Академиялық ұтқырлық бойынша концепция

     Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.

     Қазіргі таңда білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership және т.б. айырбастау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.

     Студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығынан Erasmus бағдарламасына 1987 жылдан бастап 1,9 млн. адам қатысты. Қазіргі таңда бұл бағдарламаға әлемнің 30 елі, Еуропа университеттерінің 90%, 31 мемлекеттен 3100-дан астам ЖОО қатысады.

     Erasmus Mundus бағдарламасы стипендиясының екінші консорциумы  аумағында 2009-2010 жж. Қазақстанға 20 стипендия тағайындалды (бакалавриат – 9, магистратура – 5, докторантура – 3, докторантурадан кейін – 1, оқытушылық – 2).

     Tempus ІV бағдарламасының 10 жобасына 2008 жылдан бері қазақстандық 15 жоғары оқу орны, 67 студент, магистранттар мен оқытушылар қатысып келеді.

     Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен (Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) 80 меморандум негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге  асырылып отыр.

     Адами құндылықтар мен академиялық ұтқырлықты дамытуда дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.

     Сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп келеді. Шетелде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының 3000-дай иегері әлемнің 27 елінде білім алуда. Бұл қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі академиялық және мәдени интернационализациялауды нығайтуға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу сапаларын жақсартуға әсер етеді.

      Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және ол жан-жақтылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді, өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол лингвистикалық плюрализм мен жоғары оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады.

    Академиялық ұтқырлыққа нормативтік-құқықтық және институционалдық қолдау жасау

     Қазіргі таңда Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты дамыту тәжірибесін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бір академиялық кезеңде шетелдік жоғары оқу орындарына жылына 20-ға жуық білім алушы жіберіледі. Алайда барлық ЖОО бірдей білім алушы меңгерген кредиттерді шетелдік жоғары оқу орнында қайта тапсыруды жүзеге асыра бермейді.

      Осыған байланысты кредитті қайта тапсырудың нормативтік-құқықтық актісін дайындау қажет. Әлемдік білім беру кеңістігіне енуде интеграцияланудың (кірігудің) әлсіздігіне байланысты Болон үдерісінің академиялық ұтқырлық ұстанымдары айтарлықтай деңгейге жете алған жоқ.

     Білім алушыларға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде жекелеген пәндер бағдарламаларын меңгеру мүмкіндігін беру үшін, оқытудың өлшемдерін қамтамасыз ету, жетістіктерін салыстыру мақсатымен КАЕЖ – кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі типіндегі кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық жүйесі жасалды.

      Теориялық білім алушының аудиториялық және өзбетімен жұмысының Қазақстандық  1 кредиттік еңбек сыйымдылығы бакалавриатта – 45, кәсіптік магистратурада – 60, ғылыми-педагогикалық магистратурада – 75, доктарантурада -105 сағатты құрайды.

      Білім алушының академиялық ұтқырлығын және білім беру бағдарламасын қамтамасыз етуде Қазақстандық кредитті еуропалық білім беру кеңістігіне сәйкес КАЕЖ кредитіне аудару қажет.

       КАЕЖ шамасында академиялық кредит дегеніміз – пәнді оқытуда аудиториялық және өзбетімен жұмыс кезіндегі еңбек сыйымдылығының бірлігі. КАЕЖ 1 кредиті 25-30 академиялық сағатқа тең.

      Жалпы оқу жүктемесіне аудиториялық сабақтардан басқа, білім алушының өзбетімен жұмысының келесі түрлері: эссе, мәнжазбалар, курстық жұмыстар (жобалар), лабораториялық жұмыстар, аралық, ағымды, қорытынды бақылауға дайындық, диплом жұмысының материалдарын жинақтау мен орындау жұмыстары кіреді.

      КАЕЖ оқу жұмысының бір жылғы еңбек сыйымдылығы 60 кредитпен бағаланады (семестрде білім алушы 30 кредит, ал триместрде 20 кредит жинақтайды)

      Оқу жылының ұзақтығы 30 апта емтихан, қорытынды бақылау тапсыруға 6 апта беріледі.

      Еуропа елдерінде  бакалавриатта оқу ұзақтығы 3-4 жылды құрайды,  соған сай 180-240 сынақ кредитті жинауды талап етеді.

