Орталық туралы ақпарат


 

2012 жылдың 24 қазанда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ректорының бұйрығымен Көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылды. Орталықта арнайы жабдықталған мультимедиялық мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, қытай тілі, түрік және парсы тілдерінің кабинеттері ашылды.

Көптілді білім беруді дамыту орталығының атқаратын қызметі – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды және үш немесе одан да көп тілдерді еркін меңгерген көптілді тұлға мамандарды даярлау.

Басты мақсат: оқу үдерісіне үш тілде оқытудың инновациялық технологияларын енгізе отырып бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған көптілді білім беруді жүзеге асыру. Көптілді білім беру қағидаттары білім мен ғылымның негізгі қағидаттарына сәйкес студенттердің академиялық ұтқырлығының жетістіктері мен оның халықаралық еңбек нарығындағы тиімді бейімделуіне негізделе құрылады.

Қойылған мақсаттарға төменде көрсетілген міндеттерді жүзеге асырғанда ғана қол жеткізуге болады:

  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде көптілді орта жасау;
  • университетте үш тілді оқытуды енгізу;
  • ағылшын тілінде оқулықтар, оқу құралдарын жазу;
  • тілді үйренудің деңгейлік моделін енгізу;
  • білім беру бағдарламаларының құзыреттілік-тілдік моделдерін әзірлеу.

 

Орталық көптілді білім беруді енгізудің 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасын даярлап (Университет Ғылыми кеңес мәжілісі 31 қаңтар 2013жыл, №5 хаттама), көптілді білім беруді дамыту бағытында бірқатар іс-шараларын жүзеге асыруда:

– Көптілді білім беруді ұйымдастыру туралы ЕРЕЖЕСІ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының «Әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу» атты міндетінде көрсетілген білім алушылар мен ғылыми және педагогикалық қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын дамыту, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп қос дипломдық білім беру бағдарламаларын жетілдіру, әлемдік білім беру рейтінгілеріне ену, шетелдік серіктестер санын ұлғайту, халықаралық білім беру жобаларына қатысу шараларын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. (Университет Ғылыми кеңес мәжілісі 24 сәуір 2014жыл, №8 хаттама);

– университет кафедраларында, факультеттерінде көптілді білім беруді дамытудың әдістемелік жұмыстары мен білім бағдарламалары жасалынды;

– көптілді білім беру шеңберінде университеттің профессор-оқытушылар құрамы «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымнама, магистратура, PhD докторантураға оқуға түсіп, біліктіліктерін арттыруда. Мысалы, Практикалық шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Б.Матай мен 5В011900 –шет тілі: екі шет тілі мамандығын бітіруші Акажанова Айгерім КХР Ухан қаласындағы Хуажоң педагогикалық университетінің магистратурасына, Практикалық шетел тілдері кафедрасының оқытушысы Ә.Базылғаламова Ұлыбританияның Колчестер қаласында оқып жатыр, 2013-2014 оқу жылында Базалық негізгі және екінші шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Гүлшат Шайкенова, Перизат Ертаева және Жаратылыстану факультетінің География кафедрасының оқытушысы Г.Исебиева Түркия қаласының Нигде университетінде PhD докторантурада білім алуда;

  • Тілдік қабілеттері төмен студенттер мен университет оқытушыларына сабақтан тыс уақыттарда қосымша курстар ұйымдастырылды;
  • Университет студенттерінің ағылшын тілінен білім деңгейін анықтау мақсатында деңгейлік тест жүйелі жүргізіледі;
  • Оқытушылардың тілдік құзіреттілігін көтеру мақсатында Көптілді білім беруді дамыту орталығында дөңгелек үстелдер мен семинарлар, тренингтер өткізіліп тұрады:
  • Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры С.К.Әбдіғаппарованың «Тілдерді оқытуда европалық стандарттарды енгізу» атты тақырыпта семинар-тренингі (2013жыл 27 ақпан).
  • 45minut.kz республикалық басылымы өткізген «Жаңа білім-Жаңа ғасыр – Новый век-Новое образование – New age – New Education» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинары (2013 жыл 27 наурыз).
  • Көптілді білім беруді дамыту орталығына қарасты Қытай тілі орталығы және «Көрші» журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Білім және мәдениет саласындағы қарым-қатынастардың нығаюы» атты дөңгелек үстелі (2013 жыл 23 қазан).
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Көптілді білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау» атты семинар-тренингі (2014 жыл 24 қаңтар).
  • Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, қытайтанушы, қытай және қазақ тілін салғастыра зерттеу және қытайтану бағытындағы 100-ден аса еңбектің авторы Дәулетова Фатимабибі Ноғайқызы өткізген «Қытай тілі сабағында құзыретті-бағдарлы технологияларды қолдану жолдары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинары (2014 жыл 26 қараша).
  • Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (КИМЭП) лекторы Сара Николь Османның «Ағылшын тілін арнайы бағыттар бойынша оқыту әдістемесі» атты тәжірибелік семинар-тренингі (2014 жыл 19 желтоқсан).

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.