Балажанова Кымбат Магитаевна

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.

Білімі: Жоғары: «Музыкалық білім», «Психология»;

Еңбек өтілі – 15 жыл

2004-2014 ж.ж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ – аға оқытушы

2014 ж. – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу үрдісін ұйымдастыру қызметі, жоғары және жоғары оқу орнынан білім берудегі оқу үрдісінің мониторингі және бақылау бөлімінің жетекшісі лауазымы.  «Қазақ ұлттық өнер университеті»;

2016 ж. – Академиялық қызмет жөніндегі қызмет басшысы, «Қазақ ұлттық өнер университеті»;

2018 ж.  – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры.

Біліктілікті арттыру: Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бақылау: принциптері және технологиялары» халықаралық оқыту семинары, сертификат (НКАОКА), Астана қ. 2017 ж;

«Өрлеу» – біліктілікті арттыру ұлттық  орталығы, сертификат, Алматы қ. 2014 ж.

Марапаттаулар: С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің 2011 жылғы 23 қарашасындағы шешімімен университетке сіңірген зор еңбегі үшін С.Торайғыровтың Алтын медалімен марапатталды.

Қазақ ұлттық өнер университетінің Ғылыми кеңесінің 2018 жылғы 29 сәуірдегі шешімімен Университеттің мерейтойына орай «20 жылдық» медальімен марапатталды.

ҰБТ-ны аса жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін алғыс хат (С.Торайғыров атындағы ПМУ).

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.