Зертхана туралы ақпарат


 

«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы туралы мәлімет

      «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жанындағы құрылым. Зертхана Елбасымыздың білім беру жүйесіндегі жаңашыл бастамаларына үн қоса отырып, Болон үдерісі бойынша Еліміздің еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде Отандық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге ат салысады. Қазіргі таңда «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес шағын комплектілі мектептердің білім мазмұнына негізделген, қосыша оқу құралдары, электрондық оқулықтар шығару көзделген. «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасының мақсаты: қазіргі қазақ мектебінің теориялық-әдістемелік мәселелерін зерттеу, оны оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

 

Құрылу тарихы

     «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы 2006 жылдың қаңтар айының 23 жұлдызында (Бұйрық №8 23.01.2006 ж.) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында ашылды. Зертхана 2012 жылдың қараша айынан бастап жұмысын қайта жандандырды.

 

Құрылымы

     Зертхана университеттің Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі бөлімнің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, п.ғ.д., доцент Г.А.Мұратбаеваның жетекшілігінде жұмыс істейді.

Зертханада көп жылдар бойы білім беру жүйесінде еңбек еткен тәжірибелі және білікті мамандар жұмыс атқарады:

Қылышпай Б.С. – п.ғ.м., зертхана меңгерушісі;

Нұрманова Г.Қ. – ғылыми қызметкер;

Джуманиязова Қ.Ж. – ғылыми қызметкер;

Таутенбаева А.Н. – кіші ғылыми қызметкер;

Ақанова А.Ғ. – кіші ғылыми қызметкер.

 

Зертхананың міндеттері:

Қазақ мектебінің моделін құру және әдістемелік мәселелерін зерттеу;

Оқу бағдарламаламасының талаптарына сай университетте болашақ педагог-психолог, бастауышты оқыту мамандарын даярлау жүйесіне қажетті қосымша оқу-әдістемелік, электрондық оқу құралдарын даярлау;

—Ұлттық мектеп мәселелеріне байланысты республикалық және халықаралық жобаларға қатысу

—Қазақ мектебінің білім беру үрдісін мультимедиялық қамтамасыз ету, электрондық білім беру ресурсын дайындау;

—Шетелдік ғылыми зерттеу орталықтарынан профессорлар шақыру және бірлесе зерттеу жұмыстарын жүргізу;

—Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің мәселелеріне байланысты пилотаждық зерттеулер жүргізу;

—Қазақ мектебі мәселелеріне байланысты халыаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу және материалдарын жариялау.

 

«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы келесі бағыттарда қызмет атақарады:

  • —«Мектептегі мұғалімге әдістемелік көмек»;
  • «Шағын жинақталған мектептің оқу және тәрбие үрдісі»;
  • «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылық».

Тақырыптарды зерттеу және оған қажетті материалдарды жинау үшін зертхана Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті кітапханасымен, Қазақ мемлекеттік ұлттық кітапханасымен, Қазақстан Республикасы ұлттық педагогикалық кітапханасымен тығыз байланыстар орнатқан.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.