Заң бөлімі:

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Заң бөлімі құрылымдық бөлім ретінде 2011 жылғы 5 қазандағы университет ректорының №154 Бұйрығымен құрылды.

Бөлімнің негізгі бағыттары университеттің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау, ішкі нормативтік актілердің, шарттардың, қарсылықтар мен талап арыздар жобаларының сапасын арттыру, заңға сәйкестігін тексеру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістерді үнемі қадағалап отыру мен талдау жасау.

 

Бөлімнің атқаратын негізгі қызметтері:

  • құқықтық сұрақтар бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау;
  • ішкі нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу немесе басқа құрылымдық бөлімдермен бірігіп белгіленген актілерді дайындауға қатысу;
  • құқықтық сұрақтарды шешудің әдістемелік ұсыныстарын әзірлеу;
  • университет қызметінің барлық бағыттары бойынша азаматтық – құқықтық келісімдердің, шарттардың жобаларын әзірлеу;
  • университетпен жасалған әріптестіктер туралы келісімдер, шарттар, ынтымақтастық туралы келісімдерге құқықтық сараптама жасау;
  • әріптестік туралы келісімдер, шарттар жасасуға байланысты келіссөздерге қатысу және келіспеушіліктерге байланысты хаттамалар жасау;
  • құрылымдық бөлімдерге құқықтық көмек көрсету, сот өндірістеріне құжаттарды дайындау және беру, сотта өкілдік ету;
  • білім беру және кадр қызметін құқықтық реттеу;
  • университеттің қызметімен байланысты құқықтық сұрақтар бойынша университет қызметкерлері мен білім алушыларына кеңестер беру;
  • университеттің қызметіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарап, олар бойынша жауап әзірлеу;
  • университеттің құрылымдық бөлімдерін тарату, қайта құру, оларды тексеру, аттестация және біліктілік, Университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, еңбек даулары бойынша комиссиялар жұмыстарына қатысу;
  • ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізілуін қадағалау, сондай-ақ сол мәліметтермен университеттің құрылымдық бөлімдерін хабардар етіп отыру;
  • университеттің ішкі нормативтік актілерін тіркеу және сақтауды қамтамасыз ету.

Заң бөлімі өз жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, Университет Жарғысын, Заң бөлімі туралы ережені және университеттің ішкі актілерін негізге ала отырып жүзеге асырады.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.