Кадр бөлімі (НR) – университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

НR бөлімінің негізгі атқаратын қызметі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес университеттің барлық құрылымдық бөлімдерінің кадрлық іс-қағаздарын жүргізу, кадрлық мәселелерін шешу  және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қадағалайды.

НRбөлімі Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату жән басқа лауазымға ауыстыру туралы бұйрықтарды рәсімдейді.Оқытушы-профессорлар құрамыныңсандық-сапалық көрсеткішін дайындау,қызметкерлердің еңбек өтілдерін есептеу, еңбек шартын жасасу, еңбек кітапшаларын толтыру мен оларды тиісті жерде сақтау, анықтамалар беру,бекітілген кестеге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысына шығару, қызметкерлердің  іс-сапарға жіберілуін рәсімдеу және іссапар куәлігін тапсыру, кадрлық сұрақтар бойынша статистикалық есептер жүргізу,әскери міндеттілер туралы аудандық әскери комиссариаттармен  байланыста болу, оқытушы-професорларқұрамын конкурстан және қызметкерлерді аттестациядан өткізумен  айналысады.

НR бөлімінің басшысы – Мырзалиева Молдир Мырзалиевна, жетекші маман – Исакулова Бактыкул Абдибековна, мамандар – Адилова Гулзира Мирамбекқызы, Тұрғын Әсел Муханбекқызы.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.