Пәннің КАЕЖ кредитіне сәйкес  қайта есептеуде ҚР кредиттерін КАЕЖ кредитінің коэффиценттеріне аудару қажеттілігіне байланысты КАЕЖ-ң 1 кредиті төменде берілген коэффицентке сәйкес аударылады:

  •       бакалавриат бойынша – 1,5-1,8;
  •       кәсіптік және ғылыми-педагогикалық магистратура бойынша – 2-2,4;
  •       докторантура бойынша – 2,7 – 3,2.

Осыған сәйкес  кредиттер толық бірлікте қалыптасады.

Қурстық жұмыстардың(жобалар) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына енеді.

Жоғары оқу орындарында институт және факультет бойынша КАЕЖ үйлестірушісін тағайындайды.

Институт үйлестіруші оқу мекемелерінде КАЕЖ тетектері мен ұстанымдарын  белгілейді, инститтут бойынша барлық құрылымдардың жұмысын бақылайды, үйлестіреді.

КАЕЖ координаты ПОҚ және білім алушыға КАЕЖ-ң оқу және практикалық үйлестірушісі кеңес береді.

КАЕЖ бағалау шкаласына 5  балдық бағалау жүйесі енеді (А-дан Е-ге дейін), FX бағасы, оны өзгертуге болады  және кредитсіз F бағасы.

ҚР білімді бағалау жүйесіне 10 балдық рейтинг, әріптік жүйесі негізінде 10 бағадан құралады (А-Д) және берілген кредит меңгеріледі.

Білім алушылардың жетістіктері мен кемшіліктері балдық рейтингілік әріптік жүйесіне сай КАЕЖ бойынша бағалау төменде берілген кестеге сай жүзеге асырылады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалудың  балдық-рейтингілік жүйесін  КАЕЖ  бағалау жүйесіне ауыстыру кестесі

ECTS бойынша бағалар

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-тік құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

А

4,0

100

Өте жақсы

В

В+

3,33

85

Жақсы

С

В

3,0

80

D

С

2,0

65

Қанағаттанарлық

Е

D

1,0

50

FХ, F

F

0

0

Қанағатанарлықсыз

Балдық-рейтингілік жүйесін  КАЕЖ  бағалау жүйесіне ауыстыру кестесі.

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

%-тік құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

КАЕЖ бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

В

3,0

80-84

Жақсы

С

В-

2,67

75-79

Жақсы

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

D

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

Қанағаттанарлық

Е

F

0

0-49

Қанағатанарлықсыз

FХ, F

        Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру туралы құжаттардың шет елдерде тануын қамтамасыз ету үшін және академиялық ұтқырлық жөніндегі мәселелердің тиімді шешілуі үшін болашақта елімізде (Ұлттық Аккредитацилау орталығын қайта құру негізінде) Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.

       Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық – білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

        Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылымдардан ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі мерзімге ғана кеткенімен, оқу бір семестрден бір оқу жылына дейін созылады, екіншіден, мұндай тағылымдамада олар толыққанды білім алады, тек тілді меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, керісінше, толық семестр немесе жылдық курстан өтеді, бұл дегеніміз – студенттің білімі базалық жоғары оқу орнына қайтып келген сәттен  жалғасып есептеледі. «Базалық ЖОО» деп біз студенттердің алғашқыда оқуға түсіп, дипломын алғысы келген ЖОО-ны айтамыз.

       Болондық үдерісте академиялық ұтқырлықтың екі түрін ажыратып көрсетеді: «тігінен» және «көлденеңнен». Ұтқырлықтың тігінен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да толық білім алуы, ал ұтқырлықтың көлденеңнен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да белгілі бір шектеулі мерзімде білім алуы (семестр, оқу жылы).

       Академиялық ұтқырлықтың мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция (бірігу, кірігу).

       Мақсатты көрсеткіш (индикатор): 2020 жылға дейін білім алушының 20%-ы бір академиялық кезең мерзімінде шетелдік ЖОО-да білім алады.

       Жүзеге асу мерзімі: 2011-2020 жылдар аралығы.

       Күтілетін нәтиже: 2020 жылға дейін академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Болон үдерісі аумағында міндетті ұсынылған көрсеткіштер орындалатын болады. ЖОО-да ғылыми-зерттеу институтының педагогикалық құрамы және ғылыми құрамы күшейтіледі.

