Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне  оқуға қабылдаудың қағидалары

(магистратура) 

Жалпы ережелер

  1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 – бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген, білім беру мекемесіне қабылдаудың Үлгілік ережесіне сәйкес құрылған және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
  2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (бұдан әрі – ҚазМемҚызПУ) магистранттарын қабылдау ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдаудың тәртібі.

(магистратура) 

 
  1. ҚазМемҚызПУ-нің магистратурасына тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Магистратурада да шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша шетел азаматтарын оқуға қабылдау ҚазМемҚызПУ-нің академиялық күнтізбесіне сәйкес күнтізбелік жыл бойы жүргізіледі.
  2. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін ҚазМемҚызПУ-де қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ҚазМемҚызПУ-нің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

Қабылдау комиссиясының құрамы ҚазМемҚызПУ-і басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

  1. ҚазМемҚызПУ-нің магистратурасына, сына түсушілердің өтініштерін қабылдау, қабылдау комиссиясымен, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.

Шет тілі бойынша, мамандық бойынша түсу емтихандары, кешенді тестілеу күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

 

Магистратураға қабылдау және түсу емтихандарын өткізу тәртібі

  1. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.
  2. Магистратураға түсуші тұлғалар ҚазМемҚызПУ-не мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтінішті (еркін түрде);

2) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

7) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Осы Қағидалардың 9, 15-тармағында көрсетілген құжаттарды түгел ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

  1. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу тапсырады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады.

  1. Келесідей емтихандар бойынша шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады:

ағылшын тілі:

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm(TOEFL ITP) – кемінде 460 балл; Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT)– кемінде 87);

TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл;

          International English Language Tests System (IELTS)– кемінде 5.5.

неміс тілі:

Deutsche Sprachpruеfung fuеr den (DSH), Niveau C1/С1 деңгейі;

TestDaF-Prufung (Niveau) C1/С1 деңгейі;

француз тілі:

Test de Franзais International™ – (TFI) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;

 Diplome d’Etudes en Langue franзaise – (DELF), B2 деңгейі;

 Diplome Approfondi de Langue franзaise – (DALF), C1 деңгейі; Test de connaissance du franзais – (TCF) – кемінде 400 балл.

Бұл ретте ҚазМемҚызПУ-нің қабылдау комиссиясы ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын тексереді.

  1. Магистратураға түсушілер өтініште бір білімнің білім беру бағдарламасын және 3 (үш) ЖОО-ы көрсетеді.
  2. Шет тілі бойынша түсу емтиханы және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша сертификат беріледі.

Магистратураның білім беру бағдарламаларының, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураның білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) бұйрығымен бекітіледі.

Шет тілі бойынша магистратураға түсу емтихандары және кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  (бұдан әрі-ҚР БҒМ) айқындайтын түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде өткізіледі.

Түсу емтихандарын, кешенді тестілеуді тапсырған жылы қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

Апелляциялық комиссия жұмысының тәртібі

  1. ҚазМемҚызПУ емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін ҚР БҒМ-ге білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
  2. Емтиханның нәтижесімен келіспеген жағдайда және бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ жанында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және ҚазМемҚызПУ-де апелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы, түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.

ҚазМемҚызПУ-дегі апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтиханы мен кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

  1. Апелляциялық комиссия магистратураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

Апелляциялық комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары және кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

  1. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

  1. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
  2. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
  3. Түсу емтихандарын және кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсу емтихандарын қабылдау пункттеріне ҚР БҒМ өкілдері жіберіледі.
   

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдау тәртібі.

 
  1. Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-қосымша) оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес:

– кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдауға сәйкес кешенді тестілеу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаның (бұдан әрі – 2-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес:

– кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 10 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес – кемінде 100 балл;

2) бейінді магистратура үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес – кемінде 80 балл;

3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес – кемінде 25 балл;

4)  үшін 3-қосымшаға сәйкес – кемінде 150 балл;

Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 100 балдық бағалау жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға қабылдау.

