Құрметті достар!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультеті деканының блогына қош келдіңіздер!

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті білім, мәдениет, өнер, экономика салаларына маман дайындайтын университеттің базалық факультеттерінің бірі болып табылады.

Факультетте тәжірибелі, ілгері, белсенді өмірлік ұстанымы бар оқытушылар мен ғалымдар қызмет етеді.

Факультет талантты студенттік жастар санымен көшбасшылық орынға ие болуда. Факультетте «Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламалары студенттерінің ең үздік жұмыстары қойылған Арт-галерея қызмет етеді. Сонымен қатар, білім алушыларға жан-жақты ашылуға көмегін тигізетін түрлі студенттік үйірмелер әрекет етеді.

Факультет бітірушілері ұлттық экономиканың түрлі салаларында жетістікпен еңбек етеді және бұл білім беру сапасын әрі қарай жетілдіру үшін бізге күш-қуат береді.

Бірінші курс студенттерін жеке атап өткім келеді. Сіздер, жаңа, қызықты, ересек өмірге қадам бастыңыздар. Қазіргі уақытта Сіздер өз болашағыңызды қалыптастырудасыздар. Өздеріңізге сенімді болыңыздар, тиянақты болыңыздар және алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер!

Факультет басшылығы білім алушылармен үнемі кері байланысқа ұмтылады және кез-келген прогрессивті идеяларды қолдауға дайын.

 

Бәріне сәттілік тілеймін!

Құрметпен, факультет деканы

Жамал Базылқызы Әшірбекова

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.