Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесімен бекітілген
Хаттама №3 29 қараша 2012 жыл

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫН АУЫСТЫРУ (КӨШІРУ) ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің (бұдан әрі – университет) жоғары білім беретін ұйымдарында білім алушыларды көшіру және қайта қабылдау тәртібі туралы Ереже Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес құрастырылған.
Ереже университетте білім алушыларды көшіру және қайта қабылдау ретін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

1.1. Университетте білімгерлерді сәйкес оқу түрі және мамандыққа ауыстыру мемлекеттік аттестаттаудан өткен басқа жоғары оқу орындарынан каникул кезінде жүзеге асырылады. Ауысуға басым құқығы бар білімгерлер – мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын білімгерлер, сондай-ақ, оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімі жақсы білімгерлер – GPA көрсеткіші 2,33-тен кем емес болуы керек.
1.2. Білімгерлерді университетте оқудың барлық түрі бойынша ауыстыру екі жақтағы университеттің келісімімен ғана жүзеге асырылады және сәйкес бұйрықтармен рәсімделеді.
1.3. Білімгерлерді ауыстыру сәйкес курсқа ауыстырумен жүзеге асырылады, дегенмен оқу жоспарындағы айырмашылық бес пәннен аспауы тиіс, керісінше жағдайда ауыстыру бір курсқа төмендетіліп жүзеге асырылады.
1.4. Басқа ЖОО-нан білімгерлерді мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне ауыстыру кезінде оқу түрі мен мамандығы сақталады.
1.5. Білімгерлердің бір мамандықтан екінші басқа мамандыққа университет ішінде немесе басқа ЖОО-нан ауыстыру тек қана ақылы негізде жүзеге асады және оқу үшін шығынның төлемақысы толығымен төленеді.
1.6. Оқудың ақылы түрінен мемлекеттік білім беру грантына ауысуға оқу үлгерімі тек «жақсы» және «үздік» болған білімгерлерге рұқсат беріледі, ҚР БжҒМ бұйрығы бойынша бос орындарға конкурстық негізде жүзеге асырылады.
1.7. Кредиттік технология бойынша білім алатындар, ағымдағы курстың оқу жоспарының барлық талаптарын толығымен орындаған жағдайда, барлық емтиханды сәтті тапсырғанда, бекітілген өту балын жинаған жағдайда ректордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. Келесі курсқа көшірілген білімгерлер егерде академиялық қарызы болатын болса, сәйкес пәндерді ақылы негізде қайтадан оқуы тиіс. Мемлекеттік тапсырыс және келісім шарт бойынша оқитын білімгерлер оқу жоспарының талаптарын орындамаса және бекітілген өту балын жинамаған жағдайда курсқа қайтаан қалдырылып, ақылы негізде оқитын болады.
1.8. Курсты қайта оқу немесе академиялық қарызды жою мақсатында пәнді қайта оқу үшін бұйрықты рәсімдеу үшін оқу жылының басына дейін мынадай құжаттар тапсырылуы тиіс:
– Факультет деканы мен университеттің экономика және қаржы басқармасының бұрыштамаларымен студенттің жеке өтініші;
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісімшарттың екі данасы (декан бұрыштамасымен);
– оқу төлемақысы туралы түбіртектің көшірмесі.
Білім беру қызметін көрсету келісім шартты белгіленген мерзімінде жасамаған білімгерлер (ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін) оқу ережесін бұзғандығы үшін оқудан шығарылады. Ақылы негізде қайта оқу үшін білім беру қызметін көрсету келісім шартын жасасуға ниет білдірмеген білімгерлер оқудан шығарылады.
1.9. Академиялық қарыздары жоқ білімгерлерге ғана ауысуға рұқсат беріледі.
1.10. Қазақ мелекеттік қыздар педагогикаалық университетіне ауысар кезде білімгер мынадай құжаттарды өткізуі тиіс:
– ауысу туралы факультет деканы (оқу жоспарлары айырмашылықтары көрсетілуі тиіс) мен университеттің экономика және қаржы басқармасының бұрыштамасымен ректордың атына жазылған өтініш;
– Оқып жатқан ЖОО-ның ректоры атына жазылған, ұйым жетекшісінің ауысуға келісім бұрыштамасымен, мөрмен бекітілген өтініш;
– ЖОО-ның атаулы мамандық бойынша білім беру қызметін көрсету лицензияның көшірмесін;
– Транскрипт түпнұсқасын;
– сертификат көшірмесін;
– студент екендігі туралы анықтама (басқа ЖОО-нан).
1.11. Ақылы негізде оқитын білімгер қосымша ретінде:
– факультет деканының бұрыштамасымен білім беру қызметін көрсету туралы келісім шарт көшірмесінің екі данасы тіркелуі тиіс.
1.12. Мемлекеттік грант негізінде оқитын білімгерлер үшін қосымша ретінде:
– мемлекеттік білім беру гранты куәлігінің көшірмесін тіркелуі тиіс.
1.13. Ақылы негізде оқитын білімгер Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне ауысқан жағдайда білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісім шартқа ұол қойған сәттен бастап оқу ақысын төлеп бастайды.
1.14. Өтініш түскеннен кейін бір апта ішінде факультет деканы міндетті:
– оқу жоспарлары арасындағы айырмашылықтарды анықтауға және оны өтініште көрсетуге;
– оқу курсын анықтауға;
– ауыстыруға ұсыныс беруге немесе уәждемелі негізде бас тартуға.

1.15. Орнатылған тізім бойынша құжаттар толық болған жағдайда ректор бірінші проректорға өтініш субъектісі құжаттарымен танысып, талаптарға сәйкестігіне тексеру жұмысын жүргізуді тапсырады. Тексеріс нәтижелері бойынша құрамына проректорлар, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, факультет декандары енетін комиссия университет ректорына өз ұсынысын таныстырады.