       Академиялық ұтқырлық төменде көрсетілген жағдайларға:

әлемдік білім беру кеңістігінде қазақстандық білім берудің интеграциясына;

білім сапасының өсуі және адамдық құндылықтардың даму деңгейіне;

шетел университеттері бағдарламаларын қазақстандық білім беру бағдарламаларымен қатар қоюға және мойындауға;

жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудегі интернационализациялаудың күшеюіне себепші болады:

Қос дипломды білім беру қазақстандық жоғары мектеп дамуының халықаралық білім беру кеңістігіне бірігудегі аса маңызды тәжірибелік жолы болып табылады. Бұл бағыт жоғары оқу орнының білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулер, университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелесуге қабілетті болу тұрғысынан университеттің стратегиялық даму мүдделеріне және Болон үдерісінің қағидалары мен ережелеріне сәйкес келеді.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің әрбір студенті халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша серіктес жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарлы оқытушыларынан сапалы қызмет пен озық білім алады. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері шетелдік білім беру бағдарламаларының модульдерін өздерінің тұрғылықты жерлерінде тыңдап, оқу-әдістемелік әдебиеттермен толық қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, озық интернет-технологияларын қолдана алады.

Бакалавриаттағы қос дипломды білім беру

Білім алу сызбасы:

ҚазМемҚызПУ-де 3 жыл + LAMS немесе MVSU 1 жыл = Екі диплом

Бакалавриат студенті 3 курсын ҚазМемҚызПУ-де және 1 курсын (4 курс) LAMS немесе MVSU оқиды. Оқу аяқталғаннан кейін ҚазМемҚызПУ және LAMS немесе MVSU дипломдарын алады.

ҚазМемҚызПУ бакалаврының 3 курсын аяқтаған студенттер қос дипломды білім беру бойынша 1 жыл шетелде Лондон Менеджмент және Ғылымдар Академиясында (Ұлыбритания) (LAMS) немесе Миссиссипи Мемлекеттік Университетінде (Америка Құрама Штаттары) (MVSU) (3+1 сызбасы) білім алуларын жалғастырады.

Магистратурадағы қос дипломды білім беру

Білім алу сызбасы:

ҚазМемҚызПУ-де 1 жыл + LAMS немесе MVSU 1 жыл = Екі диплом

Магистрант 1 курсын ҚазМемҚызПУ-де және 1 курсын (2 курс) LAMS немесе MVSU оқиды. Оқу аяқталғаннан кейін ҚазМемҚызПУ және LAMS немесе MVSU дипломдарын алады.

ҚазМемҚызПУ магистратурасының 1 курсын аяқтағаннан кейін магистранттар қос дипломды білім беру бойынша 1 жыл шетелде Лондон Менеджмент және Ғылымдар Академиясында (Ұлыбритания) (LAMS) немесе Миссиссипи Мемлекеттік Университетінде (Америка Құрама Штаттары) (MVSU) (1+1 сызбасы) білім алуларын жалғастырады.

Лондон Менеджмент және Ғылымдар Академиясы мен Миссиссипи Мемлекеттік Университеті – бұл жоғары білікті оқытушылар құрамы мен алдыңғы қатарлы технологиялары бар жоғары оқу орындар.

Қос дипломды бағдарламалар бойынша білім алуды ойдағыдай аяқтаған студенттер қазақстандық және шетелдік дипломдар алады, яғни, 2 университет дипломдарын (ҚазМемҚызПУ + LAMS немесе MVSU).

Шетелдік жоғары оқу орындарындағы бағдарламалар бойынша білім алу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Кесте 1. Қос дипломды білім беру мамандықтарының тізбесі.

