Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен мансап бөлімі университеттің кәсіби бағдар жұмыстарын үйлестіру, ЖОО дейінгі дайындық курсы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, академиялық күнтізбеге сәйкес ұйымдармен келісімшарттар негізінде білім алушылардың тәжірибенің барлық түрлерінен өтуді қамтамасыз ету, университеттің бітіруші түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қосымша білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстарды үйлестіру бағыттарында жұмыс атқаратын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 

 

Қазіргі таңда Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен мансап бөлімі төмендегі бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

–  Университет және оның мамандықтарын насихаттау мақсатында колледж, мектеп, лицей түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
– ЖОО дейінгі дайындық курсы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
– Білім алушылар іс тәжірибесінің барлық түрлерінен өтуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау.
– Университеттің бітіруші түлектерін тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
– Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша тыңдаушыларды қабылдау.

 

Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында:

– кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіріп, перспективалық және ағымдағы жұмысты жоспарлап және оны жүзеге асырады;
–  білім беру мекемелерімен және жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатады;ü талапкерлердің  кәсіби өзін-өзі тануы  бойынша  кеңес береді;
–  университеттің «Ашық есік күндерін» өткізеді;
–  университеттің ақпараттық, үлестірмелік материалдарын дайындайды;
–  Мектеп бітірушілерге арналған Халықаралық деңгейдегі «Ы. Алтынсарин» пәндік олимпиадасын ұйымдастырады және өткізеді;
–  Республика көлемінде мектеп оқушыларына, колледж студенттеріне кәсiби бағдар жұмыстарын жүргізеді.

 

Болашақ талапкерлерді  даярлау сапасын арттыру мақсатында:(Дайындық курсы) (Foundation)

–  міндетті пәндер бойынша білім деңгейін жетілдіреді;
–  таңдау және бейінді  пәндер бойынша білім деңгейін арттырады;
–  оқуға түсу емтихандары мен университеттегі оқу үдерісіне бейімдеу үшін педагогикалық және психологиялық көмек көрсетеді;
–  ағылшын тілін үйретеді;
–  тыңдаушылар үшін қолайлы жағдай жасайды. 

 

Кәсіби іс тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру және бақылау мақсатында:

–  мамандықтар бойынша іс-тәжірибенің барлық түрлерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
– білім алушылардың іс-тәжірибеден өтуі үшін гимназия, лицей, мектептермен, колледждермен, банктермен, аудандық және ауылдық әкімдіктермен, ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарттар жасасып, келісімге отырады;
–  кафедралармен бірлесіп, іс-тәжірибе күнделіктерімен қамтамасыз етеді;
–  тәжірибе бойынша қорытынды конференцияларды ұйымдастыруға қатысады;
–  университет бойынша тәжірибеден өту туралы бұйрық шығарады;
–  негізгі ұйымдардағы қызметкерлердің педагогикалық және өндірістік іс-тәжірибе кезіндегі  еңбек төлеміне байланысты  өтініштерді рәсімдейді;
–  Білім алушыларды іс-тәжірибеден өткізген мекеме қызметкерлеріне еңбек ақы  төлеу туралы бұйрық шығарады. 

 

Университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында:

Қызметтің негізгі мақсаты –  университет түлектерін жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін :

– университеттегі мамандықтар бойынша еңбек нарығының қажеттіліктеріне сараптама жасайды;
– университет мамандықтары бойынша жұмыс берушілер мен кәсіпорындардың  бос орындар бойынша дерекқорын қалыптастырады;
– университет түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметін ұйымдастырады;
– университет бітірушілерін жұмысқа орналасуына жәрдемдесу  үшін  жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыс берушілермен, әкімдіктермен, білім бөлімдері мен басқармаларымен,  түлектер қауымдастығымен, білім беру ұйымдарымен, жастардың қоғамдық ұйымдарымен, кәсіпорындармен байланыс орнатады;
– университеттің жұмыс берушілермен, кәсіпорындармен өзара тиімді қарым-қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді;
– талапкерлерді тарту мақсатында  университеттің имидждік-ойын-сауық іс-шараларын өткізеді. Бұқаралық іс-шаралар: бос орындар жәрмеңкесі, мансап күндерін  ұйымдастырады.    

 

Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша тыңдаушыларды қабылдау мақсатында:

– Өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты, оларға қойылатын талаптардың үнемі өсуін ескере отырып, қызметкерлердің,  мамандардың және білім алушылардың біліктілігін арттырады;

– Кәсіби білім мен дағдыларын жетілдіреді;

– Еңбек нарығындағы  өзгерістерге қарай қосымша білім беру арқылы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді. 

 

Қызметтің нормативтік негіздемесі:

– 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

– Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

– ҚР Үкіметінің 30 наурыздағы 2012 жылғы №390 қаулысы;

– 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің №122 бұйрығы;

– 2011 жылғы 30 желтоқсандағы «ҚР жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 554 бұйрығы;

– ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитет төрағасының 2012 жылғы 24 тамыздағы №821 бұйрығымен бекітілген Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жарғысы;

– Университеттің 2021 жылға дейінгі Даму стратегиясы;

– Университеттің 2012 жылғы 06 қыркүйектегі дайындық бөлімін ашу туралы  №112 бұйрығы.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.