Жұмыс берушілер Кеңесі


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Жұмыс берушілер Кеңесі

2014 жылдың 29 қазан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Жұмыс берушілер кеңесі өтті. 2014-2015 оқу жылынан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде түлектерді жұмысқа орналастыруға және бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби білікті мамандарды дайындауға, білім беру сапасын арттыруға, оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, университет қызметіне қаржылық көмек көрсетуге, мамандарды дайындау саласындағы мекемелер және ұйымдармен өзара тығыз байланыс жасау бағытындағы іс-шараларды ілгері дамытуға ықпал ету мақсатында Жұмыс берушілер Кеңесі құрылды.
Жұмыс берушілер кеңесінің қызметі сапалы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында және заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталады. Жоғары оқу орнының бітіруші моделі, болашақ жас маманның құзыреттіліктері туралы өзекті мәселелер қарастырылды.

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.