Мамандық атауы

Шетелдік әріптес ЖОО

Бакалавриат

1

5В050600 – Экономика

5В050700 – Менеджмент

5В050800 – Есеп және аудит

5В011100 – Информатика

5В060200 – Информатика

5В070300 – Ақпараттық жүйелер

Лондон Менеджмент және Ғылымдар Академиясы

 2

5В050100 – Әлеуметтану

5В090500-Әлеуметтік жұмыс

5В011300-Биология

5В060700-Биология,

5В060800-Экология

5В011200 – Химия

5В060600 – Химия

5В010200 – Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

5В010100 – Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру

5В010600 – Музыкалық білім беру

5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі

Миссисипи штаты алқаптарының Мемлекеттік Университеті (MVSU)

Магистратура

 1

6М011100 – Информатика

6М060200 – Информатика

Лондон Менеджмент және Ғылымдар Академиясы

2

6М090500- Әлеуметтік жұмыс

6М011300-Биология

6М010300 – Педагогика және психология

Миссисипи штаты алқаптарының Мемлекеттік Университеті (MVSU)

Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент!

ТАЛАПКЕР-2017

Бакалавриат мамандықтарына түсу үшін өтініш берудің мерзімдері:

Талапкердің Кешенді тестілеуіне ( ары қарай- КТ) қатысу үшін өтінішті бітіруші 2017 жылдың 1 -20 маусым аралығында бере алады.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау 20 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін жүргізіледі.

Педагогикалық мамандықтардың арнайы емтихандары 20 маусымнан бастап 18 тамызға дейін тапсырылады.

Білім беру гранттарын беру жөніндегі байқауға өтініш қабылдау шілде айының 23-31 аралығында жүргізіледі.

Талапкерлерді қайта кешенді тестілеугі қатысу үшін өтініш беру уақыты 2017 жылдың 1 тамызы мен 8 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қайта кешенді тестілеугі қатысу үшін өтініш беру уақыты 2017 жылдың 5 -12 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Студенттерді қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10-28 тамызға аралығында өткізеді.

Талапкердің КТ емтихандары мен әңгімелесу өткізудің мерзімдері:

КТ емтихандары 17 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін тапсырылады.

Шығармашылық емтихандар 8 шілдеден 13 шілдеге дейін тапсырылады.

КТ емтихандары 19 тамыздан бастап 24 тамызға дейін тапсырылады.

КТ емтихандары 20 қаңтардан бастап 24 қаңтарға дейін тапсырылады.

Әңгімелесу шетелдік азаматтарға және екінші жоғары білім алуға құжат тапсырушылар үшін 28 шілдеден 20 тамызға дейін жүргізіледі.

Білім беру гранттарын беру жөніндегі байқау:

байқаудың өткізілу мерзімі 1 тамыздан 10 тамызға дейін жалғасады;

байқауға қатысу үшін ең кем дегенде негізгі пән бойынша 15 балл (әрбір шығармашылық емтиханнан 15 балдан кем болмауы тиіс), КТ-дің қалған пәндері бойынша ең кемі 5 балл жинау қажет. Студент қатарына қабылдау 10 тамыздан 28 тамызға дейін жүргізіледі.Білім беру грантын алуға талаптану кезінде қазақ немесе орыс тілінен (оқыту тілі), Қазақстан тарихынан, математикадан және таңдау пәнінен алынған баллдар ғана есепке алынады.

КТ жүргізілу тәртібі:

талапкерлерді кіргізу-7:30;

басталу уақыты -9:00;

ұзақтығы -3 сағат 50 минут;

ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеуге 1 сағат 40 минут;

аудиториядан себепсіз шығуға тыйым салынады;

өзімен бірге куәландыратын жеке куәлігі,КТ қатысуға арналған арнайы рұқсатты болу керек.

Апелляция

КТ нәтижелері бойынша апелляция талапкердің өзі тарапынан тестілеу нәтижелерінің жариялауынан бастап келесі күні сағат 13:00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссия тарапынан бір тәулік ішінде қарастырылады;

өтініш беруші өзімен бірге куәландыратын жеке куәлігі, КТ қатысуға арналған арнайы рұқсаты болу керек.

1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Қабылдау Ережесі жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың Үлгі ережесіне сәйкес (бұдан әрі Үлгі ережесі) құрылған және ҚазМемҚызПУ-нің студенттер контингентін қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды орта жалпы (жалпы орта), (техникалық және кәсіптік ) және жоғары білім алуға қабылдауды жүзеге асырады.

3. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру, мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

4. Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматтары мен қатар басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асады.

Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда, сондай-ақ ҚазМемҚызПУ-мен жасалған келісімшарттар мен контракттарға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша қабылданады.

