Біліктілікті жетілдіру орталығы туралы


 

Біліктілікті жетілдіру орталығы ректордың 02.09.2001 жылғы № 114 бұйрығының негізінде құрылды.

Негізгі мақсаты: Теориялық дайындықтарының нәтижесінде алынған кәсіби білім, білік пен дағдыны іс жүзінде қалыптастыру және бекіту, әрі білім берудегі озық тәжірибелерді үйренуге негіздеу.

Негізгі міндеті:

1. Университеттің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарын, оқыту семинарларын, тренингтер ұйымдастыру және өткізу.

2. Тестілеу және жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқыту портфолиосын кұру және оны білім беруде пайдалану.

3. Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында өзге білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық құру.

Біліктілікті жетілдіру орталығы мынандай оқытудың түрлерін қамтиды:

  •  Қысқа мерзімді – 36 сағат;
  • Орта мерзімді – 72 сағат.

Біліктілікті жетілдіру орталығы білім берудің деңгейлік жүйесінде педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мен шеберліктерін жетілдірумен айналысады.

Осы құрылған жылдан бастап біліктілікті жетілдіру орталығы көптеген курстар, семинарлар, тренингтер өткізді. ҚР Басқа Жоғарғы оқу орындарымен байланыста болып көптеген нәтижелерге қол жеткізді. БЖО орындарынан келген оқытушылар өз мамандықтары бойынша тағылымдамадан өтеді.

Осы жылдар аралығында көптеген сұранысқа ие курстар өтілуде. Мысалы: Білім берудің деңгейлік жүйесінде педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруда инновацияларды енгізу – үздіксіз кәсіби өсу мен дамуының негізгі шарты болып табылады.

Білім беруді модернизациялау үдерісінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында университеттің Біліктілігін жетілдіру орталығының ұйымдастырумен барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде және кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған біліктілікті жетілдіру, тәжірибе алмасуға арналған тағылымдамаға, курстарға оқытушылар қатысып, жетістіктері мен нәтижелерін білім беру үдерісінде тиімді қолдануда. Курсты сәтті бітірген барлық тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі куәліктер табысталады.

Біліктілікті жетілдіру орталығының директоры Несипбаев Алиби Сагимбекович 2017 жылдан бері атқарады.

Біліктілік жетілдіру орталығы ұжымында қазіргі уақытта мамандар Шойбекова Карлыгаш Аскаровна, Бекбулатова Жанерке Омархановна жұмыс атқаруда.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.