Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі


 

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  1. Бөлімнің негізгі бағыттары:
  2. Университеттің ғылым мен инновациялық қызметінің тиімділігін арттыру;
  3. Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының жұмыстарын жалғастыру;
  4. Жас ғалымдар кеңесінің, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, Кіші ғылым академиясының жұмыстарының жүзеге асуына ықпал жасау.
  5. Бөлiм келесi қызметтерді жүзеге асырады:
  6. Студенттер, магистранттар, докторанттар мен университеттiң профессор-оқытушы құрамын ғылыми зерттеу жұмыстарының әртүрлi формаларына тарту, қызықтыру.
  7. Әртүрлi ғылыми жобаларға, iргелi және қолданбалы ғылыми жобалардың байқауына қызметкерлердiң қатысуын ұйымдастыру.
  8. ҒЗЖ арналған құрама жұмыс жоспарын дайындау.
  9. Конференцияларды өткiзу туралы ұсынысты қарау және конференция жинағын шығаруға ат салысу және мәжiлiс, симпозиумдар мен барлық деңгейдегі семинарларды ұйымдастыру.
  10. Ғылыми конференциялардың тақырыптық жинақтары мен ғылыми еңбектерінің шығаруына көмектесу.
  11. Кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуын бақылауды iске асыру.
  12. ҚР Білім және ғылым министрлігінен Қазмемқызпудың Бірінші проректорына және басқарма бастығына келіп түскен хаттарға жауап беру;
  13. Халықаралық ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасау, ұсыныс енгізу және олардың жүзеге асыруын бақылау.
  14. Шетелдiк азаматтар, оның ішінде қазақ диаспорасының өкілдері мен оралмандарды  қабылдау жүйесін ұйымдастыру жүзеге асыру.
  15. Шетелдiк азаматтарының, білім алушылардың, тағылымнамадан өтіп жатқандардың төлқұжаттарын есепке алуы немесе білім және ғылым саласында  Қазмемқызпудың шет елге шығып оқып жатқан, тағылымнамадан өтіп жатқан студенттерінің есепке алынуын реттеу.
  16. Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының жұмысы туралы жылдық есептi дайындауға көмектесу.

 БӨЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

2.1. Білім және ғылымға байланысты республикалық, халықаралық келісімшарттарға отыруды жандандыру;

2.2. Білім және ғылымға қатысты Қазақстан Республикасының нормативті актілерін жүзеге асыру;

2.3. Университет ректорының бұйрықтарын жүзеге асыру;

2.4. Бірініші проректордың және басқарма бастығының тапсырмаларын орындау;

2.5. Жас ғалымдар кеңесінің жұмыс барысын қадағалау;

2.6. Кіші ғылым академиясының жұмысын жандандыру.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.