1.16. Ауыстыру туралы соңғы шешімді университет ректоры қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда студентті қабылдау немесе академиялық айырмашылықты тапсыру туралы бұйрық шығарылады.
1.17. Оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын жою реті мен мерзімі декан қаулысымен рәсімделеді. Егер білімгер оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын бекітілген мерзім ішінде жоймаса, ол академиялық қарыз ретінде есептелетін болады.
1.18. Академиялық айырмашылық тапсырылған соң декан студенттер қатарына қабылдау туралы ұсыным береді, содан кейін студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарылады (жеке ісі болған жағдайда).
1.19. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унивеситетінің білімгері басқа ЖОО-на ауысқысы келген жағдайда:
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ректоры атына басқа ЖОО-на (ЖОО-ның атауын нақты көрсету керек) ауысу туралы өтініш жазуы қажет, факультет деканымен, Экономика және қаржы басқармасымен визалап, университет мөрімен расталған ректордың жазбаша келісімін алуы тиіс;
– транскрипт немесе сынақ кітапшасының расталған көшірмесін, атаулы мамандық бойынша білім беру қызметін көрсету лицензиясының көшірмесін алуы қажет;
– қызықтырған ЖОО-ның ректоры атына өтініш беруі тиіс;
– студенттермен жұмыс жасау бөліміне мынадай құжаттар өткізуі тиіс: өтініш көшірмесін, оқу картасын (транскрипт), сынақ кітапшасын, студенттік билетін, тапсыру парағын, бекітілген үлгі бойынша анықтама үшін төлегені туралы түбіртекті.
1.20. Мемлекеттік грант негізінде оқитын білімгерлерге академиялық кезеңді үздік, табысты аяқтаған жағдайда ғана басқа ЖОО-на өзінің грантымен бірге ауысуға рұқсат беріледі. Академиялық қарыздар анықталған жағдайда білімгер мемлекеттік гранттан айырылады және ақылы негізде ауыстырылады. Мақсатты грант иегерлері болып табылатын білімгерлер басқа ЖОО-на ауысқан жағдайда олардың гранты сақталмайды.
1.21. Басқа ЖОО-на ауысатын кезде, ақылы негізде оқыған студент Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен шығару туралы бұйрық шыққан мерзімге дейін оқу ақысын төлейді.

Студенттер қатарына қайта қабылдау

2.1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті оқудың барлық түрі бойынша бұрын оқудан шығарылғандарды білім алушылар қатарына қайта қабылдау оқудан шығарылған мерзімнен тәуелсіз ректор бұйрығымен каникул кезеңінде жүзеге асырылады. Білім алушы кем дегенде бір академиялық кезеңді толық аяқтауы оны оқуға қайта қабылдауға қойылатын міндетті шарт болып табылады.Оқудан шығарылған білімгердің академиялық анықтамасында қажетті білім бағдарламасын меңгерген жағдайда ол кез келген мамандыққа, кез келген курсқа қайта қабылдана алады.
2.2.Студенттер қатарына қайта қабылдау сәйкес курсқа тек қана ақылы түрде жүзеге асырылады.
2.3. Оқуды ары қарай табысты жалғастыру оқуға қайта қабылдаудың айқын шарты болып табылады.
2.4. Оқу жоспарларындағы пән айырмашылығы бес пәннен аспауы тиіс, керісінше жағдайда білімгер бір курсқа төмендетіліп қайта қабылданады.
2.5. Ақылы негізде оқитын оқу ақысын төлемегені үшін немесе академиялық қарызын өтемегені үшін оқудан шығарылған білімгер, оқу бойынша қарызын толық төлеген жағдайда оқудан шығарылған мерзімнен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдануға құқылы болады.
2.6. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне қайта қабылдану үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:
– студенттер қатарына қайта қабылдану туралы факультет деканы (оқу жоспарлары айырмашылықтары көрсетілуі тиіс) мен университеттің экономика және қаржы басқармасының бұрыштамасымен ректордың атына жазылған өтініш;
– белгіленген үлгіде анықтама түпнұсқасы немесе сынақ кітапшасының көшірмесі;
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің білім беру қызметін көрсету жөніндегі келісімшарттың екі данасы (декан бұрыштамасымен).
2.7. Өтініш түскеннен кейін бір апта ішінде факультет деканы міндетті:
– оқу жоспарлары арасындағы айырмашылықтарды анықтауға және оны өтініште көрсетуге;
– оқу курсын анықтауға;
– оқуға қайта қабылдауға және ары қарай жалғастыруға ұсыныс беруге немесе уәждемелі негізде қайта қабылдаудан бас тартуға.
2.8.Орнатылған тізім бойынша құжаттар толық болған жағдайда ректор бірінші проректорға өтініш субъектісі құжаттарымен танысып, талаптарға сәйкестігіне тексеру жұмысын жүргізуді тапсырады. Тексеріс нәтижелері бойынша құрамына проректорлар, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, факультет декандары енетін комиссия университет ректорына өз ұсынысын таныстырады.
2.9.Қайта қабылдау жөніндегі соңғы шешімді университет ректоры қабылдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда оқуға қайта қабылдау жөнінде бұйрық шығарылады.
2.10.Оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын жою реті мен мерзімі декан қаулысымен рәсімделеді.Егер білімгер оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын бекітілген мерзім ішінде жоймаса, ол академиялық қарыз ретінде есептелетін болады.
2.11.Оқудың күндізгі бөліміне қайта қабылдау бойынша құжаттар ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.