«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университетінде» Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша сақтауға және тәжірибелік маңызы бар іс-қағаздары аяқталған құжаттарды сараптау, есепке алу, пайдалану, мемлекеттік сақтауға тапсыруға даярлау мақсатында мұрағат секторы қызмет етеді.

Қазақстан  Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына сәйкес, «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университеті» қызметі барысында пайда болған тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар және белгіленген тәртіппен Ұлттық архив қорының  құрамына енгізілген құжаттар Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігін құрайды, Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.

– Университет өз қызметі барысында жинақталған құжаттарды пайдалану, тәртіпке келтіру, сараптау, есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға өз уақытында тапсыруды жүзеге асырады.

– Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының сараптама тексеру комиссиясы және сараптама комиссиясының қарауына жеке құрам бойынша және тұрақты сақталатын істер тізімінің жылдық бөлімдерінің іс қағаздары аяқталғаннан кейін екі жылдан кем емес уақытта құрастырады және ұсынады.

–  Сақтауға қабылданған істердің толық сақталуын қамтамасыз етеді және есеп жүргізеді.

–  Мұрағатта сақталған құжаттарды ғылыми анықтамалық аппаратын жасайды, толықтырады және жетілдіреді, сәйкес мемлекеттік мұрағат мекемелерінің ғылыми анықтамалық аппаратымен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметкерлер мен басшыларын құжаттарды сақтау және мұрағат мәліметтерін беру бөлімдегі құжаттардың мазмұнымен таныстырады.

–  Құжаттарды сақтау және мұрағат мәліметтерін беру бөлімінде жұмыс жасау үшін, қызметте пайдалану мақсатында орнатылған тәртіппен істерді, құжаттарды және құжаттардың көшірмесін береді.

– Ұйымдардан келген сұраулар  мен азаматтардың еңбек өтілін анықтау туралы өтініштерін  және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы басқа сұрақтарды қарастырып орындайды.

– Қызметкерлердің іс қағаздар мен мұрағаттық қызмет бойынша біліктілігін арттыруға арналған іс шараларға қатысады.

– Мемлекеттік мекемеге сәйкес бекітілген үлгі бойынша құжаттардың құрамы мен көлемі туралы үш жылда бір рет мәлімет береді.

– Мемлекеттік мекемеге сәйкес бекітілген үлгімен ҚР Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын дайындайды және орындайды,  құжаттарды сақтайтын және мұрағат деректерін беретін бөлімде сақталған құжаттардың пайдаланылғаны туралы есеп жүргізеді, орнатылған тәртіппен істерді, құжаттарды және құжаттардың көшірмесін береді.

– Мұрағат қоймаларында сақталатын бағалы құжаттарға сараптама жүргізеді, өткізеді.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.