне озық шетелдік ғалымдар мен практик мамандарды тартады;

– ғылыми-білім беру үдерісін басқару жүйесін жетілдіреді;

– әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің академиялық ортасын қалыптастырады.

 

Университет Сапа саласындағы саясаттың нәтижелігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

Университеттің басқарушы және академиялық құрамы орындаған жұмыстардың сапасына дербес жауап береді.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.