 
  1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ҚазМемҚызПУ-не 25 тамызға дейін:
  • өтініш (еркін нысанда);
  • білімі туралы құжаттың көшірмесін;
  • шет тілі бойынша түсу емтиханы және кешенді тестілеу сертификатын, осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын (бар болған жағдайда) (магистратура үшін);
  • шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру бағдарламасы тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні ( үшін);
  • еңбек кітапшасының көшірмесін;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс білім беру бағдарламасының топтары бойынша түсу емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.

1-қосымша

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада

білім алу үшін кешенді тестілеудің

150-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

 
Тест түрлері Тапсырма нысандары Тапсыру тілі Тапсырмалар саны Балдар Шекті балл
Шет тілі бойынша тест Тыңдалым Ағылшын/ неміс/ француз 50 50 25
Лексико-грамматикалық тест
Оқылым
Оқуға дайындығын анықтау тесті Бір дұрыс жауапты таңдау Қазақша/ Орысша 30 30 15
Білім беру топтарының пәндері бойынша тест Бір дұрыс жауапты таңдау Қазақша/ Орысша 30 30 15
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау Қазақша/ Орысша 20 40 20
Барлығы   130 150 75
 

2-қосымша

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада

білім алу үшін кешенді тестілеудің

100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі

Тест түрлері Тапсырма нысандары Тапсыру тілі Тапсырмалар саны Балдар Шекті балл
Оқуға дайындығын анықтау тесті Бір дұрыс жауапты таңдау Ағылшынша 30 30 7
Білім беру топтарының пәндері бойынша тест Бір дұрыс жауапты таңдау Ағылшынша 30 30 8
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау Ағылшынша 20 40 10
Барлығы 80 100 25

3қосымша

 

100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі

 
100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар 5 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар
95-100 Өте жақсы (5)
90-94
85-89 Жақсы (4)
80-84
75-79
70-74 Қанағаттанарлық (3)
65-69
60-64
55-59
50-54
30-49 Қанағаттанарлықсыз (2)*
0-29

*бейінді магистратурада (медицина мамандықтары бойынша) және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.

   

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы «___»__________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген

   

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы

 
Білім беру саласының коды және атауы Даярлау бағытының коды және атауы Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіндегі код
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім  – магистратурада  даярлау бағыттары
7M01 Педагогикалық ғылымдар 7M011 Педагогика және психология 0111
7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы 0112
7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау 0114
7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау 0114
7M017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау 0114
7M019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау 0113
7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар 7M022 Гуманитарлық ғылымдар 0220
7M023 Тілдер және әдебиет 0230
7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат 7M031 Әлеуметтік ғылымдар 0310
7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика 7M052 Қоршаған орта 0520
7M053 Физикалық және химиялық  ғылымдар 0530
7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 0610
7M10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) 7M102 Әлеуметтік қамтамасыз ету 0920
  ЕСКЕРТПЕ:
  1. Сыныптауышта жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салалары мен даярлау бағыттары топтарға біріктірілген және Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуішіне-2013 сәйкес жеті цифрлық кодпен көрсетілген:

Бірінші және екінші код цифрлық және әріптік белгілері Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін Ұлттық біліктілік шеңберіне сай білім беру деңгейін көрсетеді:

– магистратура/резидентура – 7M/7R;

Үшінші және төртінші код  белгілері жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларын көрсетеді.

Бесінші код белгісі жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы даярлау бағытын көрсетеді.

Алтыншы және жетінші код белгілері жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын анықтайды және оларды жоғары оқу орны дербес белгілейді.

  1. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің әрбір саласында бір және одан да көп даярлау бағыттары көрсетіледі. Әрбір салаға бірнеше бағыттарды қамтитын пәнаралық бағдарламалар кіреді. Пәнаралық бағдарламалар білім беру саласының кодына «088» цифрларын қосу және жақшаларда пәнаралық бағдарламаның реттік нөмерін көрсету арқылы сыныпталады (мысалы: 6В01088 (1) «Пәнаралық бағдарламаның атауы»).
  2. Кадрларды даярлау бағыттары шеңберінде тиісті бейін бойынша білім беру бағдарламаларының топтары қалыптастырылады, олар өз кезегінде Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіретін Білім беру бағдарламаларының тізілімінде көрсетіледі.

   

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.