5. Кешенді тестілеу өткен жылдың орта жалпы білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін, бастапқы және орта кәсіптік оқу орындарынң бітірушілері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), жалпы білім беру мектептерінің шетелде халықаралық оқушы алмасу бағдарламасы бойынша білім алған бітірушілері үшін, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, сондай-ақ шетел оқу орындарын тәмәмдаған азаматтар үшін өткізіледі.
6. ҚазМемҚызПУ-не бірыңғай ұлттық тестілеуден немесе кешенді тестілеу нәтижесі бойынша ҚазМемҚызПУ-де мамандарды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік білім грантына ие болған азаматтар, сондай-ақ куәліктегі ұпайларына сәйкес басқа да қайнар көздер есебінен оқу ақысын төлеген азаматтар қабылданады.
7. Арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін 5В040900 – Хореография, 5В010600 – Музыкалық білім, 5В090600 – Мәдени тынығу жұмысы, 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу, 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері, 5В010800 – Денешынықтыру және спорт мамандықтарына
(бұдан әрі – шығармашылық мамандықтар) азаматтарды қабылдау «Шығармашылық емтихан туралы» және «Арнайы емтихан туралы» Ережелеріне сәйкес ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы тарапынан өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандарды (әрі қарай – шығармашылық емтихандар) есепке ала отырып жүргізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалқ және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші талапкерлер бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүргізіледі.

  • 5В040900 – Хореография,
  • 5В010600 – Музыкалық білім,
  • 5В090600 – Мәдени – тынығу жұмысы,
  • 5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу,
  • 5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері,
  • 5В010800 – Денешынықтыру және спорт

сияқты шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.
Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында жүргізіледі.

Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойыншы бағаланады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Шығармашылық емтихан бойынша 15-тен төмен (жалпы орта( орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар талапкерлер) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші талапкерлер) немесе емтиханға келмеген талапкерлерге осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.

Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға тусушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Педагогикалық мамандықтарға түсуші талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

Кешенді тестілеуді өткізу

8. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат ҚазМемҚызПУ-нің Қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіру туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

тест сынағын өткізу ақысын төлегені жөніндегі түбіртек (квитанция);

3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

086- У нысанындағы медициналық анықтама;

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жасы 16-ға толмаған жағдайда талапкер туу туралы куәлігі мен мектептен суреті бар анықтаманы ұсынуы керек.

9. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ағымдағы жылы бітірушілері білім беру ұйымынан мамандықтың коды және атауы көрсетілген оның ұқсас екенін райтайтын анықтаманы қосу ұсынады.

Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін кешенді тестілеу оқуға түсушілердің қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі.

1- бөлім-Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі);

2- бөлім- екі бейіндік пән.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген, сондай-ақ техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері бір бөлім- Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша өз қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеу оқуға түсушілердің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:

1- бөлім-жалпы бейіндік пән;

2- бөлім- бір бейіндік пән.

10. Кешенді тестілеуге 3 сағат 50 минут бөлінеді. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеуге 1 сағат 40 минут беріледі.
11. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін тест тапсырмаларының саны:

1) Қазақстан тарихы бойынша -20;

2) Математикалық сауаттылық бойынша-20;

3) Оқу сауаттылығы бойынша- 20;

4) Әр бейіндік пән бойынша- 30 болады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін тест тапсырмаларының саны:

1) Жалпы бейіндік пән бойынша -20 ;

2) Бейіндік пән бойынша – 40 болады.

Бір дұрыс жауабы бар тапсырманы дұрыс орындағаны үшін тестіленуші 1 балл, тапсырманы дұрыс емес орындағаны үшін 0 балл алады.

Бір немесе бірнеше жауабы бар тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін тестіленуші 2 балл, 1 қате жіберсе-1 балл, 2 және одан көп қате жіберсе -0 балл алады.

Кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл – 140.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер үшін кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл- 120.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл-70.
12. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің ұлттық тестілеу орталығында (ҰТО) өткізіледі. Кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялау, бекітілген үлгідегі мемлекеттік куәлік беру, тестілеу нәтижелеріне байланысты шағым беру процедурасы, мемлекеттік білім гранттарын беру ҚР БжҒМ-нің Үлгі ережесінде көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі.
13. Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар коды бірден ілінеді.
14. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі куәлік рәсімделеді. Оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш тәулік ішінде беріледі.
15. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш беруге құқылы. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды Республикалық апелляциялық комиссия қарайды. Соңғы шешімді ҚР БжҒМ-не қарасты Республикалық апелляциялық комиссия қабылдайды.

