Бөлім туралы ақпарат


Әдістемелік бөлім университеттегі құрылымдық бөлімшелердің бірі және Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің қарамағына қарайды. Әдістемелік бөлім 5В010100, 6М010100, 6D010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 5В010600, 6М010600, 6D010600 – Музыкалық білім; 5В012300, 6М012300, 6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (бакалавриат, магистратура, докторантура); 6М012400, 6D012400 – Педагогикалық өлшемдер (магистратура, докторантура) мамандықтарына жетекшілік етеді.
РОӘК ОӘС-тің құрамына Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы 22 жоғары оқу орны тартылды.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, ҚР БжҒМ нұсқаулы-нормативтік құжаттарына, университет басшылығының бұйрық-жарлықтарына сәйкес білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • ұқсас мамандықтардың білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша РОӘК оқу-әдістемелік cекциясына кіретін жоғары оқу орындарының байланыстарын дамыту және қызметтерін үйлестіру, осы салада озық тәжірибені зерттеу және тарату;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелерінің (факультеттер, кафедралар) әдістемелік жұмыстарын кредиттік оқыту технологиясына сәйкес ұйымдастыру және үйлестіру;
  • оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша оқытушы-профессорлар құрамына кеңес беру;
  • факультеттер мен кафедраларда сапаны басқару жүйесінің талаптарын және ҚР МЖМБС (бағыттар және мамандықтар бойынша) талаптары мен нормаларын сақтауға бақылау жүргізу;
  • ОӘС мен РОӘК арқылы шығаруда пән оқулықтарының/оқу құралдарының қолжазбаларын рәсімдеу, ҚР БжҒМ және РОӘК грифін иемдену бойынша әдістемелік кеңес беру;
  • Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының Классификаторын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • халықаралық, аймақтық, қалалық ғылыми-әдістемелік байланыстарды нығайту, жандандыру, ауқымын кеңейту жұмыстарын жүргізу;
  • оқу-әдістемелік қорды дамыту және оның қызметін нығайту іс-шараларын жүргізу;
  • жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелеріне байланысты конференциялар, семинарлар, мәжілістер ұйымдастыру.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.