Оқуға қабылдау

16. ҚазМемҚызПУ-нің Қабылдау комиссиясы студенттерді оқуға қабылдауды 2017 жылдың 10-28 тамыз аралығында өткізеді. Талапкер ҚазМемҚызПУ-нің Қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды тапсырады:

Жалпы орта (жалпы орта білім) кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжат;

3х4 көлемдегі алты фотосурет; 086-У нысанындағы медициналық анықтама;кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификаты;білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар талапкерлер мынадай құжаттарды тапсырады:

еңбек кітапшасын;

жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивті анықтаманы қосымша береді.

17. Жалпы орта,техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік.орта білімнен кейінгі) білім бар тұлғалар Кешенді тестілеуден және қайта кешенді тест тапсыру нәтижелері бойынша- кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Оқуға қабылдау мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі. Шығармашылық емтихандар белгіленген мaмaндықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған ұпайларды есепке ала отырып жүргізеді.
18. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің шеңберінде тапсырылған пәндердің бірінен 5 ұпайдан төмен алған жағдайда, талапкер ақылы оқуға қабылдауға немесе білім беру гранттарын алу байқауына қатысуға жіберілмейді.
19. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ы.Алтынсарин-2017» Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олимпиадаға қатысушылар төмендегі жеңілдіктер арқылы қабылданады:
19.1. Егер мамандығы Олимпиада пәніне сәйкес келсе, «Ы.Алтынсарин – 2017» Олимпиадасының жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталғандар) 90% жеңілдік алу конкурсын өту кезінде басымдылық құқығын алады.
19.2. Жүлделі орын алмағандар, бірақ Олимпиаданың деңгейінен өткендер ҚазМемҚызПУ-не бірінші кезекте қабылдануға құқылы.
19.3. Олимпиада жеңімпаздары, жүлдегерлері, қойылған деңгейді өткен қатысушылар:

Пән бойынша І орын алған жеңімпаздар ҚазМемҚызПУ 90% жеңілдікпен қабылданады;Пән бойынша ІІ орын алған жүлдегерлер ҚазМемҚызПУ 90% жеңілдікпен қабылданады;Пән бойынша ІІІ орын алған жүлдегерлер ҚазМемҚызПУ 90% жеңілдікпен қабылданады;Пән бойынша «Ы.Алтынсарин» Олимпиадасына қатысушылар өту балы болған жағдайда ақылы бөлімге 10% жеңілдікпен қабылданады (сертификат балы сәйкес болған жағдайда).

20. Орта кәсіптік оқу орындарының бітірушілері ҚазМемҚызПУ-нің ұқсас немесе туыс мамандықтарына ҚР жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру мамандықтары Жіктеушісінің және ҚР БжҒМ-нің кәсіптер мен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру жіктеушісінің сәйкестік кестесінің бекітілген тізіміне сай қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде (күндізгі және сырттай оқу түрі) қабылданады.
Сондай-ақ, жоғары кәсіптік білімі бар тұлғалар ҚазМемҚызПУ-нің емтихандық комиссиясы жүргізген әңгімелесулердің нәтижесіне сай қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде қабылданады.
Сырттай оқу бөлімінде қашықтықтан оқыту арқылы сабақ өту қарастырылған.
21. Жоғары білім беруге дейінгі факультетті сәтті тәмәмдап, бітіру туралы куәлікті иеленген шетел азаматтары ҚазМемҚызПУ тарапынан оқу тілінде өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша ҚРБжҒМ-нің Үлгі ережесінің 49 б, 8 б. негізінде оқуға қабылданады.
22. Ақылы негізде оқудың күндізгі түрінің қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ақылы негізде оқудың сырттай түріне түсу емтихандарын сәтті тапсырған азаматтардың саны 10 кісіден кем болған жағдайда аталмыш мамандық бойынша ережеге сай топ құрылмайды.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.